400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейметалдар мен металдар тарауын қорытындылау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Бейметалдар мен металдар тарауын қорытындылау

Жалпы мақсаттар: 

Бейметалдар мен металдар туралы ақпарат беру.

Бейметалдар мен металдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуге үйрету.Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтижесі:

Бейметалдар мен металдар таралуы туралы білетін болады. Бейметалдар мен металдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуді үйренеді. Топта еркін жұмыс жасай алады

Сабақтың әдісі : Білімді бекіту сабағы .

Сабақтың түрі: Қайталау, қорытындылау сабағы .

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелік парақтар, интерактивті тақта

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару, топқа бөлу (2-3 минут)

Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 2-топқа  бөліп топтастыру.

(Металдан жасалған ракетаның суреті мен бейметалдардан йодтың суреті)            

1-топ: «Металдар» тобы: Ұраны: «Білімді мыңды жығады»

2-топ: «Бейметалдар» тобы: Ұраны: «Білімдінің күні жарық»

Сабақтың жоспары:

1.Кім жылдам? кезеңі

2.«Ең...ең...ең...» кезеңі

3.«Есептер шығарайық» кезеңі

4.Шығармашылық ізденіс.

5.Сергіту сәті, ойлан, тап.

6.Химиялық диктант

7.«Викториналық сұрақтар» кезеңі

8.Бағалау

9.Үйге тапсырма

Біз бүгін химия пәнінен 9-сынып оқушылары арасында «Бейметалдар» және «Металдар» тараулары бойынша білім жарысын бастағалы отырмыз.

1.«Кім жылдам?»  кезеңі

Бұл кезеңде екі топтан бір-бірден екі оқушы ортаға шығады. Алтын сандықтағы элементтерден «Бейметалдар» тобы бір бейметалды, «Металдар» тобы бір металды таңдап алады. Сол элементке периодтық жүйедегі орыны бойынша сипаттама береді.

Кесте толтыру

№




1

Таңбасы



2

Периоды



3

Қатары



4

Тобы, топшасы



5

Реттік нөмірі



6

Атомдық массасы



7

Электрондық формуласы



8

Графиктік формуласы



2.«Ең... ең... ең...»  жарыс кезеңі

Бұл кезеңде берілген 10 сұраққа екі топ та алдарында тұрған геометрялық фигураларға жазылған жауаптарды жоғары көтеріп жауап береді: (1 сұраққа бір баладан қойылады)

«Металдар» тобына:

1.Ең көп таралған металл (алюминий)     

2.Ең ауыр металл (осмий)

3.Ең жұмсақ металл (натрий)                     

4.Ең жеңіл металл (литий)

5.Ең қатты металл   (хром)                         

6.Ауада ең көп таралатын газ(азот)

«Бейметалдар»  тобына:

1.Электр терістілігі ең жоғары элемент (фтор)

2.Металдар үшін ең қауіпті тотықтырғыш (оттек)

3.Ең жеңіл газ (сутек)

4.Ең оңай балқитын металл?(сынап)

5.Фотосинтез процесіне ең қажет металл  (магний)

6.Ең қиын балқитын металл?  (вольфрам)

3. «Есептер шығарайық» кезеңі

Жүйрік болсаң, жетіп көр,

Зерек болсаң – шешіп көр.

«Есептер шығарайық» кезеңінде екі топ бір-бірімен есептерді шығарып сайысқа түседі. Әр есепке 2 ден  5 аралығында балл беріледі.

1-топ: «Металдар» тобына:

1.ВаSO4-тің массалық үлесін есептеу

2.Na2SO4 -тің молярлық массасын есептеу

3.14,6г NaCl -нің зат мөлшерін есептеу

4.3 моль FeS-тің массасын есептеу

2-топ: «Бейметалдар» тобына:

1.AuCl3-тің массалық үлесін есептеу

2.Ғе2O3-тің молярлық массасын есептеу

3.20 г Са-дің зат мөлшерін есептеу

4.5 моль NaCl-нің массасын есептеу

4. «Шығармашылық ізденіс» кезеңі

«Айтып  берсең - ұмытып қалармын,

Өзім жасасам – ұғып алармын». Әр топ үйден ізденіп, орындап келген жұмыстарын, тірек- конспектілерін қорғайды. (1-5 аралығында балл беріледі).

5.Сергіту сәті:  «Ойлан, тап!»

Жұмбақ айтып халайық, біраз сергіп алайық.

Ойнап,әрі ойланып, шешімдерін табайық.

Бұл кезеңде жұмбақтар шешіледі. Бір дұрыс жауапқа бір балдан қояды. Екі топқада ортақ алты жұмбақ оқылады.

         1.Жарыста топтан озғанда,

Тағады менің төсіме,

Күміс пенен қоладан,

Биік тұрам  әр кезде  (алтын)

2.Су бетінде безектеп,

Металл натрий жүзеді.

Ең соңында жоқ болып,

Қандай қосылыс түзеді?  (натрий гидроксиді)

3.Фосфор жанса будақтап,

Ақ түтінін тузеді,

Ол түтінді су сорып,

Қандай қосылыс түзеді?  (фосфор оксиді,фосфор қышқылы)

4.Түссіз ауыр сұйықтық,

Су құйылса қызып тұр.

Ылғал тартып ауадан,

Күштілігі артып тұр.

Ал, қанекей,айтыңдар,

Қай қышқылды айтып тұр?  (күкірт қышқылы)

5.Түрім қара бақсаңыз,

Қызарамын жақсаңыз.  (көмір)

6.Табылса бұрын там - тұмнан,

Қазір көп әр өлкеде.

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеде?  (алюминий)

5.Химиялық диктант

1.Период бойынша бейметалдық қасиет қалай өзгереді . .......................................................

................................................................................................ (солдан оңға қарай артады)

2.Топ бойынша бейметалдық қасиет қалай өзгереді? ..............................................................

...................................................................................... (төменнен жоғары қарай артады)

3.Ең жұмсақ металдар ....................................... (сілтілік металдар)

4.Балқу t0 – сы жоғары металл ................................. (вольфрам - W)

5.Балқу t0 – сы төмен металл ................................. (цезий – Сs, сынап - Нg)

6.Электроөткізгіштің ең жоғары металл ................................ (күміс – Аg)

6.«Викториналық сұрақтар» кезеңі

Әр топ оқушылары конверттен сұрақтар алып жауап береді. Бір сұраққа бір баллдан беріледі

Сұрақтар:
1. Қай элементтің таңбасы айдаһар белгісіне ұқсайды? (S)

2. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл? (Алюминий)

3. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (иод)

4. Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)

5. Домбыраның ішегін аңыз болған металл (қорғасын – Pb)

6. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі ауруына ұшырайды. (Фтор)

7. Шыны өндірісіне қажетті басты шикізаттар? (Құм, әктас, сода)

8.Тайқазан 7 металдан құйылған, ол қандай металдар? (Темір, мырыш, қалайы, қорғасын, мыс, күміс, алтын)

Бағалау.

Химия – ырыс қой, түсінсең пайдасын,

Қызметі өрлесін, маңызын жоймасын.

Атом – бомба сынақтар жарғызбасын,

Адамзатты қылмысқа барғызбасын.

Жамандыққа қолданып химияны,

Басымызға азапты салғызбасын,-  дей отырып,  жарыс сабағы аяқталады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
584
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі