Материалдар / Бейімделу кезіндегі ата-ананың қолдауының маңызы

Бейімделу кезіндегі ата-ананың қолдауының маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
1 және 5 сыныптарға бейімделу кезеңінен өтудегі ата-ана қолдауының маңызы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2020
292
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі ұйымдардан кейін ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған балалар мен бастауыш сыныптан орта буынға өткен әр баланың бойында психологиялық жағынан өсіп-жетілуі мен орта мен жаңа жағдайларға бейімделуі азға мен психикаға айтарлықтай өзгерістер әкеледі. Осы бейімделу кезіндегі қиындықтардан сүрінбей өту және баланың бойына кері әсерін тигізбеуі жолында ата-ана қолдауы мен білікті мамандардың кеңестері көмектеседі. Енді бейімделу кезінде болатын өзгерістерге тоқтала кетсек:

1. Оқыту шарттарының өзгеруі.

1 қыркүйекте мектепке келген бесінші сынып оқушысы үшін көптеген заттар жаңа болып көрінеді. Сондықтан бейімделу қажеттілігі туындайды. Мұндай жағдайда бала қандай қиындықтарға тап болады?

Бастауыш мектеппен салыстырғанда бесінші сыныпта оқыту шарттары түбегейлі өзгереді:

1. Балалар негізгі бір мұғалімнен сынып жетекшісі мен пән мұғалімдеріне ауысады, жаңа мұғалімдер әр баланың ерекшеліктері мен оқу мүмкіндіктерін әлі біле қоймайды;

2. Сабақтар әр кабинеттерде өткізіледі;

3. Кейбір балалар басқа мектептерден ауысып келді немесе басқа қалалардан келді, яғни ұйым ортасын ауыстырды;

4. 5 сыныпта оқу жүктемесі қосылды. Зерттеу бойынша оқушылар бесінші сыныпта оқудың басында бірінші сыныпта оқығандай сипаттағы жаңа оқу жағдайларына бейімделу кезеңін бастан кешеді. Нәтижесінде оқушының психикасына жүктеу артылады. Сондықтан бір балалар сезімтал, мазасыз, біреулері керісінше еркін, тынымсыз болады. Олардың еңбекке қабілеті төмендеп, ұмытшақ, салғырт болуы мүмкін. Кейде ұйқысы мен тәбеті бұзылады.
Осындай жүйелі ауытқулар оқушылардың 70 - 80% тән. Көбінде осындай ауытқулар бірыңғай сипатта болады және оқу басындағы 2 - 4 аптадан кейін жойылады. Бірақ кейбір балаларда бейімделу кезеңі бірнеше айларға созылуы мүмкін.

2. Үй жұмысын орындау туралы мәселе.

Неліктен бесінші сыныпта үй жұмысын орындау мәселесі қиындайды?
Біріншіден, балалардың әр мұғалімдермен оқытыла бастауы себеп болады. Әр пәннің үй жұмысын дайындаудағы өз ерекше талаптары бар. Егер оқушы оларды білмесе, егер оларды игере алмаса, ол үлкен қиындықтарға тап болып, оқу нәтижелеріне, оның физикалық және эмоционалдық күйлеріне де ықпал етеді.

Екіншіден, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасы жағдайы өзгереді.
Бастауыш сыныпта бала бір мұғаліммен қарым - қатынасқа қабілеттенсе, енді орта буында оқуда көптеген ересектермен қатынасқа түсетін болғандықтан, оның міндеттері қиындай түседі. Ол қатынас ылғи да және бірден жағымды бола бермейді: бала мұғалімге артық сұрақ қоюдан қорқады, түсінбеген сұрақтарын, параграфтарын, тақырыптарын жасырып қалады. Осының бәрі үлгерімнің күрт төмендеуіне әкеледі.

Үшіншіден, бастауыш сыныпқа қарағанда үй жұмысының мазмұны да өзгереді. Бастауыш сыныпта көбінесе оқушылардың жазу, оқу, санау дағдыларын дамытуға (қайталауға) бағытталған, 5 сыныпта үй тапсырмалары пайымдау, талдау, өз бетімен қорытындыға келу қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Ойлауға өз миларымен жұмыс істеу — жақсы ұйымдастырылған ұй жұмысы осыған үйретеді.

Үй тапсырмасындағы ең қарапайымы – ол өткен материалды сөзбе сөз қайталау болып келеді.

3. Мектеп өміріндегі қиындықтар.

Кіші жасөспірімнің сәтті бейімделуі оның интеллектік дайндығына ғана емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен қаншалықты қарым - қатынасқа түсе алатынына, мектеп ережелерін ұстана алуына, жаңа жағдайларда бағыттала алуына да байланысты. Сондықтан балалардың мектеп өміріндегі қиындықтарға келесілерді белгілеуге болады.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ