400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бейбіт күн жасасын әлемде" ертеңгілік ортаңғы топ Мұратова Айзат Яхияқызы

Материал туралы қысқаша түсінік
9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бейбіт күн жасасын әлемде!»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды-ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: батырлар суреттері, шарлар, гүлдер, гүл шоғы, видеоролик

 Тәрбиеші: 9-мамыр Жеңіс күні-бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата-аналар,балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 74 жыл болса да,соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді.Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.


Көрініс: «21 июнь 1941 жыл» Жаздың жайма-шуақ күні, аяқ асты сұм соғыстың басталуы


Айғаным: Аз емес зар жылаған,егілген жан,

Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.

Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,

Қирады талай арман көңілге алған.


Нұрислам:Тоғызыншы мамырда,

Гүл қоям алау-қабырға!

Еске алып атамды.

Үн қосамын дабырға.


Хор: «Ақ кептерлер»


Нұрәли:Батырларға әр қалада

Ескерткіштер орнады.

Орындалды ел жаңара

Ардагерлер арманы


Мағжан:Болдырмауға соғысты

Тойлаймыз біз жеңісті.

Қалалар келіп қалпына

Құлпыра түсті жер үсті.

 

Айсәуле:Жеңіс деген-жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.


Хор: «Катюша» әні


Тәрбиеші: (Интерактивті тақтадан соғыс туралы көріністерді видеоролик арқылы тамашалау) Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т.б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі.Ерлікпен қаза тапқан ерлердің  ескерткіштерінде  бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған , ерлікпен қаза  тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына  құрметпен бас иеміз.


Айару:Достық бізге тым ыстық,

Бірлік-байлық, ырыс-құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса-жаса тыныштық. 


Би: «Орыс биі КАТЮША»

 

Тәрбиеші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,

Санамызға жарық берген.

Әкелері аталардың

Бұл Жеңісті алып келген.

Қуантамыз ән сап жұртты,

Келе берсін бақыт таңы.

Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары- деп келесі кезекте  «Ботақан» ортаңғы тобының ұлдарының орындауында  «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

 

Қарақат:Әлия, Мәншүк апамыз,

Бауыржандай атамыз.

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды


 Санжар:Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты-көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

 

Би: « Сарбаздар»


 

Хасан:Қосамыз біз өлеңге,

Айтамыз біз ән қылып.

Мәншүк әпке ерлігі,

Ұмытылмас мәңгілік.


Тамерлан:Халық легі куәсындай елдіктің,

Көптен бері осы күнді сағынған.

Ардагерлер осында отыр ерліктің,

Медалдарын, ордендерін тағынған.


Арсен:Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кеңге ашқан.

Тілегіміз-бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

 

Парасат:Біз-Отанның бақытты баласымыз,

Ертең-елдің қорғаны панасымыз.

 

Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтаныты. («Ден победы» әні жаймен қойылады )


Би: «Батырлар биі» «Ботақан» тобының бір топ балалары

 

Інжу:Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

Шайқалмасын шалқар көл!


Хор: Ескендір Ибраймовтың «Көк тудың желбірегені» әні.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
754
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі