400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Бейнелеудегі түстер және оның түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейнелеудегі түстерге байланысты тақырыптық сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы: Бейнелеудегі түстер және оның түрлері.


Бөлім

Кіріспе, жалпы бейнелеу өнері бөлімі.

Педагогтың Т.А.Ә

Даулеткерей Меруерт Гарипжанқызы.

Күні

26.09.2024ж

Үйірме атауы

Бояулар сыры

Мақсаты

-Түстердің негізгі түрлері мен олардың үйлесімділігі туралы түсінік беру.

- Оқушылардың түстерді қолдану дағдыларын дамыту және шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер

-Оқушылар түстердің негізгі түрлерін ажырата алады.
-Түстердің үйлесімділігі мен олардың адам эмоциясына әсерін түсінеді.
-Шығармашылық жұмыс барысында түстерді үйлесімді қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ Уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әрекеті

Ресурстар

Сабақтың

Басы

10 минут

1.Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

  • Психологиялық ахуал орнату.

  • Сабақтың мақсатын таныстыру.

Топ басшысы топ оқушылары туралы ақпарат береді. Сабақ мақсатымен танысады.


2.Психологиялық ахуал қалыптыстыру:

Мақсаты: Оқушылардың ойын ойнау арқылы ортасын теңестіру.

"Түстерді сезіну" ойыны:

Мұғалім оқушыларға әртүрлі түстерді атайды.


Оқушылар осы түстерді қандай эмоция немесе затпен байланыстыратынын айтады (мысалы, қызыл – от, көк – аспан).


Сабақтың ортасы

25 минут

3. Жаңа тақырып.

Мақсаты: Бейнелеудегі графикалық жанр туралы түсінік беру.

Түс дегеніміз не?

  • Түс – жарық сәулесінің әртүрлі ұзындықтағы толқындары арқылы қабылданатын оптикалық құбылыс.

Түстердің негізгі түрлері:

  • Негізгі түстер: қызыл, сары, көк (араластыру арқылы басқа түстерді алуға болады).

  • Қосымша түстер: қызғылт сары, жасыл, күлгін (негізгі түстерді араластыру арқылы алынады).

  • Ахроматикалық түстер: ақ, қара, сұр (түстердің реңдік айырмашылығы).

Түстердің жылулық сипаттамасы:

  • Жылы түстер: қызыл, сары, қызғылт сары (қуаныш, жылулық сезімін береді).

  • Салқын түстер: көк, жасыл, күлгін (тыныштық, суықтық сезімін береді).

Мұғалімнің берген ақпаратын өздеріне жазып алады.

Түстер палитрасы.

Түс дөңгелегі (И. Иттеннің түс теориясы).

Түстер үйлесімділігі туралы слайдтар.

5 минут

4.Сергіту сәті

"Түстер сөйлейді" ойыны:

  • Мұғалім белгілі бір түс айтады, ал оқушылар сол түске сәйкес эмоция немесе затты айтады.

  • Мысалы:

    • Сары – Күн, жылулық.

    • Көк – Аспан, тыныштық.

    • Қызыл – От, құмарлық.



Практикалық бөлім

35 минут

5.Тәжірибе алаңы

Мақсаты: Жаңа тақырып бойынша білу, түсіну деңгейлерін тәжірибеде қолдану.

"Менің көңіл-күйімнің түсі" тапсырмасы

Мұғалім оқушыларға түстер үйлесімділігі туралы кеңес береді.


Оқушылар өздерінің қазіргі көңіл-күйін бейнелейтін түсті таңдайды.

Сол түсті пайдалана отырып, сурет салады (табиғат көрінісі, абстракция, портрет немесе басқа шығармашылық жұмыс).

Жұмыстар аяқталған соң, әр оқушы өз туындысын таныстырып, не себепті осы түстерді таңдағанын түсіндіреді.

Акварель, гуашь, түрлі-түсті қарындаштар.

Ақ қағаз (А4, А3 формат).

Түстер палитрасы.

Сабақтың соңы

5 минут

6.Кері байланыс.

? "Түстер әлемі" рефлексиясы:

  • ? Бүгін қандай жаңа түстер туралы білдім?

  • ? Түстердің үйлесімі туралы қандай жаңалық аштым?

  • ✍️ Келесі жұмысымда қай түстерді қолданамын?

Оқушылар мұғаліммен кері байланыс жасайды.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.03.2025
218
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі