Семинарлық ашық
сабақ
Тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің көрмесіне саяхат.
МақсатыБалаларды
өнер әлеміне баулу, эстетикалық
талғамын шығармашылық құзыреттілігімен қиялдау
қабілетін дамыту. Балалардың ойымен сезімін жетілдіре білуге
үйрету.Бейнелеу өнерінің барлық түрлеріндегі іскерліктерін
жетілдіру. Қойылған міндеттерге сәйкес өз жұмысының нәтижесін
бағалай білу іскерлігін арттыру. Халық шеберлерінің еңбегін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Кұралдар:
нан,тұз,орамал, домбыра,гүл, күн, тогай, конақтарга және балаларга
сыйлық,суреттер,
натюрморттар,
Қол өнерден шыққан заттар,темір қақпақтар,
құмыра,дымков ойыншықтар,сырмақтар,альбом,буклет,
Кітаптар,қылқалам,су,бояу,моншақтар,гуашь,су
шуберек,
Қылқалам қойғыш.
Тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгіме,көрме,амандасу,сиқырлы
зат, Сыйлықтар,тақпақтар.
Сабақтың
барысы:
1 Балалардың кіруі.
Қонақтарды нан және тұзбен қарсы
алу.
-
-Балалар әдептен озбай келген Қонақтармен
амандасайық.
Қол алысып кәне біз Достасайық кәне біз Айтарым
бар сендерге Тік тұрыңдар шеңберге Қандай жақсы бір тұру Достарымен
бір жүру Қайырлы күн Жер Ана Қайырлы күн достарым Қайырлы күн
қонақтар
-
-Балалар күніміз сәтті, көңілді өтсін деп
бір-бірімізге жылы лебіздер білдірейік.Ортамызда тұрган күн
сәулесінің шуақтарынан жылы лебіздер айтайық:
Аспанымыз ашық болсын Күніміз сәтті болсын
Елбасымыз аман болсын Көк туымыз биік болсын
Әрқашан күн сөнбесін -
деп келген қонақтарға жылы лебіздерімізді үрлеп
таратайық.
-
Домбырада күй ойнайды .
-Балалар бүгін бізге көп қонақтар келді. Олар
бізбен бірге бейнелеу өнері көрмесіне баруға келген
екен
бірақ біздің бейнелеу өнері көрмесіне баратын
жолдамамыз жоқ болып түр. Неге кешікті екен?
-
-Сиқырлы сәт. Гүлдің кіруі. Балалар қараңдаршы
бұл не болды екен. Гүл ашылып ішінен екі қыз бала
шығады.
Қыздар:-Сәлем балалар.
Бүгін сіздерде үлкен той болып жатыр екен ,мен
сендерге бейнелеу өнеріне саяхатқа жолдама хат
әкелдім.
-Рахмет қыздар сендерге .Бізге әдемі гүлдің
ішінде ,
Гүлдер әлемінен келіпсіңдер. Біз осы жолдама
кешіге ме деп ,көңіліміз толқып едік. Уақытында жеттіңдер ғой. Біз
сендерге бізбен бірге осы көрмеге баруларыңызды
сұраймыз.
-
-Балалар мен сендерді көрменің жетекшісі
Гульбаршін Айтқали қызы апайларыңмен
таныстырайын.
-
Сэлеметсіңдерме балалар .
Барлығын өте әдемі, көктемнің бір гүліндей сұлу
,
нәзік екенсіңдер. Бейнелеу көрмесіне қош
келдіңдер.
-
Көрмедегі бейнелеу тоғайына назар
аудару.
-
Балалар тақпақ оқиды:
АМИНА:
Салдым асқар тауымды Қойнаудағы ауылды Көктем
бүлтты қаптатып
Тамшылаттым жауынды
Нұр ойнаған бетінде
Мал жайылған шетінде
Салдым ирек өзенді
Жүрген кетпей есімде
Теріп дала гүлдерін
Мынау менің жургенім
Салар едім табиғат
Дала әсем келбетін
ЕРАЛЫ.С.
Тасқа бедер саламын
Егеп, қырнап, жонамын Шеберлігі
шындалған
Мен мүсінші боламын
ЖАРАС:
Түрлі түсті бояуларды білемін Ажыратам көгін,
сүрын, қызылын Тас көмірдің түсі шымқай қап-қара Сурет салам бор
менен қара тақтаға САБИНА: Биылғы жыл қоңыр күзде қоп қоңыр
Қозыларға кенет толып кетті өңір Түрлі түсті бояуларды білемін
Ажыратам ашық сары түстерді НҰРБОЛАТ: Жап-жасыл боп қанат жайды
жапырақ Жап-жасыл боп қалады бар атырап Қып қызыл ғой даладағы
қызғалдақ Қып -қызыл боп жүремін мен ызғарда ЕРАЛЫ.Е: Қатардағы
қардың түсі тым аппақ Қып-қызыл ғой гүлдері бау-бақтың Жыл құстары
қиқу салса көктем кеп Бұлттаңда ашық аспан
көкпеңбек
-
Би: ҚАРАЖОРҒА
-
Көрмемен таңыстыру
11 .Балаларды шеберханаға
шақыру.
-
Балалардың жұмысы.
-
Сергіту сәті
Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау
басым ақылды Бәрі осыдан басталған Мынау менің оң қолым Мынау менің
сол қолым Барлық істі басқарған 1.2.3.
Топтың
іші
ТЫП-ТЫНЫПІ
-
Қорытыңды
-Балалар міне осымен бейнелеу көрмесіне келген
саяхатымыз аяқталды
Осы саяхатымыздан сендерге естелік ретінде мына
сыйлықтарды қабыл
алыңыздар.
15.Балалар:
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгін келген қонакка
Жүректі сыйға
таратамыз
16.Қоштасып залдан шығу.