Новенький орта жалпы білім
беретін мектебі
« Тізбек бөлігіне
арналған Ом заңы. Электр кедергісі.
»
(бейне сабақ
жоспары)
Өткізген: Есенова Тыныштық
Қосаманқызы
Физика – информатика
пәнінің мұғалімі
2017 – 2018 оқу
жылы
Пәні: Физика
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом
заңы. Электр кедергісі.
Мақсаты:
А) Ток күші мен кернеудің, ток
күші мен кедергі арасындағы тәуелділіктерді аша отырып, тізбек
бөлігі үшін Ом заңын шығару.
Б) Электр тізбегін құрастыру,
құралдарды қосу және жұмыс жасау, интернет желісі бойынша
тапсырмалармен жұмыс, ағылшын тілінде терминдермен
жұмыстану.
В) Оқушылардың алған
білімдерін пайдалана отырып тақырыпты өздіктерінен қорытуға
дағдыландыру.
Сабақтың
түрі: жаңа білімді меңгеру
сабағы
Сабақтың
әдістері: сұрақ – жауап, тест,
виртуальды зертхана, терминмен жұмыс
Сабақтың
көрнекілігі: проектор, білімланд порталы,
үйлестірмелі материалдар.
Сабақтың
барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі:
-
Who is on duty
today?
-
Who is absent
today?
-
What date is it
today?
-
What day is it
today?
-
ІІ. Үй жұмысын
тексеру
А) Тарсия бағдарламасында
жасалған тізбекті сұрақ жауапты ретімен
орналастырады.

Б) Оқушылар үйден дайындап
келген тапсырмаларымен алмасады. Тапсырмада жасырылған терминдерді
тауып аудармасымен айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ
.
Оқушыларға ютуб желісінен
тақырыпқа сай бейнеролик корсетіледі. Заңның тұжырымдамасы мен
тәжірибесімен танысады.
-
|
қазақ
тілінде
|
ағылшын
тілінде
|
|
Ом заңы: Тізбектің бөлігіндегі
ток күші - осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да,
кедергіге кері пропорционал: I= U /
R
|
Ohm’s law: Circuit
arrangement of current power of direct proportion to inversely: I=
U / R
|
Ом заңынан U=I*R шамасын
анықтауға болады. Тізбек бөлігіндегі кернеу осы бөліктің
кедергісіне тура пропорционал. Кедергіні өлшейтін құрал: резистор
(кедергі), реостат. Тізбектің бойымен өтетеін тоққа өткізгіштің
кедергі жасау қасиетін сипаттайтын R шаманы кедергі деп атайды. Ток
күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын 1827 жылы. Г.Ом
ашты.
-
|
Символдар мен өлшем
бірліктері
|
|
|
қазақ
тілінде
|
ағылшын
тілінде
|
|
R
|
Өткізігіш кедергісі
(R)
|
Conductor resistance
(R)
|
|
Формуласы: R= U /
I
|
formula: R= U /
I
|
|
Өлшем бірлігі:
Ом,
1Ом= 1B
/1A
|
Measuring unions:
Ом,
1Ом= 1B
/1A
|
|
U
|
Кернеу
(В)
|
Voltage
(V)
|
|
I
|
Ток күші
(А)
|
Current
(A)
|
Электр кедергісінің
вольт-амперлік сипаттамасы өткізгіштегі ток күші кернеуге тура
пропорционал, және кедергіге кері пропорционал. (Оқушылар графикпен
танысады)
ІV. Сабақты
пысықтау
А) Екі топ білімленд
порталынан виртуалды зертхана тапсырмасын
орындайды.
«Ом заңы» сабағындағы (3-бет)
1-жаттығуды орындайды. http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10864

Б) Ағылшын тілінде тест
тапсырмаларын орындайды.

V. Сабақты
қорытындылау. Сабақта жасаған жұмыстары
бойынша топ мүшелері бір – бірін бағалайды. Одан кейін сабақтың
өтілу деңгейіне баға береді.
Үй
жұмысы: «Тізбек бөлігіне арналған Ом
заңы. Электр кедергісі.» тақырыбын оқу, тақырыптың есептерін
орындау.