400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Бейбіт күн жасасын, әлемде!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасымен ынтымақтастық іс- шарасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бейбіт күн жасасын, әлемде » отбасылық эстафеталық жарыс

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы тарихы мен Отан қорғаущылар күнімен байланыстыра отбасылар арасында эстафеталық жарыс ұйымдастыра отырып, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Отбасымен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, балаларды өз елдерін сүюге, шапшаңдық пен жылдамдыққа ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Жарыс өтетін орын түрлі- түсті шарлармен безендіріледі

Керекті құралдар: Доптар, шарлар, секіргіш , асық, бор, тақта, эмблема

Барысы: Сәлеметсіңдер ме, құрметті қонақтар, балабақша ұжымы, бүлдіршіндер

7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, «Бейбіт күн жасасын әлемде» отбасылық эстафеталық жарыс өтуіне байланысы, жарысымызды ашып беру үшін, сөз кезегін балабақша меңгерушісі Балия Темірханқызына береміз

Жүргізуші: «Бейбіт күн жасасын әлемде» эстафеталық жарысқа қатысушыларғы сәттілік тілей отырыпбүгінгі іс-шараны бастауға рұқсат етіңіздер

Күшіміздің төгілер, теріміздің

Ырысын тасытар жеріміздің,

Ол үшін жастарымыз келешекте,

Атағын асырар еліміздің- деп бүгінгі жарысымыздың бөлімдерімен таныс болайық

Кімдер күшті, кім алып,

Әділқазы көріңіз

Қара қылды қақ жарар,

Әділ баға беріңіз- дей отырып әділқазы алқасын сайлап алайық

1.Балабақша әдіскері –Мыңбаев Әселім Аянбекқызы

2.Тәрбиеші:Убишева Элеонора Болатқызы

3. Тәрбиеші: Мереева Арайлым Серікқалиқызы

Енді «Бейбіт күн жасасын әлемде» эстафеталық жарысқа қатысатын сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер




Жарыстарды озатын,

Бәрінен алда болатын

Болашақта бүгіннен,

Спортқа қол созатын-Бақытовтар отбасын қошеметпен ортаға шақырамыз


Кімдер ,күшті кім алып,

Күш сынасып бағалық

Доп тебісіп жүгіріп-

Қарсыласты жығатын- Сансызбаевтар отбасын қошеметпен ортаға шақырамыз


Құлпырған дала гүліндей

Жүресің ылғи күлімдеп

Сайыстарда ылғида

Жете бергін сүрінбей-


Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің жанұя

Көрінген күштің басынан- Қобылановтар отбасын қошеметпен ортаға шақырамыз


Жүргізуші:

Құлпырған еліміздің ұл- қызымыз,

Әзірге маңдайдағы құндызымыз,

Арасын жермен көктің жалғайтұғын

Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз- дей келе құрметті ойыншылыр, сіздерге жарыста шапшаңдық, тапқырлық, жақсы көңіл- күй тілейміз.

-Құрметті көрермендер, сіздерде отбасыларды демеп қолдау көрсетіп отырыңыздар

Қазір мына қоржыннан әр топтан біреуіңіз келіп, өз кезектеріңіздің нөмірін суырыңыздар. Кім бір саныны алса сол топ ойынды бірінші бастайды, арыс 3 турдан тұрады.


І тур Командалар сәлемдемесі, таныстыру және өз ұрандарын айтып эмблемаларын қорғау.

  1. «Жас қыран»қомандасы

  2. «Тасқала алға!» командасы

ІІ тур Отбасылық эстафеталық жарыс

ІІІ тур Қорытынды


Жүргізуші:

Кәне бір-бірімізді қостаймыз

Бүгінгі жарысымызды бастаймыз

«Жеңіске жетеміз»-деп

Жалынды ұран тастаймыз

Әр топ әділқазы алқасына таныстырып және өз ұрандарын айтып эмблемаларын қорғайды.





ІІ тур Отбасылық эстафеталық жарыс

-Құрметті сайскерлер бүгінгі отбасылық эстафеталық жарысымыз 4 бөлімнген тұарды.

1. Кім бірінші

2. Секіргіштер

3. Пикассо

4.Шариктерді судан алу орыны


Жүргізуші: Жарысымыздың бірінші бөлімі «Кім бірінші»

Шарты: Әкесі анасын арқалап жүріп, шашылған ойыншықтарды жинап мәреге жетіп, қайтарда ойыншықтарды орнына қойып келеді.

Отбасыларға сәттілік тілейміз!

Қалыспа дайындал ,алға!



Әділқазылардан отбасылардың ұпай санын көрсетуін сұраймыз.

Төменгі бал-3

Ортаңғы бал-4

Жоғары бал -5


Жарысымыздың екінші бөлімі «Секіргіштер» деп аталады.

Ойын шарты: Ойыншылар шеңбер бойына айнала тұрып, бірінің оң жақ иығына қолдарын қойып сол жақ аяқтарын алға қарай көтеріп, шеңберді бойлай музыка әуенімен секіріпжүреді.Қай ойыншы көтерген аяғын жерге түсіріп алса, сол ойыншылар ойыннан шығады.

Қалыспа, дайындал, алға!

Әділқазылардан отбасылардың ұпай санын көрсетуін сұраймыз.

Төменгі бал-3

Ортаңғы бал-4

Жоғары бал -5

Жарысымыздың 3 бөлімі «Пикассо»деп аталады.

Ойын шарты: Допты аяқтың ортасына салып кедергілерден өтіп, допты түсірмеуге тырысамыз, мәреге келгенде шарды жарып ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Тапсырмалар:

Әкесі оджимание 10 рет жасау керек

Анасы көзін жұмып сурет салу керек

Әкесі асықты атып алу

Анасы скакалкамен секіру 10 рет

Қалыспа, дайындал, алға!

Әділқазылардан отбасылардың ұпай санын көрсетуін сұраймыз.

Төменгі бал-3

Ортаңғы бал-4

Жоғары бал -5

Жарысымыздың 4 бөлімі «Шариктерді судан алу ойыны»бұл ойынның шарты : Маталы шеңбердің ішімен әкесі, анасы, баласы үшеуі жүріп мәреге жетіп, судағы шариктерді аузымен алу керек.




Қалыспа, дайындал, алға!

Әділқазылардан отбасылардың ұпай санын көрсетуін сұраймыз.

Төменгі бал-3

Ортаңғы бал-4

Жоғары бал -5


Жүргізуші:

Келді міне,отбасылар жарысуға

Жарысып бір- бірінен үлгі алуға,

Отбасының өнеріне осы ортада,

Береді әділқазы әділ баға- деп«Бейбіт күн жасасын әлемде» эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті, әділқазылар өз ойларын білдіру үшінсөз беріледі.


Жүргізуші:

Бірінші байлық денсаулық,

Әрдайым аялай біліңдер

Салауатты өмірде

Ұзақ ғұмыр кешіңдер-дей келе жарысқа қатысқан ата-аналарды,жарысқа әділ баға берген әділқазы мүшелеріне балабақша ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. Қош сау болыңыздар!































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
427
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі