Материалдар / Бейнелеу өнері әлеміне саяхат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейнелеу өнері әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2021
389
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бейнелеу өнері әлеміне саяхат»

(Сыныптан тыс шара)

Сынып: 5 «Ә»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру, бейнелеу өнерінің қыр - сырын жан - жақты үйрету, алған білімдерін еске түсіру. 
Дамытушылық: Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. 
Түрі: сайыс сабақ 
Әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, құрастыру, тақырыпқа сурет салу. 
Көрнекілік: слайдтар, құрастырма суреттер, карточкалар.
Құрал-жабдықтар: плакат, қарындаштар,фломастер, қайшы, желім, акварель бояулары, қылқалам. 

Сабақ барысы:

Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар! Бүгінгі «Бейнелеу өнері әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс – шарамызға қош келдіңіздер. Балалар, саяхатымызды бастамас бұрын ортаға шығып шеңбер құрайық, бүгінгі сабақта қандай көңіл – күй тілейсіңдер, соны қағазға смайлик түрінде салып бір – бірімізге сыйлайық.Орнымызға отырмай тұрып топқа бөлінейік. (Эмблема арқылы екі топқа бөлу).

Балалар, бүгінгі саяхатымыз сайыс түрінде өтеді.(Тақтаға Бейнелеу өнері елінің картасын іліп қоямын). Сендер әр аралда қарақшылар жасырған тапсырмаларды орындауларың қажет, тапсырмалардың барлығын орындасаңдар, қарақшының сендерге арналған тосын сыйы бар. Ортамызда екі топ сайысқа түспекші : І топ «Кескіндеме», ІІ топ «Графика». Әр топ өздерінің ұрандарымен таныстырып өтсін.

«Кескіндеме» тобы.

Талабы таудай баламыз,

                                 Тамаша сурет саламыз.

                                 Шабыттансақ белестерді,

                                 Бағындыра аламыз.

«Графика» тобы

Біз өнерді сүйеміз,

                                Көңілімізге түйеміз.

                                Көрсетіп бар өнерді,

                                Жеңіске де иеміз.


Жүзден жүйрікті, мыңнан тұлпарды анықтайтын әділқазы алқасын сайлап алайық:

1.

2.

3.

4.

Саяхатымыз 4 кезеңнен тұрады:

1.«Қызғалдақтар »аралы.

2. «Натюрморт» аралы.

3. « Құпия сөздер » аралы.

4. «Граттаж» аралы.


Сайысымыздың әр кезеңі 5 баллмен бағаланады.Кезеңдермен таныс болсақ саяхатымызды бастайық.

1.«Қызғалдақтар аралы». Тапсырма: Сұрақтарға жауап бере отырып қызғалдақтарды жинап, гүл шоғын жасау қажет. Дұрыс жауапқа 1 қызғалдақ.

Барлық сұраққа дұрыс жауап берген топқа 5 ұпай беріледі. Ойлануға 1 минут беріледі.

Кескіндеме тобына:

  1. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата? (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистік жанр, маринистік жанр)

  2. Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарма? (Пейзаж)

  3. Суға тез еритін бояу? (Акварель)

  4. Қарындаш дегеніміз не? (Сырты ағаштан, өзегі графиттен жасалған сурет салу құралы)

  5. Аспан мен жердің қиылысатын сызығын не дейміз? (көкжиек сызығы)

  6. Су әлемін бейнелейтін жанр қалай аталады? (маринистік жанр)

Графика тобына:

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата? (кескіндеме, графика, дизайн, мүсін, сәулет өнері, сәндік -қолданбалы өнер)

  2. Адам келбетін бейнелейтін жанр қалай аталады? (портрет)

  3. Түстер неше түрге бөлінеді және қандай? (2-ге, жылы және суық)

  4. Жануарларды бейнелейтін көркем шығарма? (анималистік жанр)

  5. Қалам, тушьпен салынған өнер қалай аталады? (графика)

  6. Натюрморт деген не? (Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма)


ІІ .«Натюрморт» аралы. Аппликация техникасында натюрморт құрастыр. Яғни, берілген суреттерді жапсырып ,натюрморт құрастыру қажет. Композиция дұрыс құрылған топқа 5 ұпай беріледі.


ІІІ. « Құпия сөздер» аралы. Берілген торкөздің ішіне жасырылған бейнелеу өнеріне байланысты сөздерді табу қажет. Көп сөз тапқан топқа 5 ұпай беріледі.

Н

А

Т

Ю

Қ

Ы

Л

Қ

А

Л

А

М

П

Е

Й

Р

М

О

Р

Т

М

Ү

С

І

А

С

З

А

Ж

Г

Р

А

Ф

И

К

Н

К

Ә

Қ

А

Р

Ы

Н

Д

А

Ш

А

А

В

У

П

Е

Р

С

П

Е

К

Т

И

В

А

Л

Д

П

О

Р

Т

Р

Е

Т

Т

У

Р

Е

И

П

А

Л

И

Т

Р

А

М

Ш

Е

Т

З

А

Й

Н

А

Л

Ь

Б

О

Ь

Л

Ь

К

О

М

П

О

З

И

Ц

И

Я


Барлығы 15 сөз: натюрморт, пейзаж, қылқалам, мүсін, акварель, сәулет, графика, қарындаш, перспектива,портрет, дизайн, палитра, альбом, тушь, композиция.


IV. «Граттаж» аралы. Граттаж – сырып салу техникасын қолданып «Су асты әлемі» атты тақырыпқа сурет салу.


VІ. Қорытынды. Сайысты қорытындылау. Әділ – қазылар алқасының шешімін тыңдап, топтарды марапаттау. Балалар сендер бүгінгі сабағымызда қарақшының жасырған тапсырмаларын өте жақсы орындап, белсенділік таныттыңдар. Сондықтан қарақшының сендерге арналған тосын сыйын табыс етуге рұқсат етіңіздер.

VІІ. Рефлексия.

Бояу тамшыларына (клякса):

1. Бүгінгі сабақта не ұнады?

2. Не үйрендің?

3. Қай кезең қиын болды? - деген сұрақтарға жауап жазып палитраға жапсырады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!