жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бейнежазба 4 сынып
Бөлім: |
3-бөлім - Бейне жасау (ортақ тақырыбы: «Табиғи құбылыстар») |
Педагогтің аты-жөні: |
|
Күні: |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Бейнежазба |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
4.2.4.1 бейнеклиптерді жасау; |
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: VideoPad программасының бейнежазу құралдарымен танысды. Бейне камерамен белгілі бір тақырыпқа бейнеклиптерді жазуды үйренеді |
Құндылықтарға баулу: |
1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады. 2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады. 3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды. 4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі. |
Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны |
|||||
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. |
|||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. |
(Ұ) Сөздікпен жұмыс: Түртіп алу.
|
Термин сөздермен толык танысады. Мақсаты: Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысады. Бұл үш тілділік білім беру жүйесіне өз септігін тигізеді. Тиімділігі: Балалар үш тілділікке дағдыланады |
Дескриптор: Жалпы - 2 балл. -терминдермен танысады. -жұмыс дәптерлеріне жазып алады. |
Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК |
|||
|
№2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс. Төменде берілген тақырыпшалар бойынша екі топ оқулықты оқып, топ ішінде талқылайды. |
Топ арасында бір-біріне баяндайды. 1.«Камера» тобы: «VideoPad программасы» 2. «Бейнекамера» тобы: «Бейнежазба»
|
Дескриптор: Жалпы – 2 балл. -Оқулықты оқып, топ ішінде талқылау жүргізеді. -Бір-бірімен топ арасында өз тақырыптары бойынша баяндама жасайды. |
Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК |
|||
|
(Т) Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Топ ішінде алдымен жеке-жеке өздері ұсыныстарын жазады. Топ мүшелерімен пікір алмасып, ұсыныстарын біріктіріп, қағазға жазып, келесі топқа ұсынады. |
Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға қажетті қандай әдептіліктер тізбесін ұсынар едіңдер? Ұсыныстарыңды қағазға түсіріңдер.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
-Бейнекамераға түсірумен айналысатын әрбір адамға қажетті әдептіліктер тізбесін ұсынып, қағазға түсіреді. |
Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК |
|||
|
(Ж) «Сұрақты қағып ал» әдісі. Тапсырма: Төмендегі берілген тапсырма бойынша сұрақ байындап, келесі жұптарға ұсынады. Сұрақты қабылдаған жұп жауап беруі керек. |
VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырып, басқа жұптарға ұсыныңдар |
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- VideoPad программасының құрал саймандарының қызметі бойынша сұрақтар құрастырады. -Сұрақтарды басқа жұптарға ұсынады.
|
Жұмыс дәптерлері, оқулық, ДК |
|||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
(Ұ) Талдау! VideoPad-тың бейнені өңдеудегі өзіңе ұнаған қандай тұстарын айта аласың? Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
|||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? |
Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық
және қауіпсіздік техникасын сақтау |
|
||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады. |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
|
||||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: 2: Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: 2: |
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген