400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейбітшілік-адамзаттың асыл құндылықтарының бірі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейбітшілік-адамзаттың асыл құндылықтарының бірі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейбітшілік-адамзаттың асыл құндылықтарының бірі

Сан ғасырлық соқпақты жолдан аман өткен еліміз тәуелсіз мемлекет атанғалы жеткен жетістіктеріміз еселеп артып, қарқынды дамып келеді. Тәуелсіздік кезеңінде еліміз заманға сай үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, күллі әлемді таңдандырып, абыройы асқақтап келе жатқандығы баршамызға аян. Оған, әрине, халқымыздың бекем бірлігі мен көреген Көшбасшымыздың арқасында қол жеткізіп келеміз.
Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат небір сұрапыл соғыстардан көз ашпаған. Қаншама елдер соғыс зардабынан құлдырап, азып тозды. Талай жазықсыз жандар сол зұлматтың зардабын шекті. Мұның барлығы бейбітшілік кеткен жерді берекесіздік жайлайтындығын тайға таңба басқандай етіп анық көрсетуде. Қазақ халқы да тағдырдың талай қатал сынын басынан кешті. Соғыстар, көтерілістер, оған қалды ашаршылықтар, мұның бәрі халықтың азып-тозуына әкеп соқты. Әйтседе, “мың өліп, мың тірілген” бабаларымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарудың нәтижесінде бүгінгі бейбіт аспанға қол жеткізді. Жалпы бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені тарихтан белгілі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар дейді» біздің дана халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз бейбітшіліктің жақтаушысына айналды.Сонымен қатар, Қазақ даласына ажал уын сепкен ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан Қазақ елі екенін айтпасқа болмас. 1991 жылдың 29 тамызында Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойғаннан кейін жарты ғасырға жуық елімізді қасіретке батырған ядролық қарудың сыналуына түбегейлі нүкте қойылған еді. Елбасымыздың осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүниежүзінен оң бағасын алды. Өйткені, бұл жаппай қырып-жою қаруын таратпау және ядролық қаруды қолдануға қарсы күрес саясатының алғышарты еді. Жалпы, жарты мыңға жуық сынақ жасалған полигонның жабу және ядролық қарусыздандыру идеясымен әлем жұртшылығын бейбітшілікке шақырған Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімінің арқасында 29 тамыз «Халықаралық ядролық сынаққа қарсы күрес күні» болып жарияланды.

Қорытындылай келсем, өнеге болар даңғылды өзгеден іздемей,  өзінше сара жол салған Қазақстанның жолы – бақытқа бастар тура жол!  Ұраны ұлттар достығын ұлықтаған, «Мәңгілік Елге» бағыт алған Қазақстан  бейбіт өмірдің берекесін тасытуда. Татулығы берік, тұтастығы тау қопарар, бір шаңырақтың астында шаттығы тасыған Қазақ елі, жасай бер!    



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 желтоқсан
112
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі