Материалдар / Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеу өнерінің түрлерімен оқушыларды жүйелі түрде таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жспары:

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын

 

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік:                      Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен

оқушыларды жүйелі таныстыру.

 

ә) Дамытушылық:             Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған суретшілердің

шығармаларын талдап үйрену.

 

б) Тәрбиелілік:                  Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

 

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар:  Альбом, открытка, дидактикалық құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т. б.

 

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

 

Сабақтың барысы:

Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік қолданбалы өнер, сәулет өнері.

Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет.

Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.

Мүсін – әр түрлі материалдармен дөңгелек көлемді кеңістікте сомдалған көркем шығарма.

Сәндік қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын түр-түрі көп өнер. Әрбір халықтың творчествосымен байланысты өнер.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер жобалау және оны жасау өнері.

Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.

Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдар бейнеленген көркем шығарма.

Портрет – адаиның тұлғалық келбеті бейнеленген көркем туынды.

Пейзаж – табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.

Тарихи – белгілі оқиғалар мен белгілі кезеңді көркем бейнелеп көрсететін шығарма.

Батальды – соғыс оқиғалары бейнеленген көркем туынды.

Анималистік – хайуанаттар мен жан-жануарлар бейнеленген көркем сурет.

 

Мына өнер туындыларына қарашы. Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.


Үйге тапсырма беру: Жанрларға байланысты тақырып бойынша сурет сал.

 













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!