жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бейнежазба
17-сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 3-бөлім - Бейне жасау (ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар») |
Мектеп: 15 мектеп
|
||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Ходжаева.Н.Р |
||||||||||
Сыныбы: |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар:
|
|||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бейнежазба |
||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау; |
||||||||||
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Білу, Түсіну, Қолдану |
||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар:
|
||||||||||
Бағалау критерийлері |
VideoPad программасының бейнежазу құралдарымен танысып, бейне камерамен белгілі бір тақырыпқа бейнеклиптерді жазуды үйренеді. |
||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
|
||||||||||
Құндылықтарға баулу |
1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады. 2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. 3. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады. |
||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Ағылшын тілі, Орыс тілі, т.б. |
||||||||||
Алдыңғы білім |
Кегельринг |
||||||||||
Сабақтың барысы
|
|||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар
|
|||||||||
Сабақтың басы
3 мин.
5 мин.
5 мин
10 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, топтастыру. Сыныпта жағымды ахуал орнату “Жылы жүрек-ізгі тілек” оқушылар журекті бір-біріне ұсыну арқылы ізгі тілектерін айтады. Үй тапсырмасы . «Суреттер сөйлейді» әдісі 1 – топ
2 топ
Жаңа сабақ Ой қозғау! 1. Видеожазба деген не?
2.
Видеожазбаларды қалай өңдейміз?
«Ашық микрофон» әдісі арқылы жүргізіледі. Қойылатын сұрақтар алдын ала интерактивті тақтада төмендегі үлгіде беріледі.
|
АКТ, слайд, оқулық,
|
|||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин.
10 мин.
|
Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.
Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады.
Компьютермен жұмыс. Тапсырма: Төменде берілген тапсырманы барлық оқушылар оқулықтағы нұсқаулық бойынша компьютерде жасайды. 1.Интернеттен іздеу сервері көмегімен «Қазақстан табиғаты» тақырыбында бейнежазбаны көшіріп, компьютеріңдегі «Бейне» бумасына сақта. 2.VideoPad –ты іске қосып, «Бейне» бумасындағы файлды Добавить файл командасы арқылы программаға жүктейміз. 3.Ойнату (Воспроизведения) батырмасы арқылы бейнежазбаны тамашалаймыз. Бейнежазбаның ұзақтығын анықтаймыз. 4. Жұмыс алаңындағы бейне файлды тін-туір көмегімен бейне жолаққа орна-ластырамыз. Бейнежазбаға мәтіндік жү-гіртпе дайындаймыз. Ол үшін: Мәтін орналастыру (Добавить текст) батырмасын басып, мәтін жазу алаңына «Қазақстан табиғаты» мәтінін тереміз. Жүгіртпе мәтінді бейне жолаққа орналастырып, қозғалыс ұзақтығын тінтуір көмегімен тартып белгілейміз (4-сурет).
|
Жұмыс дәптері
Оқулық
АКТ
Жұмыс дәптері А4
|
|||||||||
Сабақтың соңы
5 мин. |
Рефлексия:
Талдау! VideoPad-тың бейнені өңдеудегі өзіңе ұнаған қандай тұстарын айта аласың? Бағалау:«Жапондық бағалау» әдісі. Оқушылар бір-бірін бағалайды. Осы әдіс бойынша бір-біріне қосатын пікірі болса айтады немесе сұрақтарын қояды. Үй тапсырмасы: Қызықты тәжрибе. Цифрлық құрылғылар (телефон, планшет, бейнекамера) көмегімен үй жағдайында табиғаттағы су айналымын алу тәжірибесін жоспарын жасап, жүргіз. Мысалы, тоңазтқышқа ыдыспен су қойып, мұзға айналдыр, мұзды ыдысқа салып астына отжақ, ерітіп қайта суға айналдыр, суды қайнатып була. Тәжірибе бойынша 2 минуттық бейнежазба түсіріңдер. Бейнежаз-баны CD дискке жаз.
|
|
|||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||
Тапсырма, қарқын, дереккөздер, диалог және қолдау көрсету, бағалау, жіктеу, қорытынды. Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
Геометриялық фигуралар арқылы бағалау
|
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
|||||||||
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ кезінде, мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет? 1: 2: |
|||||||||||
«№15 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Бейнежазба
Өткізген: Ходжаева Назым Реиймовна
2020-2021жылы
Фотографияның пайда болуы
Бізге мәлім дәстүрлі мағынадағы фотография айтарлықтай кеш пайда болды. Өйткені, XIX ғасырға дейін фотография жасауға тікелей қажетті химиялық заттардың көпшілігі әлі ашылмаған болатын. Ол кезде ғалымдар химиялық заттардың қайсысы сәулемен шағылысуға қабілетті екенін білген жоқ. Сондықтан, кескіндер тек қылқалам шеберлерінің туындарында ғана сақталды.
Кескіндер жасаудың негізгі әдісі саналатын бейнелеу өнері орта ғасырларда кең таралды. Қоғамда қалыптасқан пікір бойынша, сол заман суретшілерінің барлығы бірдей кедей болды деуге келмес. Олардың кейбіреулері, тіпті, қазіргі той фотографтары секілді жоғары сұранысқа ие болатын. Адамдар келер ұрпағына өздері туралы естелік қалдыру мақсатында суретшілерді жиі жалдайтын. Суретшілер портрет суреттер салғаны үшін үлкен қаржыға кенелетін. Бірақ, бір кескіндемені салудың өзіне тым көп уақыт кететін. Әрине, бір адам немесе тұтас отбасының портретін жасау барысында ұзақ уақыт бойы тапжылмай отыру қиын, әрі мүмкін емес. Осы себепті, суретшілер бұл үдерісті тездету амалдарын қарастыратын. Үлкен ізденістер мен талпыныстар нәтижесінде «Обскур камерасы» аталатын құрылғы пайда болды.
Обскур камерасы туралы деректер Леонардо да Винчидің еңбектерінен бастап кездеседі дегенмен, шын мәнісінде, оның қасиеттері жөнінде ежелгі грек философы Аристотельдің жазбаларынан да көруге болады.
Обскур камерасы – жарықсыз қорап. Ол терезесіз қараңғы бөлмеге ұқсайды. Бір қабырғасының ортасында дөңгелек тесік болады. Сол тесіктен ішке өткен жарық қарама-қарсы қабырғаға түседі. Осының нәтижесінде, адам камераның алдында тұрған заттың төңкерілген кескінін көруге мүмкіндік алады. Леонардо да Винчи Обскур камерасының ортасына түссіз қабырға орнатып немесе әйнекпен бөлудің амалын ойлап табады. Мұндай жағдайда, суреттен көріп тұрғаныңыздай, суретшіге дайын бейнені қылқаламмен басып шығару ғана қалады.
Оптиканың
дамуымен байланысты Обскур
камерасы да
жетіле бастады. Оған қос дөңес
линзаның орналастырылуымен құрылғының
ауқымы әлдеқайда кішірейіп, пайдалануға
ыңғайлы бола түсті. Обскур камерасы
шағын ғана ағаш қорапқа айналды. Оның
артқы бөлігіне орналастырылған айна
арқылы кескін әйнекке түсетін болды.
Бірақ, бұл да фотография алуға
мүмкіндік бермеді. Өйткені, мұнда да
үлкен Обскур камерасының жұмыс жасау
принципіне сай, кескін тек суретшінің
шеберлігіне ғана тәуелді болатын.
Нағыз фотографияның пайда болу тарихы 1800 жылдан бастау алады.
Ол британдық Гэмфри Дэви мен Томас Веджвуд жасаған тәжірибемен тығыз байланысты. Олар күміс нитраты мен натрий хлоридінің ерітіндісіне малынған қағазды Обскур камерасына салып көреді. Нәтижесінде төмен-контрастты бейне алынады. Бірақ, оны экспозициялау үшін бірнеше сағат қажет болатын және суретті жарыққа шығарып қараған кезде ол толықтай жоғалып кететін. Сондықтан, бұл тәжірибе де көп ұзамай тоқтатылды.
Дәстүрлі
мағынадағы фотографияға алғаш қол
жеткізген
Жозеф Нисефор Ньепс есімді
өнертапқыш болатын. Ол үнемі Обскур
камерасының
жұмыс істеу принципін
зерттеуге қызығушылық танытып, зерделеп
жүрген. Ньепс
бейнелерді автоматты
түрде қағазға
түсіру жолын
табуда аянбай ізденеді. Ақыры, оған қолы
жетеді.
Ол ақ-қара кескіндер алу үшін битум аталатын сириялық асфальт сіңген қағаз пайдаланған. Алайда, мұндай сурет алу әдісінің өзіндік қиындығы бар еді. Ол – экспозицияға ұзақ уақыттың қажет болуы. Кейде бұл үдеріс сегіз сағатқа дейін созылатын. Ал, адамдарды сегіз сағат тапжылтпай ұстап отыру мүмкін болмағандықтан, Ньепстің алғашқы фотосуреттерінде тек өз қаласының пейзаждары ғана бейнеленген.
Фотографияның даму тарихы
Ньепстің өмірден өтуімен фотографияның дамуы тоқтап қалған жоқ. Бұл істі одан әрі Луи Жак Дагер жалғастырды. Ол суреттер жасау үшін күміс жалатылған мыс пластинаны пайдаланды. Оған қоса, йод та жағатын. Осы тәжірибе нәтижесінде пайда болған негативті кескін өнертапқыштың көңілінен шықпады. Оның үстіне, экспозиция уақыты да қысқармады.
1835
жылы Дагер сурет экспозициясының
әлдеқайда жылдам
жүру жолын анықтайды.
Бұл ашылу кездейсоқ орын алған екен.
Өнертапқыш әлі
экспозицияланбаған
суретті шкафына салып қояды. Ертеңгі
күні тартпадан сол
қағазды алса,
фотосурет дайын тұрған болып шығады.
Содан кейін Дагер барлық
химиялық
элементтермен тәжірибе жасайды.
Нәтижесінде өнертапқыш экспозиция
жылдамдығына
әсер ететін химиялық зат сынап
екенін
анықтайды.
Осыдан кейін фотография алу жолдары әлдеқайда дамып, қарқынды жетіле бастады. Джон Фредерик Годдард есімді ағылшын азаматы күміс пластинаны бром және хлор бу қоспасымен өңдеу арқылы үлкен жетістікке қол жеткізді. Себебі, осы тәсілді пайдалану барысында экспозиция уақыты бір минуттан аспайтын болды. Бұл жаңалықтан кейін портреттік түсірілімдер кең етек жая бастады.
1850
жылдары стереоскопиялық дагеротипия
пайда болды.
Осыған орай, бір құрылғыға
екі кескін қатар орналастырылатын. Жеке
лупа немесе
бинокль көмегімен адамның
әр көзі жеке-жеке бір суретке қарай
алатын болды.
Нәтижесінде, сурет
айтарлықтай ауқымды көрінді.
Сол кездегі суреттердің кемшілігі оларды көшіру мүмкіндігінің болмауында. Жаңа сурет жасау үшін фотосуретке қайта түсiру керек еді. Бұл мәселе негативті-позитивті үдерістің ойлап табылуы нәтижесінде өзінің оңтайлы шешімін тапты.
Фильімдер пайда болғанға дейін адамдар көңіл көтеру үшін ойнады және билейді.Ойын, би және музыка фильім сияқты элементтерге ие болды(сценарий,жарық,костюмдер,кадрларға бөліну,көрермендер және т.б.) Шамамен 1600 жылы Антемий Тралльскидің қолданыстағы камера-обскурасын Джамбаттиста делла Порта одан әрі жетілдірген. Жетілдірудің нәтежиесінде жарық экранда не беттерде проекцияланып, қозғалыстағы суреттерді жасау үшін шағын саңылау немесе линзалар арқылы өткенде аударылып беріледі. Жасалған суреттер сол замандардағы жазбаларда сақталынды.
Кино. Кино-бұл жеке қозғалатын суреттердің бәрін бірге қосқан көркемөнердің түрі.Кино киноиндутрияны қалыптастырған. Киносуреттер екі әдіспен құралады: фотосуреттік кескіндерді кинокамераға жазу жолымен не арнайы әсерлер немесе мультипликацияны пайдалана отырып суреттерді жасау жолымен. Кинофильімдегі қозғалыс қарым-қатынас жасаудың амал әдісі ретінде қолданылады. Фильім белгілі бір мәдениет жасаған артефактырлер болып табылады. Олар сол мәдениетті бейнелеп көрсетеді жіне оларға ықпал етеді.
Фильімдердің танымалдылығының артуы. Фотопленкаларға жазылған және қозғалған суреттерді көрсеткен фильімдер қоғам назарын аударды.Кино сатылып дами бастады, бастапқыды ол бар болғаны қызықты жаңа нәрсе болды, бірақ ол соңында XX ғасырда қарым-қатынас жасаудың , көңіл көтерудің және бұқаралық ақпараттың маңызды құралдарының бірі болды.
Түрлі түсті фильімдер. 1960 жылдардың соңында түрлі түсті түстер фильімдер үшін қалыпты жағдай болды. 1960 жылдары студиялық жүйелердің қысқартылуы на байланысты кейінгі жылдары фильімдердің өндірісі мен стиліне көптеген өзгерістер енгізіле бастады.Кейінірек, XX ғасырдың 1990 жылдары сандық технологиялыр жаңа өзгерістерге түрткі болды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/kino/24306
Программалау тілдерінің шығу тарихы.
MS-DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін қарапайым BASIC программалау тілі жарыққа шыққан соң-ақ, (1964)ол тез дамытылып, көптеген жаңа күрделі нұсқалары пайда болды: GWBasic, Quick Basic, оның ықшамдалып QBasic нұсқасы т.б. Одан әpi, MS DOS-тың графикалық кеңейтілуі - Windows'тың (1983ж) оның жеке операциялық жүйе түрінде жылдам жұмыс істейтін жетілдірілген WINDOWS 3.1 нұсқасының жарықка шығуы (1991ж) есептеуіш техника саласында күрделі өзгерістер туғызғаны белгілі. Қазіргі ксзде Пентиум типті дербес компьютерлерге мүмкіндігі мол Windows 95, Windows 98, Windows 2000 операциялық жүйелерінің бірі және олар арқылы визуальды графикалық интерфейсті пайдаланып жұмыс істейтін EXCEL 97 электрондық кестесі, Access 97 берілгендер қорын басқару жүйесі, Word 97 мәтіндік редакторы, т.б. ірі қосымшалар (қолданбалы программалар) қосылған (не қосып қоюға болады). Визуальды графикалық интерфейстің қолайлылығы – пайдаланушы көбнесе экранда көрінген терезенің түймелерін шерту арқылы нәтиже алады (Visual – көзбен шолу). Қосымшаны дайындаушылар алдын-ала экранға шығарылатын терезелер, мәзірлер, аспаптар панельдері, шрифтер және т.б. қорларды программалар арқылы дайымдап стандартты модульдер түрінде жүйеде сақтап қойған.
Програмалау тілі – кез-келген типті қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, түсінікті, қуатты тілдердің бірі. Оның алғашқы нұсқасы 1991 жылы дайындалып, 32 разрядты процессормен жұмыс істейтін жетілдірілген нұсқалары 1997 (VB 5.0), 1999 жылдары (VB 6.0) жарық көрді. GWBasic, QBаsic сияқты Бейсик программалау тілдері түрлі сандық мәтіндік, графикалық информацияны өңдеуге пайдаланылатын. Visual Basic-ке ocы тілдер мүмкіндігі енгізіліп, орындайтын іс-әрекеттері сапалы түрде визуальды кеңейтілген. Мысалы, терезеде графикалық фигураны қолдан салу; жүріп тұрған жүйелік сағатты орнату; редактор мәзірі мен контексті мәзір құру, олармем жұмыс: Word-тa құрылатын құжат терезелері сияқты бірінің ішінде бірі орналасатын түрлі терезелер (формалар) құрып, оларға қажетті пайдаланушы интерфейстерін орнату және олармен жұмыс; модульдік процедуралар құру, оларды пайдалану; берілгендер қоры кестесімен сұраныс құру, т.б.
Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
Аппараттық қамтамасыз етудің дамуы
Аппараттық қамтамасыз ету перифериялық құралдарға қажетті компьютердің электрондық толтырылымын құрайды. Процессор, электрондық платалар, монитор, пернетақта – бұлардың барлығы аппараттық қамтамасыз етуге жатады. Компьютердің заманауи аппараттық қамтамасыз етілуі көлемінің барынша кішіреюіне және өнімділігінің үлкеюіне әкеледі. Мысалы, қазіргі ұялы телефондарда компьютердің процессорлары орнатылған.
Программалық қамтамасыз етудің дамуы
Компьютердің ұзақ мерзімді жадында сақталған барлық программалар жиынтығы оның программалық қамтамасыз етуін құрайды. Программалық қамтамасыз ету жанжақты даму үстінде. Сонымен қатар бекітілген бойынша жіктеуге қиындық тудыратын дәстүрлі емес программалар пайда болды. Жүйелі программалық қамтамасыз ету дегеніміз – компьютер желілері мен компьютер жұмысын қамтамасыз ететін программалар жиынтығы.
Базалық программалық қамтамасыз етудің кеңейтілуіне қосымша орнатылған программалар жатады, оларды функционалдық белгілері бойынша төмендегідей топтауға болады:
1. Компьютердің жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайтын программалар
2. Компьютерді вирустардан қорғайтын вирусқа қарсы программалар
3.Дискілерге арналған программалар
4. Мұрағаттарды қамтамасыз ететін программалар
5. Желілірдің қызметіне арналған программалар
6. Қолданбалы программалар
Жүйелік программалық жасақтама – дербес компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.
Амалдық жүйе – құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрылғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.
Қызметші(сервистік) программалар – әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген