Сабақ
жспары:
Бейнелеу
өнері
Сабақтың
тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері мен
жанрларын
Сабақтың
мақсаты:
а)
Білімділік:
Бейнелеу
өнерінің түрлерімен және жанрларымен
оқушыларды жүйелі
таныстыру.
ә)
Дамытушылық:
Бейнелеу өнері жанрларына сурет салған
суретшілердің
шығармаларын талдап
үйрену.
б)
Тәрбиелілік:
Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,
ұқыптылыққа
үйрету.
Құрал-жабдықтар, көрнекті
құралдар: Альбом, открытка, дидактикалық
құралдар, қарындаш, фотоальбом, бояу, қылқалам, т.
б.
Сабақтың өту
барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үйге берілген тапсырманы
тексеру.
-
Жаңа тақырыпты
түсіндіру.
-
Тапсырмаларды орындау.
-
Сабақты бекіту.
-
Үйге тапсырма.
Сабақтың
барысы:
Бейнелеу өнерінің тарихымен, сан-салалы
тармақтарымен таныстыруда бейнелеу өнерінің түрлеріне тоқталудың
орны ерекше. Атап айтқанда: графика, живопись, мүсін, сәндік
қолданбалы өнер, сәулет өнері.
Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш,
қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын
сурет.
Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп
бетіне әр түрлі бояумен орындалатын
шығарма.
Мүсін – әр түрлі материалдармен дөңгелек
көлемді кеңістікте сомдалған көркем
шығарма.
Сәндік қолданбалы өнер – халық тұрмысында
кеңінен қолданылатын түр-түрі көп өнер. Әрбір халықтың
творчествосымен байланысты өнер.
Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелер
жобалау және оны жасау өнері.
Бейнелеу өнері түрлеріне, орындалу тәсіліне
байланысты бірнеше жанрға бөлінеді.
Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдар
бейнеленген көркем шығарма.
Портрет – адаиның тұлғалық келбеті
бейнеленген көркем туынды.
Пейзаж – табиғат көрінісі бейнеленген
көркем шығарма.
Тарихи – белгілі оқиғалар мен белгілі
кезеңді көркем бейнелеп көрсететін
шығарма.
Батальды – соғыс оқиғалары бейнеленген
көркем туынды.
Анималистік – хайуанаттар мен жан-жануарлар
бейнеленген көркем сурет.
Мына өнер туындыларына қарашы.
Суретшілердің туындыларын бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларына
қарай, альбомда кесте құрып, бөліп жаз.
Үйге тапсырма
беру: Жанрларға байланысты тақырып бойынша сурет
сал.