400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейбіт өмір сыйлаған аталардың, Жаужүрек ел қорғайтын ұрпағымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
7-мамыр Отан қорғаушылар және 9-мамыр Жеңіс күні мерекесіне арналған сценарий.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Бейбіт өмір сыйлаған аталардың, Жаужүрек ел қорғайтын ұрпағымыз!»

Мақсаты: Балаларға 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесін сезіндіру. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды, жыл сайын Жеңіс күнінің мерейлі мереке екенін, балаларды Отан қорғауға, Ұлы Отан соғысының батырларының ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін жаудан қорғай білуге,елінің патриоты болуға тәрбиелеу.


Тәрбиеші:

Құрметті біздің кішкентай ұландар, ұстаз ағайлар сіздерді келе жатқан Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір, ашық аспан тілейміз! Барлығыңыз мектепалды даярлық тобының дайындаған «Бейбіт өмір сыйлаған аталардың , Жаужүрек ел қорғайтын ұрпағымыз! » ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Диана:

Қазақ деген пейілі кең, бай халық,

Толды арманы егеменге айналып.

Бейбітшілік қорғанындай сенімді,

Сарбаздары сап түзеді сайланып.

Әсел:

Достарым түсініңдер сөздің нарқын

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын

Мейірбек:

Туған жер алтын таң

Кең далам таулы орман

Ұл мен қыз қорғаймыз

Бақытты ұлы Отан

Барлығы бірге:

Біз Отанның ұланымыз

Біз Отанның қыранымыз

Мәди.Т:

Жас ұландар, жас қырандар

Еркін елдің түлегіміз

Көркейе бер, гүл еліме

Сен деп соққан жүрегіме

Ахат:

Мен сенің бастау бұлағың

Өзіңе шашу бұл әнім

Сап түзеп шықты нық басып

Қырандай берік ұланың



Мәди.Қ:

Батыр болған бабалары

Ел бастаған даналары

Байтақ жерге жау тигізбес

Сап түзеді сарбаздары

Тәрбиеші:

Осындай тыныш заманда , достастығы берік , татулығы мызғымас бейбіт өмір сүріп жатқан, «Біз бақыттымыз»-(барлығы бірге)

Тәрбиеші:

Келесі орындалатын ән: «Достық жайлы ән» (барлығы бірге)

Нұрислам:

Сен маған жұмақ бағысың

Бар әлем сені танысын

Ант берем мәңгі қорғауға,

Алаштың арын, намысын

Дамир:

Қырандай түлеп ұшқан арманымыз,

Біз бүгін өркен елдің сарбазымыз.

Ант алып ар алдында сапқа тұрып,

Қорғаймыз туған жердің ар-намысын.

Ибраһим:

Армиямыз айбынды,

Армиямыз қыранды.

Күзетеді ай нұрлы

Күн сәулелі Отанды

Қайнар:

Көк байрақ арайлаған нұр таңымыз,

Жігіттің сынға түскен сұлтанымыз.

Дұшпанға қатал болған досқа берік

Жаужүрек Бауыржанның ұрпағымыз!

Нұрай:

Алға бас, қарышта, жас ұлан

Қанаты талмайтын, жас қыран

Жастықтың жігері бойында

Өзендей күші бар тасыған

Мөлдір:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты.

Ортада биші ұлдар би билейді,

Халайық қол соғыңыз мархабатты.


Біздің болашақ Отан қорғаушыларымыздың орындауында «Сарбаздар биі» қабыл алыңыздар! Билейтіндер: Асылбек, Ахат, Дамир, Қайнар, Ибраһим

Тәрбиеші:Біздің қыздарда бағанадан босқа отырған жоқ, сіздерге арнап өлең, билерін ала келіпті

Альбина:

Табаны жерге тимейді

Біздің қыздар ғажап билейді

Би сұлулық, әсемдік

Сымбаттылық бұл дейді


Қыздарымыздың орындауында «Ақ көгершін» биі

Лунара:

Нұр шашады алтын күн

Отанымда мереке

Қона берсін еліме

Бақыт,шаттық, береке

Айша Нург:

Қызмет етіп Отанға

Бола білсең нағыз ер

Мақтан тұтар ерлерді

Туған елің, туған жерің

Тәрбиеші:

Алдағы келе жатқан тағы бір мерекеміз Жеңіс күнін айтпай кетуге болмайды. Жеңіс күнді адамзат аңсап күткен, қастерлі күн! Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қазақтың қос шынары Әлия мен Мәншүк апаларымыз, Бауыржан, Рақымжан,Талғат аталарымыз ерлік көрсеткен. Біз оларды ешқашан «ұмытпаймыз»( барлығымыз бірге )

Айша Нурсейт:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі көп балаға

Құндыз:

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Әлия аты көңілде

Әпкеміз деп жүреді

Әсел. А:

Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,

Қолында шәкірттінің болашағы

Өмірді алға қарай өрлететін ,

Сіздер ғой Ұлы Отанның болашағы!


Мадина:

Жеңіс күнін қарсы алайық бәріміз

Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз

Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған

Ардагерлер, ағаларға мың алғыс


Асылбек:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігерленген құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы


Саида:

Бақыт сыйлап жатады әр күн

Санамызға жарық берген

Әкелері аталардың

Бұл жеңісті алып келген


Тәрбиеші:

Қыздарымыздың Отан қорғаушыларымызға арнаған сыйлықтары бар. (қыздар сыйлықтарын береді)

Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Әрқашан күн сөнбесін» әні (барлығы бірге).


Тәрбиеші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды.

Мезгілде біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды

Атамекен әні қосылып тұрады. Балалар туларын жоғары көтеріп келген қонақтарды шығарып салады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 қазан
355
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі