400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бейнелеу өнері

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ









КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Дәстүрден тыс бейнелеу өнері әдістері және оны ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану











Студент: Муратбекова А.Е.

Жетекшісі: Қайсанова Ж.









Семей

2020 ж.

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

  1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІРІНІҢ ДАМУЫ

    1. Мектепке дейіңгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктері

    2. Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуі

  2. БЕЙІНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    1. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлері

    2. Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ





























КІРІСПЕ



Мектеп жасына дейіңгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгеру қажет. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрыңғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырылмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейіңгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.

Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейіңгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйретеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттерінің ықпалын оқып-үйренеді.

Қазіргі кезеңде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагокика ғылымдары дәлелдеп берді.

Бейнелеу өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғанын жан –жақты дамуына негіз болары сөзсіз.

Бейнелеу өнері сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымн қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.

Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған олртамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстаздың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагокика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.



Сабақ жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасыг құрауға мүміндік жасайды.

Тақырыптың өзектілігі – мектеп жасына дейіңгі балалардың эстетикалық, шығармашылық дамуын дәстүрлі мес сурет салу әдістерімен жетілдіру.

Зерттеу жұмысының мақсаты- дәстүрлен тыс сурет салу тәсілдері арқылы балабақшадағы балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа бейімдеп, қоршаған ортаны, сурет өнерінің кең аясымен таныстыру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Мектеп жасына дейіңгі балаларда шығармашылық қабілеттерінің дамуын қарастыру;

  • Мектепке дейіңгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктерін талдау;

  • Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуін зерттеу;

  • Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру;

  • Балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгеру;

  • Бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігін анықтау.

Күтілетін нәтиже:

  • Баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық-жағымды қарым-қатынастарды оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру;

  • Балалардың білім өрісін және қоршаған орта туралы түсініктер аясын кеңейту, жабайы болып өсетін мойылдың сыртқы түрімен, оның гүлденген сабақтарымен таныстыру.

  • Балаларға сурет салу өнерінің жаңа әдістерін- үйрету;

  • Балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту;

  • Балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру;

  • Балалардың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту;

  • Балалардың қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұзақ моторикасын жетілдіру.

Зерттеу жұмысының зерттеу объектісі –бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері.

Жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардлың еңбектері, қазақстандық және шет елдердің мектеп жасына дейіңгі балаларға сурет салу әдістеріне үйретуге арналған оқулықтары қолданылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

















1.МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАЛАРДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТІРІНІҢ ДАМУЫ

    1. Мектепке дейіңгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктері

Жақсы тәрбиеші міндетті түрде өзінің жұмысын күнделігіне жазып отыру керек, оған бақылаудағы кейбір байқағандарын, балалардың бұрын танытатын жағдайларды, баласының алға басуын жазып, әр түрлі жастағы балалардың бәрінің басында кездесетін дағдарысын немесе бетбұрыс жағдайларына талдау жасап, жазып отыруға тиіс. ( А.С. Макаренко)

Мектеп жасына дейіңгі балалардың жас кезеңдері:

  1. Сәбилік кезең.

  2. Мектепке дейіңгі кезең.

  3. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалы.

Сәбилік кезең. Бала өмірінің екінші жылы шақ деп аталады. Бұл шақта даму біршама баяулап, денесі мен психикасы жағынан жетілуі одан әрі жалғасады. 2 жасқа дейіңгі кезеңде дербестікке ұмтылғыш, бірақ қабілет дәрежесі жетілмеген болады. Дене бітімі шымырланып, жүрісі қалыптаса бастайды. Артық қимылы аз, жүйке жүйесінің қабілеті артады, 5-5,5 сағат сергек, ояу жүреді. Бөбектер музыкаға, биге еліктеп, ән сазына, ырғағына түрлі қимылдар жасайды. Осы шақта жағдайдға оңай бейімделіп, қоршаған ортаның әсерін қабылдауға қабілетті жетеді. Сенсорлық қабілетті артып, заттардың түсіне, көлеміне қарай ұқсастықтарын белгілеп, салыстыра бастайды, екі түсті шардан өзіне қажеттісін тауып алады. Осы кезде көріп қабылдауды да жетіле түседі: терезе алдында тұрған гүлді немесе ілініп тұрған перденің өзгергенін байқайды. Бағдарлауы тұрақты мақсатты сипат алады. Мысыққа, итке, суретке қарай алады (7-8 минут). Бұл кезде олармен ойын-сабақтар өткізу жан-жақты дамытуға әсер етеді. Атап айтсақ: қимылын жетілдіру; тілін, ойын дамыту; төңіректі болжай білу; заттармен әрекет жасау, дидактикалық, құрылыс материалдарын, ойыншықтарды пайдалану;іс-әрекеті мен қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру, құбылыстар мен заттарды қарап көру, ұстап сезіну; музыка сазы, ырғағы, әуенін есту; сезіну, сол арқылы эстетикалық тәрбие беру; адамгершілікке баулу мақсаты көзделеді. Ойын сабаққа бірінші жартыжылдықта көңіл көтеру ойындары, екінші жарты жылдықта ережелі, қимылды ойындар енгізіледі. Сабақтар мазмұны бірте-бірте күрделеніп отырады [2].

Сәби өзінің оңды әрекетіне, ісіне қуанады, қылығына ұялады, үлкендерге көмектескісі, бірлесіп бір істі орындағысы келеді, бұл сәбиге тән жаңа талап –тілек. 3-4 жастағы балалардың аталған ерекшеліктеріне сәйкес, жүргізілетін күн тәртібі мен бағдарлама бойынша өткізілетін сабақтар бар.

Естиярлар тобы (5жас) оқу әрекеті сәбилер тобымен салыстырғанда мазмұн жағынан күрделене түседі. Жалпы дамуына адамгершілік, еңбек тәрбиесі мәнді бола бастайды, дәл осы шақта үлкендерге қамқорлық, мейірімді қатынастың негізі қаланады. Сол сияқты үлкендердің тарапынан да жылы қатынас, жанашырлық білдіру, еркелету, аялау, табысын мадақтау, қолдау, оны ьалап қоюмен үйлестіру, мінез-құлқына көрініс тапқан теріс қылықтарын көрсету, әділ айыптау, баланың іс-әрекетіне оң қарау үлкендерге деген сенімін арттырады. Олардың ерекшелігі көпшіліктің, құрдастарының пікіріне құлақ аса бастайды, бағынады, олармен есептеседі, өзге балалардың іс –әрекетін бағалауы мазмұнды бола бастайды. Бала психикасының дамуына әсер ететін күнделікті іс-әрекеттеріне (оқу, еңбек, ойын, т.б.) бала белгілі түпкі себепті басшылыққа алады:

1). үлкендерге ұүқсағысы келіп, соларша іс-әрекет жасауға ұмтылады;

2) ойын (кез-келген істі ойыгға айналдырады);

3). үлкендермен, құрдастарымен жақсы қарым қатынасын сақтау;

4) топта балалардың жақсы бағасы мен сүйіспеншілігіне ие болу тілегі;

5)намыс, өзін таныту тілегі, ойында басшы рөлді орындауға дәмеленеді.

6). Жарыс (бірінші болуға тырысады, ағаттықтарына қатты қайғырады), адамгершілік мінез-құлықтың дамуы (өзге адамдарға оң қарым-қатынасын көрсетеді) [1].

1. «Ересектер» тобындағы балалардың дамыған ақыл-ой қабілетін мінез-құлқымен көрсете алмайды, оны көрсету тәрбие жағдайына, жеке мүмкіндіктеріне, қызығуына байланысты: баланың қызығушылығы жас шамасына қарай өзгеріп отырады, сондықтан баланың ақыл-ой қабілеті, қиялы ықыласпен орындалатын ойы мен іс-әрекетінің нәтижесінде көрінеді.

2. «Ересектер» тобындағы даму ерекшеліктерінің бірі танымдық қарым-қатынастан адамдық қарым-қатынасқа ауысуы мінез – құлық ережелерін, ұжымдық қарым-қатынасты меңгеруі. Бұл жаста бала дербестігінің жетілуіне байланысты өзін көрсеткісі келіп тұрады. Бұл үлкендер тарапынан дұрыс бағдар беруді талап ететін ерекшелік.

Бұл жастағы даму ерекшеліктерінің ендлі бірі- жаңа білімді игеру арқылы жаңа қасиеттер мен жаңа қажет-тілектердің пайда болуының көрініс табуы. Ересектер тобында даму ерекшеліктеріне сәйкес күн тәртібін жасауда олардың өзіндік ерекшеліктеріне назар аударылады.

  1. Ересектердің өмірін, денсаулығын сақтау, ағзасын шынықтыру, қорғау бұрынғыша мәнді болып табылады.

3.Ересектердің күнделікті өмірін ұйымдастыруда дербестікке талпынысын ескеру және сақтау қажет.

4. Ересектер өзінің және құрбы-достарының мінез-құлқын бақылауға қабілетті.

5. Ересектер қимылды көп қажет етеді.

6. Ересектер өздігінен киіне, жуына, шешіне, тамақтана алады, оның бәрін тез оындай алу қабілетіне ие.

7. Ересектер сабақтың ұзақтылығы мен қарқындылығынан тез шаршап, жаттығулар мен серуенді қажет етеді.

Күн тәртібіне сәйкес балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие шаралары олардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады.

Мектеп жасына дейіңгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің жоғарыда аталған даму мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым қатынысын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрыңғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырылмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейіңгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.

4.Бала дамуындағы іс әрекеттің ықпалы. Педогокикалық жағынан дұрыс ұйымдастырылған кез-келген іс –әрекет баланың ақыл-ойының, нышанының, еркінің, қабілетінің, танымдық күшінің жан-жақты дамуына әсер етеді. Іс-әрекет білгілері бір мақсатқа бағытталады, жоспарланады, нәтижесі алдын-ала бағдарланады, әдістері мен тәсілдері, жолдары белгіленеді, қорытындысы, нәтижесі бағаланады. Іс-әрекетті ұйымдастыру жоғарылаған сайын бала дамуына тигізетін ықпалы да күшті болады. Жас ерекшелігінің әр сатысына бала іс-әрекетінің түрі ғана өзгеріп қоймайды, оның мазмұны да, тәсілі де, сипаты да, ниеті де өзгереді.

Іс-әрекет түрлері:

  1. Ойын әрекеті- баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар зияткерлік мектеп. Ойында іс-әрекет әдістерін, жолдарын меңгереді: «емдейді», «оқытады», «үй салады», «атқа мініп шабады» және т.б. Ойын әрекеті баланың ерік-жігерін, ақыл-ойын дамытады, шапшаңдыққа, шымырлыққа, ұқыптылыққа жаттықтырады, талдауға, жинақтауға үйретеді.

  2. Оқу әрекеті- жоспарлы, жүйелі түрде бірте-бірте жүргізіліп, ақыл-ойының, өмірге дұрыс қатынасының дамып, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға мүмкіндік тудырады;

  3. Еңбек әрекеті – бала алдымен өзіне, одан соң басқаларға септігі тиетін кезден бастап жүргізіледі де, еңбек мазмұны, әдіс-тәсілі, түрлі жыл озған сайын өзгеріп, күрделеніп отырады;

  4. Қаоғамдық әрекетке ұжымдық жалпы тапсырмалар, қоғамдық жұмыстар жатады. Бұлар балалардың жауапкершілігін, көпшілікпен жұмыс істей білуін қалыптастырады;

  5. Көркем өнер әрекеті үстінде баланың көркемдік ойы, қиялы, арманы, елестетуі, сезімі, логикасы дамиды;

  6. Спорттық әрекетке дене шынықтыру сабақтары, спорттық ойындар мен жарыстар , т.б. жатады, олар баланың қимыл-қозғалысын, жауап ретіндегі іс-әрекетінің тездігін дамытады [3].

Іс-әрекет үстінде бала жан-жақты дамиды, айналадағы дүниеге, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады. Сонымен, іс-әрекет баланың дамуындағы негізі. Іс-әрекетсіз дамуы жоқ. Бұл педагокиканың ерекше заңдылықтарының бірі.

Болашақта ұстаздар мектеп жасына дейіңгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйретеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейіңгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әректеттің ықпалын оқып үйретеді. Бұл болашақта бала бақшада жас топтарымен жұмыс жасауда басшылыққа алуда маңызды.

Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейіңгі жастағы балалардың жас шамасына қарай бөліну ерекшелігіне нақты түсіну үшін жас топтарының айырмашылығын балалар жақсы білуі шарт. Әр жас тобының сипаттамасын түсініп, тереңдетіп оқу қажет. Бала дамуының жас ерекшелігі көрсеткіштері таратпа материал ретінде ұсынылады, ондағы жас топтарын бір-бірімен салыстыра отырып, даму айырмашылықтарына талдау жасап ең негізгі белгілерін сипаттап жазады. Антропометриялық карта толтырылады. Негізгі іс-әрекет түрлерін анықтап, ой қорыту жасайды. Жас ерекшелігін жақсы танып білу болашақ мамандығы балабақша тәрбиешісі, әдіскері немеес балабақша меңгерушісі болып қызмет етуде негіз болатынын сезініп, түсінуі керек.

Қорыта айтқанда, сәбилерге оқыту барысында берілетін таным-білімге үлкендер тарапынан ықпал етудің маңызы ерекше. Үлкендер балаларға білім мазмұнын игеоімен қатар, олардың мінез-құлқын зерттейтін моральдық ережелерді, жағымды әрекеттерді игеруді меңгертеді. Сондай-ақ үлкендердің бағалауы, іс-әрекеті, сөзі, әңгіме-ертегілері, өлең-тақпақтары, құрметті адамдар мен құрдастарының жағымды қылықтары, әдеби кейіпкерлердің істері сәбиге әсер етіп, бірте-бірте оның мінез-құлқына айналады.









































    1. Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуі

Еліміз жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өткениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.

Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу бүгіггі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық-бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұдан бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейіңгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.

Баланың шығармашылығын дамытатын тәрбиеші өзі шығармашылықпен жұмыс жасауы керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілетін ұйымдастырылған оқі іс-әрекеті барысында жаңа технология элементтерін пайдалану тиімді. Бұл орайда баланы жалықтыоып алмаудың жолдарын қарастырып, төмендегі тәсілдерді тиімді қолдану қажет:

  • Бала қабілетін ашуда тіл шеберлігіне көңіл бөлу;

  • Білімін қосымша әдебиеттермен толықтыру;

  • Жылы сөздер арқылы «сенің қолыңнан келеді», «сенің болашағың зор»- деп, үнемі балаға шабыт беріп отыру.

Әр тәрбиешінің алдындағы сәулелі мұрат шәкіртіне білім, тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу. Сол «менді» шығармашылық тұлғаға айналдыру. Сәбиді жоғары деңгейдегі біліммен адамгершілікке баулитын тәрбиешінің бойындағы барлық асыл қасиеттерінің табылуы тиіс. Өйткені, тәрбиеші бала болмысын, жүзін түзелер айна іспетті. Бала қабілетінің ашылуы үшін тәрбиеші жаңашыл, білімді, іскер, жауапкершілік сезімді, жаңа технологияны толық меңгерген, өз ісінің шебері болуы керек.

Бала қабілетінің ашылуы үшін:

  1. Тәрбиеші білімін ұдайы жетілдіріп, кәсіби шеберлігін шыңдауы тиіс.

  2. Бала білімі мен қабілетіне сеніммен қарау керек.

  3. Баланы ақпарат, жаңалықпен қамтамасыз етіп отыруы қажет.

  4. Ата-анамен тығыз байланыс орнағаны жөн.

  5. Баланы өмірге бейімдеуге дәл, дұрыс бағыт беріп, жеке ерекшелігіне көңіл бөлуі қажет [5].

Оқу мен тәрбиенің егіз екенін бір сәтте естен шығармаған жөн, соның нәтижесінде ғана сапалы білім мен саналы тәрбиеге қол жеткізуге болавды.

Баланың ойында не бар, ол не істей алады, жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау, оған әсер ететін себептері ізденістірі балалар психологиясыныңм маңызды міндеттері. Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері: бақылау және эксперимент.

Балалардың ерекшелігі балалардың жалпы тәрбиесіне, дамуына әсері зор. Бала шығармашылық қабілеттері арқылы өсіп көптеген ойындарға тартылады.

Блок арқылы құралған бағдарлама:

  1. Блок толтырынды кезең (кіріспе)

  2. Блок моделдендірілген

Толтырынды кезінде кіріспе шығармашылыққа илікші көп әсер келтіреді.

Бұл кезде бала бойына илікшілік және уайымшылдық қабілетіне бітеді. Бұл жерде басты рөлде тәрбиешінің өзі болады.

Екінші кезең баланың өз еркіндігі мен тапқырлығымен байланысты. Моделдік қасиеттер айналадағы араластықтан және әр түрлі еліктеуден пайда болады. Блок арқылы жұмыс реттік бойынша, жеңілден ауырға немесе біртіндеп жеке өткізіледі. Бұл бағдарлама баланың шығармашылық қабілетін қуыршақ театр ойыншықтар, ойын сахналау, ойын еліктеуші, сюжетті рөлдік ойында арқылы дамып отырады.

Бағдарлама ерекшілігін оқу іс әрекет кезінде тағы да басқа тәсілдер қолдануда. Реттік жұмыстары;

1 Шығармашылық қабілеттерін дамыту кезінде тағы да басқа тәсілдер және тәсілден тыс әрекеттерді қолдану.

  1. Коммуникативтіәсерді жою.

  2. Меңгерілген шығармашылық қабілеттерін қолдану және іске асыру. Оқу кезеңде іс-әрекет аптасына 1 сағат бөлінеді. Жылдық жоспарда 36 сағат ұйымдастырылды. Шығармашылық салалары ауысып отрып театр көрінісі тәсілден тыс, практикалық әрекет т.б.

Музықалық , яғни, сазды – сахналық өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамту. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет- дарынын дамытып , оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп , сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындырып , олардың өмірлі түсінуіне жағдай жасапп , қиял армандарын жетілдіруге тырысу. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп , зорлаусыз – ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет – мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайданылатын шығарманың сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойыншаанықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимик., интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игреіп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аудару. Олардың тиісті бейнелерді дұрысжасаулары үшін іс-әрекет, қимылдарын көрсетіп , жетілдіруіне көмектесіп, кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күй, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындырып отыру. Сөйтіп ойын барысында олардың тартымды бейнелер жасай бідуіне қол жеткізі. Оған тәрбиешілер жан тәндерімен кірісіп.көп еңбек сіңіру керек.

Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көре үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы келбеттерін салып келтіреді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынады. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжықтар»,»Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балапандап жүретіндерін көрсету.

Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойлымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отыру керек.

Балалардың бейнелеу шығармашылығы қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Балалар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңқалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілетті дамуы болып табылады. Қазіргі кезде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған.

Бейнелеу өнері-мектеп жасына дейіңгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен балалардың этикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.

Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болды. Сурет салу- көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттін неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған іс-әрекетті аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен суретті сала білу маңызды рөл атқарады.

Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейгнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық материалдар болу керек

  • Суреттер, мүсіндер халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы

  • Классикалық саздар жинағы

  • Бейнелек құралдарының жинағы

  • Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет

  • Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздері мен негізін салушылар туралы білімдерін кеңейтіп, байыту керек.

  • Әртүрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету.

  • Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек.

Осылайша бейнелеу өнері мектеп жасына дейіңгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыркбала үшін өзінше әрқайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса даөз көңіл күйін білдіре алады.



2.БЕЙІНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

    1. Дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлері



Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн. Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуының ерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді. Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп берді. Бейнелеу өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер жеке тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз. Бейнелеу сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді. Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте ұстау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі. Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс (қоршаған ортаны бейнелеу) процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстаздың ұйымдастыруымен өткізілген сабақтағы немесе сыныптан тыс шаралардағы танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады. Сабақ жүйесіне енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді. Тақырыптың өзектілігі – мектеп жасына дейінгі балалардың баланың эстетикалық, шығармашылық дамуын дәстүрлі емес сурет салу әдістерімен жетілдіру. Зерттеу жұмысының мақсаты – дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері арқылы балабақшадағы балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа бейімдеп, қоршаған ортаны, сурет өнерінің кең аясымен таныстыру. Зерттеудің міндеттері: - мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттерінің дамуын қарастыру; - мектепке дейінгі жастағы балалардың жастық ерекшеліктерін талдау; - арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуін зерттеу; - бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру; - балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгерту; - бейнелеу өнері пәнінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігін анықтау. Күтілетін нәтиже: - баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық-жағымды қарым-қатынастарды оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру. - балалардың білім өрісін және қоршаған орта туралы түсініктер аясын кеңейту, жабайы болып өсетін мойылдың сыртқы түрімен, оның гүлденген сабақтарымен таныстыру. - балаларға сурет салу өнерінің жаңа әдістерін - үйрету; - балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту; - балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру. - баланың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту; - балалардың қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. Зерттеу жұмысының зерттеу объектісі – бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері

Пейзаж - табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда, Жапонияда және басқа Шығыс елдерде (VII-VIII ғасырларда) Европадағыдан ертерек қалыптасты. Европалық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан кейін Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде пейзаждың гүлденуі XIX ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді.

Арнайы шығармашылық қабілеттер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуі Балалардың бейнелеу шығармашылығы – қызықты бейнелер мен ашық бояулар әлемі. Балалар өздерінің ғажайып қиялымен, ерекшелігімен ересектерді талай таңғалдырған. Сәбилер суретті ерекше ықыласпен және жиі салады. Оларды айналадағы қоршаған дүние әлемі өз қызығымен еліктіріп әкетеді. Балалардың сурет салу әдісін меңгеруі, олардың қабілеті дамуы болып табылады. Қазіргі кезеңде жаңа адамды қалыптастыру, оның шығармашылық белсенділігін дамыту басты назарға алынған.Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен, балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады. Я.А.Коменский, Ф.Фребель: «сурет салу, мүсіндеу және түрлі құралдармен айналысатын сабақтар балалардың сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытады» деп айтқан. Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Бұл көзқарасты философтар, ұстаздар, психологтар қолдайды. Ежелгі гректер сурет салуға үйрету – қол еңбегін дамыту мен тәрбиелеудің негізгі құралы болып табылады. Ежелгі көзқарастың дұрыстығына көзіміз жеткендей, себебі грек мәдениеті суретпен дамыды және осы заманға дейін сақталған. Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болады. Сурет салу – көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттің неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады. Салынған суретке деген көзқарастары эстетикалық баға берумен қатар танымдық қабілеттерін дамытады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған істі аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады.. Сурет салу, мүсіндеу, жапсыруды орындау үшін еңбек жасалынады, сондықтан белгілі бір біліктер, дағдылар қажет. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен сурет сала білу маңызды рөл атқарады. Кейбір педогогтар өз міндеттерін тәрбиеленушілеріне тек қажетті техникалық дағдыны меңгерту, сурет салу тәсілдерін үйрету, қылқаламды ұстай білу, бояу, бор, қарындаш, фломастермен жұмыс істеуді меңгерту деп ұғынады. Сурет салу да балалар айналадағы қызықты құбылыстарды көре білу қажет. Бала үшін сурет салу – сезім, көңіл-күйді берудің бірінші құралы. Ұстаз бала жұмысының нәтижесіне қарай отырып баланың ішкі сезімін, жан дүниесін көре алады. Сурет салу іс-әрекеттерінде балалардың қызығушылық сезімдерін дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Ұстазтың мақсат-міндетіне сай балалар өнер жанрларын, стильдерін (сюжет, портрет, натюрморт, графика, скульптура) түсініп қабылдай білуі шарт. Сурет салу іс-әрекетінде суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер еңбектерімен таныстыру, ертегілер бойынша салынған суретшілер иллюстрацияларын көрсету, түрлі саяхат сабақтар өткізу (мұражайлар, жергілікті суретшілер үйіне) т.б. өткізген шарт. Осындай оқу әрекетінде балаларды өнерге деген қызығушылықтары дамиды. Сурет салу әдістерін меңгерту мақсатында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану балаларға қызығушылықтарын дамытады.

Дәстүрден тыс сурет салу әдіс-тәсіл түрлері: мөр басу, кляксография, монотипия, ылғал бетте сурет салу, май шаммен, түрту, нүктемен, саусақпен т.б. дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану ойлау қабілеттерін, қиялын шығармашылық қабілеттерін дамытады. Әрбір оқу іс-әрекеттерінде түрлі әдісті қолдану балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз беттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді. Бейнелеу іс-әрекеті балаларды мектептегі бейнелеу өнері сабақтарына дайындау үшін арнайы дайындықтан өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін төмендегідей практикалық материалдар болу керек. - Суреттер, мүсіндер, халықтың қолданбалы өнерінің бұйымдар жинағы. - Классикалық саздар жинағы. - Бейнелеу құралдарының жинағы. - Байланыстыра сөйлеуге басты назар аудару қажет (живопись, скульптура шығармалары бойынша шығармашылықәңгімелер). Балалардың Қазақстан өнері, оның қайнар көздерімен негізін салушылар туралы білімдерін кеңейтіп, байыту керек. Әртүрлі халықтардың мәдениетін түсіне, ажырата білуге үйрету. Осы мақсатта халықтық ойыншықтар арқылы образдар құра білуге үйрету керек. Осылайша, бейнелеу өнері – мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен, балалардың эстетикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамыту. Ақ-қара граттаж Граттаж сөзі француз тілінен яғни grater «тарау», «тырнау» деген мағына береді. Бұл графика техникасымен 20 ғ.суретшілері айналысты. Ресейде алғашқы болып көптеген тамаша туындылар қалдырған М.В.Добужинский болды. Граттография тәсілін игеру үшін талапкер әдетте мынадай жұмыстарымен бастайды.Жұмысты орындай отырып біріншіден қағаз бетін тең етіп балауыз (воск) шаммен немесе паранфинмен жағынды жағып шығып,(бірнеше қабат) сонан кейін жалпақ қылқаламмен немесе мақтамен үстіңгі бетін тушьпен біртекті етіп жағылады. Тушьтың,майлы балауыздың бетке толық жағулуын қадағалаймыз. Тушьпен қара өндік қабаттар жағылған соң,өткір затпен ине немесе пышақ,тоқыма біздерімен тырналап бейне сурет салынады. Қара өнде жіңішке нәзік қағыстар(штрихтер) беріліп,нәтижесінде бейне бір жеңіл жүмбақ куйінде көрінеді. Яғни қара өнде әсерлі ақ бейнелер пайда болады.

Шаблонография. Бір затты салу үшін оның қаңдай бөліктерден тұратынын білуіміз керек. Балалар ерте жасынан ойыншықтары қаңдай фигуралардан тұратынын зерттеуге ұмтылады. Жасы келгенде,баланың тәжірибесі де арта түседі. Бұл әдіс алдын ала дайындалған шаблондар арқылы – геометриалық фигураны – жалпы сюжет алу үшін саламыз.

Кляксография. Бұл әдістің негізі – клякса. Клякса көп адамдардың түсінігінде ұқыпсыздықтың белгісі.Сондықтан осы әдіс арқылы кляксографияны таңымды және балалардың салынатын суретінің симметриясын қолдану,бір жаққа бояу дағын қойып,екінші жағына бірдей етіп бастырамыз,сонда әдемі өрнектерді аламыз. Оларда ағаштардың,гүлдердің ерекше суреттерін тануымызға болады. Клякса – бұл сиядан,бояудан дақтар. Дегенмен,клякса сурет салуға көмек тиюі мүмкін.Бұл кезде бояу арқылы әр түрлі дақтар қалдырып,оны керемет өнер туындысына айналдырамыз.Егер қағазды екіге бөліп,оның бір жағына бояуды тамызып,оны симметриялы екінші жағына ауыстырсақ,ерекше ою өрнектер алынады.

Монотипия. Бұл сурет салу техникасы сулы беттегі обьектілердің айналық көріністерін алуға қолданылады, кляксографияға ұқсайды: қағаз тігінен екіге бүктеледі, бір жағына келешек пейзаждың обьектілерінің элементтерімен жекеленіп салынады, ал салынып болғаннан кейін қағаз екіге бүктелінеді, басылады, қағаздың екінші бөлігінде суреттің кескіні алынады. Алыңған сурет қайтадан бояумен басылып шығады.

Түстерді араластыру. Түстерді араластыру – бұл бір түстердің екінші бір түске ауыстыру тәсілі. Үш негізгі түсті (қызыл, көк, сары) араластыру арқылы жаңа түстерді алуға болса, ал бояуға қара мен ақ түстерін қосқанда, алғашқы түстің басқа түрлері пайда болады. Бояуларды палитрада немесе ақ керамикалық плиткада, тәрелкелерде араластырады. Ақшылдау түстен бастап кішкене мөлшерден қосады, кейін түстерді өзара біртіндеп араластырып, керек түсті алғаннан кейін ғана оны қағаз бетіне түсіреді.  

Саусақтармен сурет салу. 1-2 жастағы балалар бояу жаққышты пайдалануға әлі кішкентай, сондықтан да бұл балалар үшін ең тиімді сурет салу әдісі – саусақтармен сурет салу. Шындығында келгенде, саусақтармен сурет салу – ең қарапайым, әрі жеңіл жұмыс болып табылады – саусақтарыңды бояуға батыр да, суреттерді сала бер. Тіпті, енді дамып келе жатқан балалардың суреттері әдемі шығатынын айта кеткеніміз жөн.

Живопись. Живопись дегеніміз — әр түрлі бояу түрлерімен жазықтык, бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу деген мағынаны білдіреді.Живопись бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады.Живопись суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т. б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері: акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т. б. Живопись — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған, біз музейлерде қызықтайтын картиналар ғана емес. Кескіндеме ұғымы кең әрі мейлінше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы, түрлі сулы бояулармен — темперамен, гуашьпен, акварельмен салынган живопись болады. тіпті аздапбоялған суретке (пастель) ауысатын кескіндеме бар, жартылай гравюра кескіндеме (монотипия) бар. Жанрлар. Живопиcь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса, екіншілері пейзаждарды, үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп аталады. Жанр сөзі француздың түр немесе тек сөзінен шыққан. Живописьте мынадай жанрлар бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет және тақырыптық картина. Айта кету керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал картиналаржанрлықкартиналардепаталады.

Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды – үш мың жылдан астам уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым өз бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді екен деп есептеді. Үлкен шебердің шабытты қолымен жазылған әрбір портрет шынында да рухтанғандай болады, портретке түсірілген бет-әлпетте ой, қайғы-күйініш, қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады. Портреттің бірінші және қажетті сапасы – оның түпнұсқасымен ұқсастығы. Бірақ бұл, математиктер айтатындай, қажетті, бірақ жеткіліксіз шарт. Адамның сыртқы белгілерінің арғы жағынан біз бейнелеушінің ой-арманын, қуаныш-күйінішін, ішкі жан дүниесін тап басып, сезінуге тиіспіз. Біз суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.

Балалардың жасы: 5 жастан жоғары. Сабақтың тақырыбы: «Көңілді кляксалар» Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды кляксографие сынды сурет салу техникасымен таныстыру; 2.Байқаусызда алынған дақтардан әдемі суреттер алуды үйрету, шынайы бейнелерге оларды жақындатып салу. 3. Баланың ойлау жүйесін, қиялын, шығармашылық қызметін дамыту; Сабаққа қажетті материалдар: - А4 альбом қағазы; - гуашь; - фломастерлер; - бояу жаққыш; - қауырсын, тушь бар банка; - кляксографие бойынша дайын жұмыстар, үлгі үшін. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырушылық бөлім Ұстаз. Клякса – бұл сиядан, бояудан қалған дақтар. Дегенмен, клякса сурет салуға көмек тиюі мүмкін. Бұл кезде бояу арқылы әр түрлі дақтар қалдырып, оны керемет өнер туындысына айналдырамыз. Егер қағазды екіге бөліп, оның бір жағына бояуды тамызып, оны симметриялы екінші жағына ауыстырсақ, ерекше ою өрнектер алынады. Сергіту жаттығуы: Отырып-ақ орныңда Айдың көлді кешемін Сен білмесең егерде Былай ескек есейік.

2. Практикалық бөлімі 1. Қағазды ұзындығы бойынша екіге бүктеп, қағазды ашамыз. 2. Бояу жаққышқа бояу алып, қағазға тамызамыз. 3. Қағазды бүктеп, ашамыз, не шыққанын қараймыз Осылайша басқа түстермен де істеп көреміз, мұның бәрін бояу кеуіп үлгермегенше жасаймыз. Кімде қандай суреттер шығатынына қарай, суреттерді қосымша элементтермен фломастер мен түрлі түсті бояулардың көмегімен толықтырамыз. Жұмыс барысында мұғалім балалардың сурет салуын бақылайды. 3. Сабақтың қорытындысы: Ұстаз балалармен бірге жақсы шыққан суреттерді таңдап, мадақтайды. Бұл әдіс балаларды кез-келген қателіктен жақсы нәтиже алуға үйретеді.

Балалардың жасы: 5 жастан жоғары. Сабақтың тақырыбы «Өзен» Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды пейзаж ұғымымен таныстыру; 2. Пейзажды монотипия әдісімен салуды үйрету, симметрия туралы танымдарын бекіту; Сабаққа қажетті материалдар: - өзеннің суреті; - А4 альбом қағазы, оның оң бөлігі көк (аспан) түспен, сол жағы көгілдір (су) түспен боялған; - акварель; - бояу жаққыш; Жұмыс барысы: 1. Ұйымдастырушылық бөлімі Тәрбиеші. Бірдей элементтерге, түстерге, құрылымдарға ие, бірақ екі жақта орналасқан суреттер симметриялы деп аталады. Бүгін біз монотипия әдісімен сурет салуды үйренеміз, бұлай аталатын себебі: моно «бір» дегенді білдірсе, типия «баспасы, сондай үлгісі» дегенді білдіреді. Бұл әдіс кляксографиемен ұқсас, бірақ оған қарағанда қағаздың бір бөлігіне нақты бөліктері бар сурет салынады, кейін ол қағазды екінші жағына ауыстырғанда оның келбеті болып шығады. Тек біз бұл үшін дайын бір жағы көкке, ал екінші жағы көгілдір түске боялған қағазды алғандықтан, біздің суреттеріміз өзеннің жағасындағы суреттер болып шығады. Тәрбиеші балаларға өзен жағасындағы заттарды есіне алып, суретті салып көруді ұсынады. 2. Практикалық бөлім 1. Көк түсті қағаз бөлігіне гуашьтың көмегімен сатылай пейзаждың объектілерін саламыз: жапырақтары бар бір немесе бірнеше ағаштар (жасыл, түрлі түсті мезгілге қарай), шөптер, таулар, үй, күн, аспан және т.б. 2. Суреттер салынған кейін қағаздың сызығымен ол екіге бүктеледі. 3. Сурет екінші қағаз бөлігіне басылғаннан кейін екінші бөліктегі суретті бояулармен қайта бояп шығамыз. Судағы келбетті боямаймыз, өйткені ол шашыраңқы болып қалуы керек.

Балалардың жасы: 4-7 жас аралығы. Сабақтың тақырыбы: «Шаблон бойынша сурет саламыз» Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды күрделі құрылымды заттардың жеке фигураларын зерттеуге ұмтылдыру. 2. Балаларды бір материалға әр жақтан қарауға үйрету, олардың ақыл-санасын дамыту. 3. Шаблонографияға үйрету. 4. Қозғалыстар координациясын дамыту, қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру. Басуға арналған материалдар: - альбом қағазы; - әр түрлі өлшемдегі геометриялық фигуралар; - қарындаш; - түрлі-түсті қарындаштар; - әр түрлі-түсті геометриялық фигуралар; Жұмыс барысы: 1. Ұйымдастырушылық бөлім Ұстаз. Біздің дүние әр түрлі формалардан тұрады. Бүгін біз дайын геометриялық объектілерден шаблондар жасаймыз: үшбұрыштар, шеңбер, квадрат, тіктөртбұрыш, тек біз оларды бояп - шаблондар – толық фигураның суреті шығады.

2. Практикалық бөлімі 1. Суреттің құрылымын ойластырамыз, басты және қосымша сюжеттерді анықтаймыз. 2. Объектіні жасауды осыдан бастаймыз: алдымен ең ірі басты фигураны бояп, кейін кішкентайларын бояуға кірісеміз. 3. Жай қарындашпен персонаждың құрылымын бояп шығамыз 4. Дайын композицияны түрлі-түсті қарындаштардың көмегімен бояймыз. Сергіту жаттығуы: Айгөлек-ау, айгөлек, Айдың жүзі дөңгелек Айдай толған кезімде, Би билеймін дөңгелеп. 3. Сабақтың қорытындысы Балалар айналасындағы заттардың формасымен ажырата алады. Ұқыптылық пен зейінділікке үйренеді.

Балалардың жасы: 2 жастан жоғары. Сабақтың тақырыбы: «Саусақтардың ізі» Сабақтың мақсаты: Сурет салудың ең қарапайым, әрі қызықты әдісі «Саусақтармен сурет салу» әдісімен таныстыру. Жұмыс барысы 1. Бала саусақтарының ұшын бояуға батырады. Бала саусақтарын бояуға толық батырмауын бақылап отырыңыз. 2. Балаға қағаз бетінде қалайша нүктелерді қою керектігін көрсетіңіз. Қажет болған жағдайда баланың қолын алыңыз да өз қолыңызбен нұсқаулар көрсетіңіз. 3. Түстерді ауыстырғанда баланың қолын суы бар ыдысқа жуып тастап, қолдарын шүберекпен сүртеміз. Саусақпен сурет салудың бірнеше тәсілдері бар: - саусақтардың ұшымен суреттер саламыз, сызықтар жүргіземіз, нүктелер қоямыз (1–2 саусақтарды бояп, оны қағаз бетіне түсіреміз – жұлдызшалар, ағаштар, бұтақтар пайда болады), саусақтарды бір түйінге жинаймыз (осылайша, гүлдерді, қыстық қар бүршіктерін аламыз); Балаға алдын ала салынған заттарды саусақтарымен басып шығу қызықты болады (күнбағыс, шыбынжұт, қызыл қоңыз, көйлектегі домалақ іздерді салу және т.б.) немесе сюжеттік суреттерді толықтыру (құлап бара жатқан жаңбырды, әтешке арналған дәнді салу және т.б.). - Үлкен саусақ жағынан жұдырықпен саламыз (әдемі раушан гүлдерін, ұлу, қабыршақтар шығады) - Жартылай ашық жұдырықпен саламыз, мысалы кемпірқосақ, банан және т.б. саламыз. - алақанмен саламыз, ол кезде саусақтар жұмулы тұрады (көбелек - екі боялған алақандарды қағазға тігінен қоямыз, балық - бір алақанды қағазға көлбеу қоямыз). Саусақтармен сурет салудың артықшылықтары: саусақтармен сурет салу кезінде баланың ойлау өрісі дамиды, шығармашылық қабілеті қалыптасады, бала түстерді жақсы ажырата бастайды, ол баланы бояу жаққышты қолданып сурет салуға дайындайды, сөйлеу мен ойлау деңгейлерін арттырады.

Бала өсіп, қарындаштың немесе бояу жаққыштың көмегімен сурет сала бастағанның өзінде де, саусақтармен сурет салуды қойдыруға болмайды. Өйткені осы кезде баланың фантазиясы мен ойлау қабілетінің шексіз деңгейлері ашылады. Бала қажетті картиналарды салу үшін саусақтарын әр түрлі бағытта қимылдата алады. Балаға екі қолымен де сурет салуға кедергі жасамаңыз, өйткені сол кезде оның миының екі жағы да жұмыс істей бастайды. Сергіту жаттығуы: Бала, бала балақан, Кәне, қайсы алақан. Саусақтарын әйбат, Былай-былай ойнат. Топ-топ басайық, Жалаудан күн жасайық. Жаса, жаса алтын күн Жаса, жаса жарқын күн (Балалар мұғалімнің жасаған әрекеттерін қайталайды). 2 сурет – Саусақтармен сурет салу әдісінің үлгілері   Сабақтың қорытындысы: Берілген тапсырманы ұқыпты, тиянақты орындауға дағдыланды.  

 Балалардың жасы: 5 жастан жоғары. Сабақтың тақырыбы: «Күздің алтын суреттері» Сабақтың мақсаты: 1.Баланың бойында табиғаттың күздік құбылыстарына қызығушылығын арттыру, күздің әдемілігіне эмоциялық сезімдерін ояту; 2. Сурет салу өнерінің жаңа әдісімен – «Жапырақтардың ізі» - таныстыру; 3. Балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту; 4. Балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру. Сабаққа қажетті материалдар: - әр түрлі ағаштар түрлерінің жапырақтары (4-5 түрі); - А4 өлшемді 2 альбом қағазы; - гуашь бояулары; - бояу жаққыш; - суы бар стақан; - сүрткіш; - «Алтын күз» суреті; - жапырақтарды жинауға арналған қорапша. Алдын ала жұмыс: күз кезіндегі табиғатты тамашалау, күз туралы әңгімелесу, «Алтын күз» суреттерін назар аударып талдау. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастырушылық бөлімі Ұстаз. «Қызыл-сары жапырақтар» Қызыл-сары жапырақтар Ағаштардан ұшады. Қызыл-сары жапырақтар Жерге қарай ұшады Ұшады, ұшады жерге қарай ұшады. Күзде жамбыр жауады, Жел суытып соғады, Қызыл-сары жапырақтар Желмен бірге ұшады. Ұшады, ұшады желмен бірге ұшады – дегендей, күз мезгілінде жапырақтар барынша түрлене түседі. Жапырақтың түсі ауа-райына байланысты: күзде қаншалықты күн сәулесі көп түссе, жапырақтардың түсі соншалықты ашық болады. Сергіту жаттығуы: Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Білімде алда болайық. Ұстаз. Біз әр түрлі күздік жапырақтар жинадық. Оларға жақсылап назар аударыңдар, сендер бір-біріне ұқсайтындарын табуларың қиынға соғады, өйткені әрқайсысы ерекше. Бүгін біз сендермен күзгі ағаштарды ерекше әдіспен саламыз, ол үшін біз күзгі жапырақтарды гуашьқа батырып, мөр етіп қағазға басамыз. 2. Практикалық бөлімі 1. Кез-келген жапырақты таңдап алып, оған сары, қызыл, жасыл т.б. бояуын жағамыз. 2. Боялған жапырақты альбом қағазының бетіне қоямыз да, жайлап басып, қозғалтпай аламыз. 3. Келесі жапырақтарды басқа түске немесе бірден бірнеше түстерге бояп қағаз бетіне жабыстырып, кейін аламыз. Сабақтың қорытындысы: Балалар күздің ерекшелігімен танысты, жапырақтармен суретті сәнді етіп салудың әдісін меңгерді, ұқыптылық пен жинақылыққа дағдыланды


Балалардың жасы: 1 жастан жоғары. Сабақтың тақырыбы: «Бояулар» Сабақтың мақсаты: 1. Балалардың түстер туралы білімін бекіту, хроматиялық (негізгі) және ахроматиялық түстермен таныстыру; 2. Жаңа түстерді алу жолдарымен таныстыру; 3. Қоршаған ортаны тануды дамыту. Сабаққа қажетті материалдар: - спектральды дөңгелек; - балауыз қарындашпен гүлдің суреті салынған А4 өлшемді ақ қағаз; - түстерді араластыру үшін қосымша қағаз; - гуашьбояулары; - бояу жаққыш; - суы бар стақан; - палитра; Алдын ала жұмыс: кемпірқосақ суретіндегі түстерді зерттеу. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырушылық бөлім Ұстаз. Балалар біз қоршаған ортаға назар аударып қарасақ, айналамыздағы әр түрлі түстерге тәнті боламыз: көгілдір аспан, сар күн, жасыл шөп, түрлі-түсті үйлер. Алайда осы әр алуан түстер басты және қосымша түртер бөлінеді екен. Негізгі түстер – қызыл, көк, сары. Бұлар хроматикалық түстер деп аталады, яғни түрлі-түсті. Түстердің бір құпиясы бар екен: оларды араластырып, басқа түстерді алуға болады. Көк пен қызылды араластырып, біз күлгін түс аламыз. Ал егер, көк пен сарыны араластырсақ, жасыл түс аламыз. Қызыл мен сарыны араластырып, қызғылт сары түс аламыз. Ұстаз аталған түстерді араластыруды балаларға ұсынады. Ұстаз. Ақ пен қара түстер ахроматикалық түстер болып саналады, яғни түрлі-түсті емес. Оларды араластырсақ – сұр түс аламыз. Ақ түс – өте нәзік, сондықтан оны түстерді араластыруда қолданғанда, алдымен бояу жаққышқа ақ түсті аламыз, ал қара түс керісінше, ең мықты түс, сол үшін оны бояу жаққышқа соңынан алады.9

Сабақтың қорытындысы: Балалар түстерді жақсы меңгерді, енді оларды еркін ажыратумен қатар, оларды өзара араластырып, қажетті түстерді алады.

Қызыл-сары жапырақтар Желмен бірге ұшады. Ұшады, ұшады желмен бірге ұшады – дегендей, күз мезгілінде жапырақтар барынша түрлене түседі. Жапырақтың түсі ауа-райына байланысты: күзде қаншалықты күн сәулесі көп түссе, жапырақтардың түсі соншалықты ашық болады. Сергіту жаттығуы: Қане қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық. Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Білімде алда болайық. Ұстаз. Біз әр түрлі күздік жапырақтар жинадық. Оларға жақсылап назар аударыңдар, сендер бір-біріне ұқсайтындарын табуларың қиынға соғады, өйткені әрқайсысы ерекше. Бүгін біз сендермен күзгі ағаштарды ерекше әдіспен саламыз, ол үшін біз күзгі жапырақтарды гуашьқа батырып, мөр етіп қағазға басамыз. 2. Практикалық бөлімі 1. Кез-келген жапырақты таңдап алып, оған сары, қызыл, жасыл т.б. бояуын жағамыз. 2. Боялған жапырақты альбом қағазының бетіне қоямыз да, жайлап басып, қозғалтпай аламыз. 3. Келесі жапырақтарды басқа түске немесе бірден бірнеше түстерге бояп қағаз бетіне жабыстырып, кейін аламыз. Сабақтың қорытындысы: Балалар күздің ерекшелігімен танысты, жапырақтармен суретті сәнді етіп салудың әдісін меңгерді, ұқыптылық пен жинақылыққа дағдыланды.

Түстерді араластыру Түстерді араластыру – бұл бір түстердің екінші бір түске ауыстыру тәсілі. Үш негізгі түсті (қызыл, көк, сары) араластыру арқылы жаңа түстерді алуға болса, ал бояуға қара мен ақ түстерін қосқанда, алғашқы түстің басқа түрлері пайда болады. Бояуларды палитрада немесе ақ керамикалық плиткада, тәрелкелерде араластырады. Ақшылдау түстен бастап кішкене мөлшерден қосады, кейін түстерді өзара біртіндеп араластырып, керек түсті алғаннан кейін ғана оны қағаз бетіне түсіреді.

Білім беру жүйесіндегі жүргізіліп отырған реформалау — қазіргі күннің талабы.

Реформалауды жүзеге асырудың жаңа бір сипаты, ол қазіргі уақыттағы оқыту мен тәрбие беру процесіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу болып отыр. Оқу — тәрбие процесіндегі жаңа педагогикалық технология дәстүрлі оқыту процесін мүлдем жоққа шығаруға болмай, керісінше, оны дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен, жаңа мақсат-міндеттермен байыту болып табылуы керек.

Жаңа педагогикалық технология дегенді — тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы деп түсінетін болсақ, ол — педагогикалық жүйенің басты мақсаты: жан-жақты дамыған немесе өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру;

— осыған орай, қытай даналығы «оқушы құйып толтыратын ыдыс емес, ол жағатын шамшырақ» деп пайымдауын еске түсіруге болады.

Оқытушы жүйелеп оқыту материалдарын пайдалану арқылы оқушыға алған білімін өз еркімен саналы түрде, шығармашылық тұрғыда дамыта алатындай әсер етуі қажет.

Білім жүйесін реформалаудағы алға қойылған мақсат-міндеттерді орындау барысында бейнелеу өнерін оқытудың маңыздылығы ескеріліп, басқа пәндермен бірдей деңгейде қарастырылуда.

Бейнелеу өнерін оқытудағы жаңа педагогикалық технологияларға тоқталатын болсақ, ол — соңғы техникалық құралдармен жабдықталған, шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі.

Бейнелеу өнерін оқыту тәжірибесінде қолданып жүрген бірқатар дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді атап айтсақ, олар — ойын, сайыс, көрме, соның ішінде:

  • тірілген туынды — туынды оқиғасын кеңістікте көрсету;

  • мазмұн мен көңіл-күйді көшіру — музыканы жазықтықта бейнелеу;

  • ұйықтап тану — жұмулы көзбен көріністі, белгілі бір бұйымды ұстап тану және оны мүсіндеу;

  • ауада сурет салу — белгілі бір бейне ізін ауада сызып көрсету;

  • ауызша сурет салу — музыканы, өлеңді ауызша суреттеу.

Сабақ жүйесіне енгізілген дөстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ, өзіндік іс-әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан, үлкен өнер туындыларынан сұлулықты көріп қана қоймай, оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік әсерін түсініп, оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап, саналы түрде талдап баға беруге, өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді. Б. М. Неменский өз еңбектерінде мұндай сабақтарға енгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер оқушылардың арасында бір-бірімен шығармашылық бірлікті, оқытушы мен оқушының арасында ортақ бірлікті қалыптастырады деген.

Бейнелеу өнері және оның әдістемесі пәнінде «Портрет» тақырыбына сабақтың өтілуі. Өткізілетін сабаққа тоқталсақ: онда сабақ мақсаты — портрет жанры туралы түсінік беріп, портретті бейнелеу тәсілдерін үйретіп, шығармашылық, өнертану қабілеттерін дамытуға болады.

Сабақ барысында қайта өрлеу дөуірінің ұлы суретшілері Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти, қазақ бейнелеу өнерінің атасы Әбілхат Қастеевтің портреттік шығармалары кең қолданылып, портрет жанры, портретті бейнелеу тәсілдері жөнінде түсінік беріледі.

Дәстүрлі сабақтарда портретті натурадан немесе елестету арқылы бейнелеу тапсырылатын болса, ал бұл сабақта машықтық жұмысқа жоғарыда көрсетілген суретшілер туындыларындағы композицияны, қимылды пайдалану арқылы өзіндік жаңа образ бейнелеу. Мысалы: Рафаэльдың «Мадонна Темпи» атты туындысындағы ана образын әр оқушыға өз анасының образында бейнелеу ұсынылады.

Бұл ұсыныс оқушылардың біріншіден, ұлы суретшілер шығармаларының композициялық құрылымына, түсінік шешіміне, орындау әдісіне талдау жасауларына мүмкіндік туғызады. Екіншіден, ақ қағаз алдындағы кедергілерді тез жеңіп, суретшілер шығармаларын бағытқа ала отырып, жаңа образ жасауларына көмектеседі. Үшіншіден, шығармашылық, икемділік дағдымен қатар өнерсүйгіштікке, өнер танушылыққа тәрбиелейді, баулыйды.

Осы тәсілді табиғат көрінісін бейнелеуде, тақырыптық бейнелеу сабақтарында қолдануға болады.







ҚОРЫТЫНДЫ

Мектеп жасына дейіңгі балалардың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің даму мүмкіндіктеріне сүйеніп оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілгін қамтамасыз ету үшін бұрыңғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырылмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейіңгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.

Бейнелеу өнері-мектеп жасына дейіңгі балалардың қызығушылықпен айналысатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу, мүсіндеу, жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көңіл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері, ең алдымен балалардың этикалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ойлау қабілеттерін дамытады.

Сурет салу іс-әрекетінде балаларда эмоциялық көңіл-күй пайда болды. Сурет салу- көркемдік шығармашылық іс-әрекет. Өмірдегі алған әсерлерін бейнелеумен қатар, бейнеленген суретке деген қарым-қатынасын білдіреді. Суретті салған уақытта балалар салынған суреттін неге ұқсайтынын, оның нәтижесін айтып, өз көзқарасын білдіре алады. Сурет салу оқу іс-әрекетінде балаларда бастаған іс-әрекетті аяқтау, ой тұрақтылығы, мақсатқа жету және қиындықты жеңе білу қабілеттері ашылады. Бейнелеу іс-әрекетінде бақылай білу мен суретті сала білу маңызды рөл атқарады.









ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Возрастная и педагогическая психология. Тексты. - М.: МГУ, 1992.
2 Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991.
3 Грэйс Крайг. Психология развития. - СПб., 2000.
4 Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. - М., 1996.
5 Кулагина И.А. Возрастная психология: Развитие ребенка от рождения до 17 лет. – М., 1998.
6 Леонтьев А.Н. Проблемы развитие психики - М., 1981.
7 Мухина В.С. Возрастная психология. - М., 1998.
8 Обухова Л.Ф. Детская психология: Теория, факты, проблемы. – М., 1995.
9 Оклендер В. Окна в мир ребенка. / Руководства по детской психотерапии. – М., 1997
10 Байжігітов. Бейнелеу өнерінің теориялық мәселелері. Атырау., “Өнер”., 2005
11 Қ.Әмірғази. Қазақтың бейнелеу өнері. Алматы., “Өнер”., 1969
12 Мизамбаев Р. Живопись және оның негізгі мәселелері. Алматы., “Өнер”., 1999
13 Л.Любимов. Батыс Европа өнері. Алматы .,“Өнер”., 1982
14 Кузьмина М.Т. Юному художнику. Москва., “Просвещения”., 1963
15 А.С.Шипанов. Әуесқой жас суретшілер мен мүсіншілер Алматы .,“Мектеп”., 1986
16 Е.В.Шорохов. Композиция. Москва., “Просвещения”., 1986
17 Ә.Төлебиев .«Сурет сала білесің бе ?» Алматы., «Өнер»., 1990
18 Федеоров С.Изобразительное искусство Москва.,“Просвещения”., 1977
19 Л.Любимов Искусство деревного руси. Москва., “Просвещения”., 1981.
20 Ғалиев В.З. Қазақстан ХІХ ғасыр суретшілерінің шығармаларында.
Алматы., “Өнер”., 2005





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1561
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі