Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бейнелеу өнеріндегі теңіз пейзажы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнеріндегі теңіз пейзажы. Теңізді қалай бейне- лейміз? Есте қалар теңіз. Таныстыру, талдау және бағалау |
Мектеп |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні |
||
СЫНЫП: 3 |
Қатысқан оқушы- лардың саны |
Қатыспағандар |
|
Оқу мақсаттары |
Кескіндеменің жаңа тәсілдерімен танысу арқылы танымдарын арттыру. |
||
Бағдарламалық міндеті |
3.2.2.1 3.2.2.2 3.3.3.1 |
||
Мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер |
Мұғалім үшін: «марина» (теңіз пейзажы) жанрымен, осы жанрда сурет салатын суретшілердің туындылары- мен, кескіндеменің жаңа тәсілдерімен, «пуантилизм» бағытымен таныстыру, теңізді бейнелеу жолдарын үйрету. Оқушылардың шығармашылық міндеті: №2 қосым- шадағы музыкалық және поэтикалық үзінділерді марина |
|
жанрындағы нақты туындымен салыстыру. Музыканың әсерімен «Теңіз» түсті композициясын жасау. №2 жұмыс дәптерінің 19, 20–23-беттеріндегі (таңдаулары бойынша), 21– 22-беттеріндегі (таңдаулары бойынша), 24– 25-беттеріндегі (таңдаулары бойынша) тапсырмаларды орындау. |
Оқушылардың міндеті |
Мұғалімнің және оқулықтағы сұрақтарға жауап беру, теңіздің күйін, теңіз жанрындағы картиналарды түс үйлесіміне, көңіл күйіне, жазу мәнеріне қарай суреттеу. Жаңа термин сөздерді үш тілде білу. Жұмысын таныстырып, талдау. Тірек сөздер: марина – бейнелеу өнерінің теңіз бейнеленетін жанры. Маринист-суретшілер, пуантилист-суретшілер, түстерді оптикалық араластыру, суды бейнелеу. Талқылауға арналған сұрақтар мен оған берілетін жауаптар:
Жауап. Реңк – бір түстің түрленуі. Суретші палитрада әртүрлі түстерді араластыру арқылы алады.
Жауап. Гуашь – суда еритін қоймалжың бояулар. Бояу жағындысымен нысандарды, сонымен қатар теңіз толқынын бейнелеуге болады.
Бұл бояумен судың мөлдірлігін беруге болады.
Жауап. Теңіздің түсі алуан түрлі болады: жарықтың түсуіне қарай қара, ашық көк, көгілдір, қызыл, ақшыл көк түс. Қара, Қызыл, Сары, Ақ теңіз.
Жауап. Суды акварель және гуашь бояуларымен, бояу жағындысымен, жиырылған қағаздардан таңба түсіру арқылы, дымқыл қағаздың бетіне акварель жағып бейнелеуге болады. Бояу жағылған қағаз парағының бетіне тұз сеуіп, пуантилист-суретшілер сияқты жұмыс істеуге болады (басқа да жолдарын сұраңыз). |
Күтілетін нәтиже |
Барлық оқушылар: жаңа жанр, маринист-суретшілер, теңізді бейнелеу жолдарын біледі. Марина жанрын анықтай алады. Осы жанрдың жұмыстарын басқа туындылардан ажырата алады. Белгілі бір тәсілмен теңізді бейнелей алады. |
||
Оқушылардың көпшілігі: әсерлегіш құралдарды және әртүрлі материалдарды пайдаланып, теңізді бірнеше жолмен бейнелей алады. |
|||
Кейбір оқушылар: әсерлегіш құралдарды және әртүрлі материалдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыс орындай алады. |
|||
Бұрын алған білімдері |
Пейзаж дегеніміз не? 1-сынып. Түс реңктері. 2-сынып. Түстің әсерлі мүмкіндіктері. 2-сынып. Баспа-таңбалармен жұмыс. 2-сынып. Штрих пен бояу жағындысының сипаты мен әсерлі мүмкіндіктері. 3-сынып. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: жаратылыстану, әдебиеттік оқу, музыка. Оқушылар тақырыпты талдау барысында, жұмысты суреттегенде, әдеби шығармаларды тыңдағанда сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, дұрыс сөйлеуге тырысады. Оқушылар жара- тылыстану сабағынан өткен жанды табиғат туралы білетіндерін пайдаланады. № 2 қосымшадағы тақпақ- тарды оқиды. Сабақтың басында және шығармашылық жұмыс жасау барысында 2-қосымшадағы музыкалық үзінділерді тыңдайды. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Дереккөздер |
|
Сабақ тақыры- бына кіріспе |
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығармашылық жағдай жасау. Сабақтың басында №2 қосымшадағы музыканы қосады. Маринист- суретшілердің жұмыстарының репродукциялары ілінеді. Тақырыпты хабарлап, оқушылардан неліктен көптеген суретшілер теңізді бейнелегенін сұрайды. Олардың жауабын тыңдап, тақырыпты ашуға көшеді. |
Маринист-сурет- шілердің графи- калық және кескіндеме жұмыстарының репродукцияла- ры. Теңіздің әртүрлі тәулік пен ауа райындағы фотосуреттері. №2 қосымшадағы музыкалық үзінді. |
|
Алған білім- нің өмірмен байланысы. Жаңа білім мен дағдыға қол жеткізу |
Біз өткен жылы өздеріңмен реңктің не екенін білдік, сурет салу үшін палитрада жаңа реңктерді шығарып үйрендік. Сонда біз бұл білімдеріміз алдағы уақытта іске асады деген болатынбыз. Шынымен де, сендердің жұмыстарыңның бояуы қанық бола түсті. Ал бүгін теңізді бейнелеу үшін көптеген бояу реңктерін шығаруға тура келіп тұр. Сендер теңізге, өзен-көлге бардыңдар, сонда судың жылтырап, ойнағанын көрген боларсыңдар?! Су шынымен де ойнайды, ол жүздеген реңк береді (фотосуреттерді |
Оқулық. Маринист- суретшілердің графикалық және кескіндеме жұмыстарының репродукцияла- ры. Теңіздің әртүрлі тәулік пен ауа райындағы |
|
көрсетіп, оқушылардан кейбір реңктерді сұрайды – көгілдір, көк жасыл, ашық көк, мөлдір түс, ақшыл көк және т.б.). Мұғалім басқа да түс реңктерін түсіндіре отырып атайды (жасыл ақықты (ашық көк түс), антрацитті (қара сұр), кобальт бояу (қою көк) және т.б.). |
фотосуреттері. |
Материал- ды түсіндіру |
Теңіз әдемілігімен, құбылмалылығымен компози- торларды ғана емес, суретшілерді де еліктіріп келеді. Қараңдаршы, фотосуреттер мен суретшілердің жұмыстарында олар әртүрлі. Кейінірек теңіз бейнеленген жанр бөлектеніп, «марина» деген атқа ие болды. Ал теңіз пейзаждарын бейнелейтін суретшіні маринист-суретшілер деп атады. Маринист-суретшілермен таныстырады. (Суретшілер теңіз пейзажын жасағаны туралы сайт). http://seafarers.com.ua/marine-art/5202/ И. Айвазовский мен оның шығармашылығы туралы сайт: http://worldartdalia.blogspot.com/2012/04/blog- post_904.html У. Тернёр мен оның шығармашылығы туралы сайт: http://www.centre.smr.ru/win/artists/terner/biog_terner.htm Маринист-суретшілер қандай материалдармен жұмыс істейтініне назар аударыңдар: майлы бояулар, аква- рель, гуашь бояулары, графикалық материалдар, аралас тәсілдер. Одан соң №2 жұмыс дәптерінің 20 және 23-беттеріндегі тапсырмаларды таңдаулары бойынша орындайды. Қаласа екі тапсырманы да орындайды. Суретшілер мен олардың жұмыстары туралы әңгімелескеннен кейін теңізді қандай жолмен бейнелеуге болатынын түсіндіреді (оқулық бойынша). Мұғалім өзі де су, теңізді бейнелеу жолдарын көрсетеді. Пуантилист-суретшілердің сурет салу мәнерін толығырақ түсіндіреді (оқулық бойынша). Одан соң №2 жұмыс дәптерінің 24– 25-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды. Сабақтың соңында №2 қосымшадағы музыкалық үзінділерді тыңдайды. Музыканың әсерімен №2 жұмыс дәптерінің 21, 22-беттеріндегі түсті композицияны жасайды. |
Маринист- суретшілердің графикалық және кескіндеме жұмыстарының репродукцияла- ры. Теңіздің әртүрлі тәулік пен ауа райындағы фотосуреттері. №2 қосымшадағы музыкалық үзінді. |
Өздік |
№2 жұмыс дәптерінің 20, 21, 22, 23, 24, 25-беттерін- |
Жұмыс дәптері, |
жұмысты |
дегі тапсырмаларды орындау (оқушылар тапсырма- |
қара фломастер |
орындау |
лардың ішінен өздері таңдап орындайды). |
немесе жай |
|
Мұғалім жеке-дара кеңес береді, оқушыларға қажет |
қарындаш, түсті |
|
жерінде көмектеседі, қателері болса түзетеді. |
қарындаштар, |
|
|
қылқалам, гуашь |
|
|
бояулары, |
|
|
палитра, су |
|
|
құятын ыдыс, қол |
|
|
сүртетін орамал. |
Сабақтың қорытынды- сы |
Жұмыстарды таныстыру. Оқушылар жаңа жанр туралы білгендерін, өздері жасаған түс композициясында қандай көңіл күйді бергілері келгенін, музыканы қандай бейнелеу құралдарымен бергенін (№2 жұмыс дәптерінің 21-бетіндегі тапсырма) айтады. Орындаған тапсырмаларын қысқаша баяндап, сабақтағы жұмыстарын бағалайды. |
|
||
Қосымша ақпарат |
||||
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі тақырыпты талқылауға қатысады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жұмыс дәптерінің 19, 20, 25-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды. Оқушылардың көпшілігі 22–23-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды. Кейбір оқушылар 21, 24-беттер- дегі шығармашылық жұмысты орындайды. |
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін қалай тексересіз?
жауабынан (оқулық- тағы);
жұмыстарды ғана бағалаңыз);
|
АКт-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, интерактивті тақтаны қолда- нады. Мұғалім өздік жұмыстың басында оқушылардың есіне қауіпсіздік ережесін салады. |
||
Сіз оқушыларға қолдау көрсету үшін не істейсіз? Сабақтың барысында оқушыларды бағалайды: Жарайсың, сен сұрақтарға толық жауап бересің! Сен өте байқампазсың! Сен табиғат нысандарын жақсы суреттейсің (суретшілер туындыларын)! Сен тапсырманы жақсы орындауға тырыстың! Сен жұмыстарды талқылауға белсене қатыстың! және т.б. |
Бағалау Сабақта оқушыларды бағалау:
тапсырмалар (жақсы жасалған жұмыстарды ғана бағалаңыз). |
Құндылықтармен байланыс Маринист-суретшілердің жұмыстары, теңіз пейзажының фотосуреттері түріндегі әлем мәдениеті жауһарлары. Эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру мақсатында №2 қосымшадағы материалдар мен тақпақтарды пайдаланады. |
||
Рефлексия. Мұғалім жылдың басында әрбір оқушыға бірнеше смайлик дайындап қояды. Оқушыларды сабақ барысында смайликтермен бағалайды. Мысалы: «Өте қызық!», «Мен көп жаңа нәрсе білдім!», «Мен көп нәрсе үйрендім!», «Маған қиындау болды!», «Мен бәрін орындап үлгермедім!», «Мұның маған пайдасы бар!» және т.б. Оқушылар сабақтың соңында смайликтерін көрсетеді. Сабақтың қалай өткенін, ең қызықты нәрсе не болды, қандай нәрсе білгендерін, нені үйренгендерін айтады. |