жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бейбітшілік пен тұрақтылық-Қазақстан таңдауы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№
1 АЛМАТЫ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ – ПЕДАГОГТІК
КОЛЛЕДЖ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бейбітшілік пен тұрақтылық – Қазақстан таңдауы
Топ: 121
Топ кураторы: Байтөреева Ж.Ш.
Алматы 2020
Тақырыбы: Бейбітшілік пен тұрақтылық – Қазақстан таңдауы
Тәрбие сағатының мақсаты:
-
Тәуелсіз Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстанадық модулі, Қазақстан президентінің бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саласындағы саясаты туралы түсінік беру.
-
Оқулық мәтінімен қосымша мәліметтерді пайдалану,ізденіп оқу, ғаламдық проблемаларды шеше алу, өз ойларын айту.
-
Ұлтаралық достық қарым қатынасты сақтауға, конфессиялармен мәдениеттер диалогын құруға, дін саласындағы тұрақты мемлекеттік саясат ұстана білуге үйретуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға, тәрбиелеу
Көрнекілігі:
-
Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстар туралы материал
-
Н. Ә. Назарбаев Сындарлы он жыл. А, Атамұра 2003
-
Видео материалдар
Сабақтың барысы:
-
Ән ұран орындалады
-

Видеоролик «Қазақтан – көп ұлттар мекені»
Куратор сөзі:
Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатының басты мәселесінің бірі
Ұлтар арасындағы бейбітшілік пен тұрақтылық: Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кеңбайтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiратаның баласындай ырыс пен ынтымақтаөмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзгеайғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiргетұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылыпөмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздыңдана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30 -дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. ОларҚазақстан халқы ассамблеясың үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету.
2.Ұлтаралық және дінаралық келісімнің Қазақстандық моделі
1.Қызығушылығын ояту.
Бейбітшілік, тұрақтылық сөздерін естігенде ойларыңа не түседі?
II.Мағынаны тану.
«3 жақты күнделік»
Бейбітшілік пен тұрақтылықта......
|
Не маңызды? |
Неге? |
Сұрақ |
|
|
|
|

«Ақпарат айдары»
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі.
Кейбір деректерге қарағанда, әлемде 256 ұлт бар екен. Ресми мәліметке сенсек, соның 130 дан астамы Қазақстанда тату-тәтті өмір сүріп, тіршілік кешіп жатыр.
Міне, осыншама ұлт пен ұлыстың тілін тауып, бірлік пен ынтымақта ұстап отырған бүгінгі билік ұлтаралық татулық пен бірлікті басым саясатының бірі ретінде ұзақ жылдардан бері ұстанып келеді.
Қазақстандағы барша ұлттар мен ұлыстарды Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!
«Мен жырлаймын» білім алушылар ұлттар достастығы туралы өлеңдерін жолдайды.
1-білім алушы
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы
күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын,
Татулығын жырға қосам ұлттардың
Мақтан қылы пұлыстардың бірлігін.

2-білім
алушы
Достық тапса діндер менен ділімді
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі,
Бір туғандай ұлтар алық келісім
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
3-білім
алушы
Серт берісіп туы сболып қалуға
Нәубеттерден аман жеттік дамуға,
Байтақ елдің биік ұстап байрағын
Біздің достық мәңгі болып қалуда.
4-білім
алушы
Тіл ібөлек болғанымен тілек бір
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл,
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ
Шайқалмастан шаттығымыз тірептұр.
5-білім
алушы
Қуаныштан желпілдейді
түндігім
Бар халықтың бірлік тойы күн бүгін,
Халқым мәңгі ғұмыр кешсін бақытты,
Бір тамырмен байлап қойған кіндігін!

Қорытынды:
Топ куратор сөзі: Білім алушылар менде күннің дөңгелек бейнесі бар, бірақ оның сәулесі жоқ. Барлығымыз өз қолымыздан бір күн сәулесін жасап және оған бір бірімізге ұқсамайтын «бейбітшілік пен тұрақтылықтың құпиясы» туралы бүгінгі тәрбие сағатымыздан түйген ойларыңды бір сөзбен сипаттаңдар.
-
Білім алушылар күн сәулесіне берілген тапсырма бойынша сөз жазады.
Құрметті білім алушылар сонымен бейбітшілік пен тұрақтылықтың құпиясы – ол бірлікте. Бірлігіміз жарасқан мәңгілік ел болайық, ал сол мәңгілік елдің бақытты ұрпағы мына біздер мен сіздер және келешек жастар. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға рахмет сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген