400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Бейімделген бағдарлама

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы бейімделген бағдарламаға арналған перспективалық жоспар 32- сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсініктеме

Өзектілігі: Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Елімізді - 2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса қажет. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тәрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа әсер етеді. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді. Олай болса, біздің басты міндетіміз жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мәдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Еңбек пен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімділікпен қоса кәсіби дарын, іздемпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету. Бүгінгі шәкірттерді, еңбекқор, жан-жақты икемділік қабілеттері жетілген азамат етіп, шығармашылыққа тарта отырып, он саусағынан өнері тамған баланы тәрбиелеу.Балаларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

Мақсаты: Балаларға еңбекқор адаммен жалқау адамның жолдас бола алмайтындығын түсіндіре отырып, өнерге деген қызығушылығын, өз өнерін бағалай білуге баулу. Еңбек құралдарын пайдалана білу мен ойлау қабілетін қалыптастыруға, әр түрлі материалдарды пайдалану арқылы байқағыштығын, шығармашылық қабілетін, қиялын, қол ептілігін дамыту. Еңбек мәдениетін сақтауға, адам еңбегін құрметтеуге, батылдыққа, еңбексүйгіштік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

















Мектепалды даярлық «Жауқазын» тобының «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Шебердің қолы көпке ортақ» бейімделген бағдарламасының тақырыптық жоспары

№

Тақырыбы


Мақсаты

1

«Біз де шебер боламыз»

Балалардың қолөнерге деген қызығушылықтарын арттыру, бойларындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылыққа, өзгелердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу

2

«Шебердің қолы көпке ортақ»

Балалардың әр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып, жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру. Қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту және ұлттық тәлім-тәрбиені бойына сіңіру, өнер саласындағы басылымдарды насихаттау. Өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту

3

Қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеу.

Қағаздың шығу тарихынан шағын мәлімет беру. Қағаз шығаратын фабрикаға сырттай саяхат ( интернет желісі мен интерактивті тақтаны пайдалану)

4

Мозаика «Көңілді өрнек»

Балаларға ұсақ бөліктерден белгілі бір бейнені құрап шығуға, шыдамдылыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.

5

Оригами «Кішкентай сөмке»

Балаларға қосымша құралдардың көмегінсіз, тек қағазды түрлі бүктеу әдістерін үйрете отырып, сөмке, жейде, көйлек жасауға дағдыландыру.

6

«Жемістер» аппликациясын жасау

Түрлі- түсті қағаздардан көлемді жемістер түрін жасауға дағдыландыру.Композицияны көлеміне қарай дұрыс қия білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

7

Матамен жұмыс.Матаның түрлері.

Балаларды матаның түрлерімен таныстыру. Матамен жұмыс жасау барысында қажетті қауіпсіздік ережелерін естеріне салу.

8

Тігінші мамандығымен таныстыру

Балаларға тігінші мамандығының сан қырлы жақтарын ашып айту, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

9

Түйме тігу. Жаттығу, машықтану

Балаларға түйме тігуді жаттықтыру, машықтандыру.Инемен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін дұрыс сақтай білулерін қадағалау.

10

Қуыршақты киіндір «Көйлек»

Өздерінің қуыршақтарына көйлекті пішіп тігу арқылы, тігінші мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

11

«Жастықша» жұмсақ ине қадағыш тігу және дайындау технологиясы

Түрлі жұмсақ ине қадағыштар жасаудың технологияларын үйрету.Иненің қауіпті құрал екендігін түсіндіру.Жинақылыққа тәрбиелеу.

12

Маталардан жапсырма. «Колобок-кішкене дөңгелек нан»

Балаларға маталардың әртүрлі екекндігін көрсете отырып, ертегі кейіпкері бауырсақты матадан қиып алып, қатты кағазға жапсыруды үйрету.Кейіпкерлердің шынайы бейнесін жасай білуге тәрбиелеу.

13

Мүсінші –мүсін өнерінің маманы.

Мүсін өнері- мүсінді жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері екендігін түсіндіру.Мүсін жасауда қолданылатын қажетті құрал- жабдықтармен таныстыру.

14

Үлгіге қарап адамдарды, жануарларды мүсіндеу (ермексазбен)

Үлгіге қарай отырып, адамдардың жануарлардың шынайы бет бейнесін бейнелей білуге үйрету.Ұқыпты таза жұмыс жасауға дағдыландыру.

15

«Ағаштағы алма» ермексазбен бастырма жасау (үлгі бойынша)

Алдын ала дайындалған суреттің бетіне түссіз пластмасса құралды қоя отырып, ермексазбен алманың бастырып бейнесін шығару. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

16

Тұздалған қамырдан жасалған сыйлықтар мен ойыншықтар

Алдын- ала дайындалған тұзды қамырдан әртүрлі пішіндердегі сыйлықтар мен ойыншықтар дайындауға үйрету. Жұмыс жасау барысында, өзгелерге кедергі келтірмей, ұқыпты, таза жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.

17

Гүлдерді мүсіндеу

Балаларға тірі табиғаттың әсемдігін сезіне отырып, гүлдерді көркем түрде мүсіндеуге үйрету. Қоршаған ортаға зиян келтірмеу керектігі туралы жөнінде түсіндіру.

18

Балалардың өз ойлары бойынша мүсіндеу

Мүсін өнері туралы алған білімдерін пысықтай келе, еркін тақырыпта балаларға жұмыс жасату. Жұмыс жасау барысынды қауіпсіздік техникасын ұстануларын қадағалау. Әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

19

Тоқыма материалдармен жұмыс. Тоқылған заттар көрмесі.

Балаларға тоқыма материалдарымен таныстыру. Тоқылған заттар көрмесін жасай отырып, тоқыма өнеріне деген қызығушылықтарын ояту.

20

Жіптердің әр түрлілігі туралы әңгіме

Балаларға жіптердің әртүрлілілігі жөнінде әңгімелеу, жіптің неден дайындалатындығын түсіндіру.

21

Үзілген жіптерден бастырма жасау

Алдын ала дайындалған суреттерді, жіп қиындыларынан бастырма әдісі арқылы дайындауға үйрету. Ұқыпты, таза жұмыс жасауға дағдыландыру.

22

 Кепкен жапырақтардан, гүлдерден гербарий жасау

Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін одан әрі дамыту.

23

Табиғи материалдардан жануарлардың мүсінін жасау (емен жаңғағы)

Емен жаңғағынан жануарлардың мүсінін қосымша материалдарды бекіту арқылыбейнесін жасай білуге үйрету.

24

Мозаика (ұсақ тастардан, дәндерден, ермексаздан, жапырақтар)

Балаларға табиғи заттардан композиция құрауды үйрету. Ұсақ тастардан, дәндерден, ермексаздан, жапырақтардан мозаика жасау арқылы бойлардың бойындағы шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамыту.

25

Сіріңке қорабынан поезд вагондары мен поровозын жасау

Сіріңке қорабынан поезд вагондары мен поровозын жасата отырып, қажетсіз деген заттардан пайдалы заттар жасауға болатындығын түсіндіру.

26

 Сіріңке қорабы мен пластмасса құтыдан өз ойларынан бұйымдар жасау

Балаларға дәстүрден тыс заттардан жасалған коипозицияларды көрсете отырып, өз ойларынан жаңа туынды шығарып жасауларына көмектесу. Жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын ұстануларын қадағалау. Басқалардың жұмысына құрметпен қарауға үйрету.

27

Пластмасса құтыдан қалақша жасау

Тәрбиешінің көмегімен пластмасса құтыдан қалақша жасауға үйрету.

28

Дәстүрден тыс сурет салу әдістерімен таныстыру

Балаларды дәстүрден тыс сурет салу әдістерімен таныстыра отырып, сурет салуға деген қызығушылықтарын ояту.

29

«Сия тамшысы» 
графикасы

«Сия тамшысы» әдісімен балаларды таныстыру. Қара және түрлі-түсті «сия тамшысын» түсіре білуге үйрету көзделеді. Балаларды сия тамшысына қарап одан қандай бейне, зат немесе жеке бөлшектер көргенін ажырата білуге дағдыландыру, балалардың қиялы мен ойлау қызметінің дамуыту

30

Тұзды суретті пипеткамен бояу

Дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ұсақ қол моторикасын дамыту.

31

Губкамен сурет салу

Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыру. Губкамен сурет салуда ұқыптылықпен, төзімділікке тәрбиелеу

32

Жасалған жұмыстардан қорытынды көрме

Балалардың өздері жасаған жұмыстарынан қорытынды көрме ұйымдастыру,



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
24 қазан
2709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі