400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар (поп арт, инсталляция және т.б.) Өздігінен зерттеулер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың шағын топтары немесе жұптар туындылардың репродукцияларын таңдап, фотолар мен нобайларлын, жүктелген бейнелердің топтамасын жасау арқылы олар өздері зерттеген туындылардың стилін таныстырып, стилді таңдауға не ықпал еткенін баяндай отырып өнер саласында білімін жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7 сынып

Мектеп: Ғ.Мұратбаев ШЖЖОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Л.Абсатова

Күні:15.09.2022ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бейнелеу өнеріндегі заманауи бағыттар (поп арт, инсталляция және т.б.) Өздігінен зерттеулер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.1 Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы идеялары мен тақырыптарды талқылау және бағалау.

7.3.3.1-Пәндік терминологияны пайдалана отырып, басқалардың (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) және өз жұмыстарындағы әдіс- тәсілдері мен техникаларды талқылау және бағалау

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың шағын топтары немесе жұптар туындылардың репродукцияларын таңдап, фотолар мен нобайларлын, жүктелген бейнелердің топтамасын жасау арқылы олар өздері зерттеген туындылардың стилін таныстырып, стилді таңдауға не ықпал еткенін баяндай отырып өнер саласында білімін жетілдіру.

Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңдері

Педагог іс-әрекет


Оқушы әркеті

бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру.

Оқушылар «Смартбейдж» арқылы топқа бөлінеді. Бұл топқа бөліну барысында қолданылатын әмбебап бейджик. Бірінші қатардағы рим сандарымен бөлуге болады, түстер бойынша бөлуге бөлуге болады. Екінші қатардағы әріптермен немесе сандармен бөлуге болады. Үшінші қатардағы «ақылдың алты қалпағы», «үш көмекші», «ауа райы» бойынша топтарға бөлуге болады.

«Смарт бейдждің» үшінші қатарындағы «үш көмекшісі» арқылы үш топқа бөлінеді.





Өзін –өзі бағалау


https://www.youtube.com/watch?v=nC-RqyJUhGU

Портрет- трафарет своими руками!

https://www.youtube.com/watch?v=wGBOeqZdRXA

Сабақтың ортасы

35. минут

Тапсырма.

1 топ ПОП-АРТ өнер туындыларын зерттейді. Планшетпен материалдарды жинақтап ортақ постер жасап, қорғайды. Постер жасау барысында интернеттен алған материалдарды флипчартқа бояулардың көмегімен сала отырып ПОП-АРТ өнерін таныстыра алатындай постер жасап, басқа топтарға өз жұмыстарын таныстырады.


Екінші топ Инсталяция бағытындағы өнер туындыларын зерттеп, постер дайындайды. Постер жасау барысында интернеттен алған материалдарды флипчартқа бояулардың көмегімен сала отырып Инсталяция өнерін таныстыра алатындай постер жасап, басқа топтарға өз жұмыстарын таныстырады.


Үшінші топ Модернизм өнерін зерттей отырып, постер дайындайды. Постер жасау барысында интернеттен алған материалдарды флипчартқа бояулардың көмегімен сала отырып Модернизм өнерін таныстыра алатындай постер жасап, басқа топтарға өз жұмыстарын таныстырады.


Оқушылар өз бетінше топтарда туындылардың репродукцияларын зерттейді. Туындылардың стилін анықтау және шығармашылық авторларымен танысу мақсатында ұсынылған интернет ресурстарын, виртуалды галереялар, энциклопедиялар, журналдар, мәтіндік жинақтарды қолданады.

Оқушылар өздерінің зерттеу нәтижелері мен әсерлерімен бүкіл сыныппен бөліседі. Өздеріне берілген уақытты ұтымды пайдалана отырып, берілген өнер туындыларын топтарға таныстырады. Осылай үш топ өзара бір-бірінің өнер туындыларымен таныса отырып ортақ білімдерін жетілдіреді.

Білу Оқушылар туындылардың репродукцияларын біледі.

Түсіну Стильдердің айырмашылығын түсінеді.

Қолдану Бір стилді жасап қолданады.

Талдау Фотолар мен нобайлардың, жүктелген бейнелердің топтамасын жасау арқылы зерттеген туындыларын талдай алады.

Синтездеу Бейнелеу өнерінің стилдерінің бір-бірінен айырмашылығын табу. (поп арт, инсталляция және т.б.)

Бағалау Өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалау.Өзара бағалау



Сабақтың соңы

5 минут

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет


Осындай тәсілмен оқушылардан кері байланыс ала отырып мақсатқа қаншалықты жеткендігін анықтауға болады.

өздерінің жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады


стикер





Абсатова Лаура Умирхановна

«Ғ.Мұратбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қостерек ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
10.01.2023
378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі