400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балалардың шығармашылығын дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру


Шығармашылық-бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі.

Шығармашылық- тарихи-қоғамдық мәні бар,жаңашылдыққа бағытталған әрекет. Баланың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту, олардың өшуіне жол бермеу,оның рухани күшінің нығайып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау,жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы-мектепке дейінгі ұйымдардан яғни,балабақшадан басталады, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады, жаңашылдыққа,шығрмашылыққа баулу мақсатында мен балабақшада сурет сабағында бейнелеудің дәстүрден тыс тәсілдерін қолданамын.

Егер жұмысының нәтижесін көріп, қолынан келіп тұрса барлық бала сурет салғанды жақсы көрер еді, бірақ бұл өнер әр баладан қарындаш, қылқалам яғни, бейнелеудің құралдарын қолдану техникасын жетік білгенді талап етеді. Оны жетік білмегендіктен кейбір балаларда сурет, яғни бейнелеу өнеріне деген ынта ниеті, қызығушылықтары жоғалып, қанша еңбектеніп бар күшін салып тырысып баққанымен қалаған ойындағы қиялын көре алмаған балада қорқыныш, сенімсіздік туындайды. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалармен бейнелеудің дәстүрден тыс техникасын қолдану бала бойындағы сенімсіздік, шыдамсыздық, қорқыныш сезімдерін сейілтеді. Бұл әдіс баланы батылдыққа, өз еңбегінің нәтижесін көріп одан ләззат ала білуге,бастаған ісін аяғына дейін жеткізе білуге, шығармашылығын дамытуға тәрбиелеуде бірден бір таптырмас құрал болып табылады.

Бейнелеудің дәстүрден тыс тәсілдері бала қиялы мен шығармашылығының дамуына серпіліс береді. Бұл тәсілдің әр-қайсысы кішігірім ойын болып табылады, яғни бала осы ойын тәсілдер барысында неғұрлым ашық-жарқын, батыл, шығармашылықпен еңбектенеді.

Осы орайда неміс психологы К.Гросс теориясында:

Ойын-бала қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер етеді, өмірлік іс-әрекеттері үйретуші құрал, болашақ іс-әрекетке даярлаушы қызметін атқарады,-деген еді.

Шығармашылық - баланың танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасау нәтижесінде туындайды,сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт.

Қазіргі таңда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін баланы неге үйрету керек,қалай үйрету керек, әлде оны өзі үйрене ала ма деген сұрақтар тууы мүмкін. Ол үшін алдымен тәрбиеші дайын болуы керек.

Балаларды шығармашылыққа үйрету үшін:

- шығармашылықпен жеке-дара бала емес, топтың балалары айналысуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек;

- шығармашылық процеске баланы үзбей, сатылы түрде қатыстырған жөн;

- шығармашылық жаттығу, ойын-тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай құрған дұрыс;

- бала жетістігін мадақтап, көтермелеу керек.

Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің бұл жердегі міндетім - балаға оның бойындағы жасырынып жатқан мүмкіндіктерінің ашылуына бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс тәсілдері арқылы ықпал ету. Сонымен қатар бейнелеу сабағына іс-тәжірибесі мол Морозова айтқандай басты үш қателікті жібермеу қағидасын мықты ұстану. Олар:

- бала еңбегін сынаққа алу;

- белгілі бір тақырыпқа байламау;

- бала еңбегіне өз тарапымыздан түзету енгізу.

Ф.Кульман «Суретті оқытудың жаңа жолдары» атты кітабында «Мінсіз дұрыс орындалған суретке қарағанда, баланың қате салған суретінде көркемдік дүниенің ақиқаты көп берілуі мүмкін»- дейді.

Ал ендігі кезекте біздің міндетіміз осы аталған техникалар әдіс-тәсілдерді қолдануда жүйелілік және баланың жас ерекшелігін ескере отырып қолдану. Баланың шығармашылық қабілетінің дамуын дұрыс бағыттап, арнайы жаттықтыра отырып мақсатты түрде дамыту талантты, шығармашыл адамдар санын көбейтіп, ұлттың ұлыларын еселеуге үлес қосады.


МКҚК «Балбұлақ» балабақшасы
















«Бейнелеу өнерінде дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы балалардың шығармашылық қабілетін арттыру»


(Тәрбиешілермен кеңес №4 17 сәуір 2017 жыл)




























Г.О.Есенгалиева

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
555
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі