400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы жайлы толық мағлұмат беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бейнелеу өнерін орта мектепте оқытудың маңызы.

Баланы,әсірісе мектеп жасындағы оқушылыарды бейнелеу өнеріне баулу қашанда кезек күттірмейтін міндетіміздің бірі болып табылады.Ұлы Абай атамыз 33-қара сөзінде былай: «Егер мал керек болса,қолөнер үйренбек керек.Мал жұтайды,өнер жұтамайды.Алдау қоспай,адал өнерін сатқан қолөнерлі қазақтың әулиесі сол».

«Әулие деген қазақтың түсінігінде ең құдіретті,қасиетті,киелі адам» деген мағынаны береді.Бұл қара сөзінде өнерді,жалпы өнер адамын қазақтың қастерлі адамы деп әулиеге теңеп отырған.Мысалы, адамдардың қолымен жасалған әдемі заттарын киелі деп қастерлеп, төрге қойып,оны өзінің өсіп келе жатқан балалары мен немерелеріне мұра қалдырғаны белгілі.Бұл дәстүр біздің елімізде ғасырдан ғасырға жалғасын табуда.Өнердің негізгі саласының бірі бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері адамның өз ортасының әсемдігін түсінуге көмек көрсететін ең алғашқы білім.Сурет салуды сүю өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю.Осы бейнелеу өнерін жүйелі оқыту,оған баланы жастайынан баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымыздағы байыпты міндеттер қойып отыр.Бейнелеу өнері сабағы мектеп қабырғасында жүзеге асырылғандықтан,оны жүйелі қызықты өткізу балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру осы пән мұғалімнің міндеті.Бейнелеу өнері пәнінің орта мектепте оқитын басқа пәндерге қарағандаалатын орны өз алдына ерекше.Басты міндеті балаларға бейнелеу өнерінің барлық түрлерінен жалпы мағлұмат бере отырып, қарапайым заттардың суретін бейнелеуді үйрету,өмірдегі әдемі және жаман нәрсені ажырата білу және оқыту арқылы

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.Әрине бұл қбілеттілік пен тәрбинеі оқушы тез арада меңгеріп шыға алмайды, бұл өз ретімен жүретін процесс.Бейнелеу өнерінің тарихи деректерінде балаларға сурет салуды,үйретуде оқыту міндеттері 2 бағытта жүргізілген.

Біріншісі – геометриялық,екіншісі –шығармашылық бағыт.Бұл бағыттардың қазіргі уақыттағы оқу процесіне деген қажеттілігі әлі азайған жоқ.Тарихи деректерге сүйенсек,сол кезде геометриялық сурет салу барысында оқушыларға білім мен дағдыны қалыптастыру міндеттері дұрыс орындалмаған.Ал, шығармашылық бағыт бойынша еркін тақырыпқа байланысты сурет салуда,балалардың эстетикалық талғамдарының қалыптастыруына және оқушылардың көркемдік қабілеттерінің артуына көп көңіл бөлініп кетті. Бұндай екі бағыттың бір-бірінен алшақтап кетуі, оқыту жүйесінің бірлігін бұзды. Қазіргі уақытта осы бейнелеу өнерін мектеп қабырғасында оқыту жөнінде көптеген әр -түрлі әдістемелік нұсқаулар мен ойлау ұсынылуда, тек баланың өзіне еркіндік беру арқылы оқыту керек, түрлі сурет салу техникаларын үйретудің қажеті жоқ десе, кейбір баланың салған суреті құр шимай сызық деп, баланың суретіне немқұрайлықпен қарайды. Осындай пікірлердің пайда болуының басты негізгі, ол баланың салған суреттерінің ғылыми негіздерін толық түсінбегендігінен. Соңғы кездегі орта мектептерде, қоғамда бейнелеу өнерімен тек қана осы өнерге қабілеті бар оқушылар ғана айналасу керек деген пікірлер пайда болды. Бұл ешқандай ғылыми негізі жоқ қате түсінік, себебі әрбір дені сау бала бейнелеу өнерін орта мектеп деңгейінде толық меңгеріп шыға алатынын ғалымдардың ғылыми-ізденіс жұмыстарының нәтежилері дәлелдеп беруде. Ғылыми негізсіз жеңіл пікір айтушы мына мәселені есте сақтауы қажет, ол біріншіден, орта мектеп бейнелеу өнерін оқыту барысында арнайы болашақ кәсіпқой суретшілер дайындамайды, екіншіден, ондай міндетті мектеп деңгейінде шешуге ешқандай да мүмкіншілік жоқ. Қазіргі дамып келе жатқан заманда кейбір аты шулы лицей мен гимназия мектептерінде бейнелеу өнері пәні толық пән ретінде жүргізілмей, керексіз қалдырып, оған мән берілмейтінін көріп жүрміз. Бұл біздің болашақ жастарымыздың рухани жағынан білімді болуына орны толмас кедергі жасағанымыз. Орта мектептерде басқа пәндермен қатар бейнелеу өнері пәні де толық жүйелі түрде жүргізілуі тиіс- ол өмір талабы. Көркемдік тәрбие беруде бейнелеу өнерінің тағы бір басты атқаратын міндеті- ол әрбір баланың бойына біткен табиғи қабілетін дамыту, соған қолдау жасау, болашақта суретшілік мамандықты қаламаса да, өмірде қандай да болмасын мамандықты жоғары дәрежеде меңгеруіне септігін тигізу.

Сурет әрбір адамның сезіміне қанат бітіреді, тіпті озық техниканың дамуына мол әсерін тигізетіні белгілі. Осындай бейнелеу өнерінің өмірдегі қажеттілігі, қолданыс ауқымы туралы айтылған хирургтардың және т.б. да мамандық иелерінің ойлары дәлел бола алады. Қазіргі кездері аурудан емдейтін психотерапиялық әдістердің бір түрі ретінде ғана емес, сонымен қатар адамның қандай психологиялық аурумен ауыратынын сурет салғызу арқылы айқындауға қолданып жатыр. Бейнелеу өнерін оқыту кезінде тәрбие мен оқытудың бірлігі оның педагогикалық құндылығын арттырады. Сурет сала отырып балалар затпен табиғат құбылысының ерекшеліктерін терең таниды, салып отырған заттың формасын жете түсіну арқылы баланың кеңістіктегі ойлау қабілеті жетіледі.

Бейнелеу өнерін оқыту- қандайда болсын кез-келген затты ешқандай өзгеріссіз шынайы етіп жас ерекшеліктеріне қарай бейнелеуге, балалардың орындайтын заттарына қарап, заттың формасы мен конструкциялық құрылымын анықтауға үйретеді, талдау және есте сақтау қабілетін жүйелі түрде қалыптастырады. Сонымен, бейнелеу өнерін оқыту, жалпы жастарға көркемдік білім беруде зор мағынасы бар пән екенін көрсетеді, көру арқылы елестетуді арттыруға, шығармашылық қабілетті жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Көркемдік өнер эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы болып есептелінеді. Бейнелеу өнері туындыларының ғажайып әсемдігі адам баласын осы уақытқа дейін таңқалдырумен келеді.

Бейнелеу өнері сабағын бастауыш сыныптарда оқутудың өзңндңк ерекшеліктері бар.Егемендік алғаннан бастап,соңғы кездері елімізде бейнелеу өнерін орта мектептерде оқытуға арнайы жазылған жаңа оқулықтар басылып шығуда.Бұл оқулықтардағы кейбір тапсырмалар көшіріп салу жолымен орындалады.Ал,кезеңге бөліп салу жолдарын оқушыларға мұғалім ғана түсіндіре алады,себебі бұл жайында оқулықта көрсетілмеген.

Әрине қандай даболсын бір мөлшерде кейде сурет салу барысында,кейбір балаға суреттен көшіріп салудың да өзінің пайдасын тигізетіні белгілі, дегенмен осындай оңай жолмен сурет салу,баланың қиялын,ойлауын еске түсіру процестерін және жеке даралық қабілеттерінің дамымай тежеліп қалуына әкеліп соқтырады.Қазіргі жаңа буын оқулықтарында осындай кемшіліктер қайталанбауына жол берілмеуі керек.Осындай нірсені қайталанбас үшін оқулық жазатын авторлар біріншіден,балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты бейнелеу қабілеттерінің ғылыми негіздерін түсіну қажет,екіншіден баланың салған суреті бағалауда оның табиғи қабілетін ескере отырып, әрбір баланың алған суретін шығармашылық туынды қарауы қажет,үшіншіден, бейнелеу өнері пәніндегі затқа қарап салу,тақырыпқа байланысты композиция салу,сәндік сабақтарында берілетін тапсырмалар бір-бірімен өзара байланыста болу шарт, төртіншіден, оқулықта берілген тапсырмаларды пән мұғалімі балалардың ыңғайына және әр баланың сурет салу қабілетіне байланысты беріп, сол арқылы бағалап отыруы керек.

Орта мектептегі бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі өте жауапты және қиын жұмыстарды атқарады.Пән мұғалімі сурет салуды үйретумен қатар, атақты суретшілердің шығармашылық туындыларын талдай білуді,сол арқылы балалардың көркемдік талғамын қалыптастырады.Қазіргі уақытта бейнелеу өнерінің көптеген түрлі бағыттары дамығандықтан,өнер туындыларын дұрыс талдай біле отырып оған баға беру,ол өмір талабы.

Іргелі ұлт болуға, ұлт болуға, мемлекеттік тілді,халқымыздың тарихын,мәдинеттін,өнерін білетін,өз саласының нағыз маманын дайындауымыз керек деген алға мақсатымыз бар.Сондықтан бұл жерде балаларды өнер мен сусындатып бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдерінің білім мен кәсіптік деңгейлері өте жоғары болуы шарт.



№10 «Жалпы білім беру орта мектебі»КММ

Бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімі:

Малаева Айман Рустемқызы

Picture 1









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 сәуір
496
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі