400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Бейбітшілік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға көмек мақсатында жазылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейбітшілік Picture 3









Таң атты. Шыр-шыр еткен торғайлардың әсем даусынан оянып кеттім. Көк аспанда жарқырап сәулесін төккен күн күлімдеп, мені жылы құшағына шақырғандай болды. Сыртқа шығып, кең байтақ елімнің лебімен тыныстап, шайдай ашық аспанға ұзақ қарап тұрдым. Тыныштық... Бейнебір адамзат әлемінен өзге бір ертегідей әлемге сапар шеккендей әсердемін. О, туған жер! Сен осынша адам ойының ең ұшқыр қиялындай шексіз болармысың! Осы мезетте жүрегімнің түкпірінен бір жылылық сезілді. Жоқ, бұл енді күн құшағының жылуы емес, туған жерге деген махаббат пен зор мақтаныштың жылуы еді. Себебі, мен ешкімнен және ештеңеден қаймықпастан Отанымның сұлу табиғатының құшағына бөленіп, Жер-Анаға еркелей аламын. Міне, қараңызшы, айнала тыныштық... Осы бір тыныштықты бұзар ел арасындағы айқай мен шу да, соғыстың зарлы үні де, адамзаттың қайғылы мұңы да естілмейді. «Аллаға тәубе!» - дедім. Мұндай бейбіт өмір барша адамның пешенесіне жазылды ма екен? Мен олай ойламаймын. Өйткені әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Соғыстың қара жамылғысын жамылып, атқан таңы қараңғы түнмен тең болып, өз туған жерінің ыстық құшағына бөлене алмай, қара түнектің суығына тоңып жүрген ел қаншама?! Мұндайды көріп қалай мұңаймассың! Ең өкініштісі, зұлымдық пен қайғы-қасіреттің жаршысы мен бастаушысы ертегідегідей қара дүлей күш иесі емес, өзіміздей адамзат баласы. Кейде бар даусыммен «Өтінемін, тоқтатыңдар!» - деп айқай салғым келеді. Амал қанша, менің даусымның жаңғырығы да оларға естілмейді. Қолдан келетін бір-ақ нәрсе - туған елімнің басына қонған бақ құсын ұшырып алмау! Ол - бейбіт, тыныш өмір. Шынында да, халқымыздың маңдайына біткен бағы да, көзінің қарашығындай қорғаштауға тиіс басты жетістігі де, ту етіп ұстар ұлы құндылығы да тәуелсіздік емес пе? Осындай мамыражай, «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» кезеңде өмір сүруіміз, берекелi бiрлiгiмiз елбасымыздың ақылы мен парасаттылығының арқасы деген ой түйдім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
724
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі