|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Бейнелеуіш
сөздер
|
|
Мақсаты:
|
Бейнелеуіш сөз туралы алғашқы
ақпарат бере отырып,неден пайда болғанын өздігінен түсінуге
мүмкіндік жасау
|
|
Күтілетін
нәтиже:
|
1.Бейнелеуіш сөздің мағынасын
, қолданылу аясын, морфологиялық жолмен жасалу тәсілін біледі;
2.Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындай отырып,бейнелеуіш
сөздердің еліктеуіштен айырмашылығын түсінеді;
3.Еліктеу сөздердің сөйлемде атқаратын қызметін
біледі;
|
|
Міндеттері:
|
Топ ішінде ақылдасып,ортақ
келісімге келу.
Берілген тапсырманы жан-жақты талдау.
|
|
Дерек
көздері:
|
Ғаламтор,оқулық, плакаттар,
маркерлер, бағалау парақтары, интербелсенді тақта, интернет
желісі
|
|
Әдіс –
тәсілдер:
|
Венн диаграммасы, топтық және жұптық
жұмыс
|
|
Сабақ
барысы
|
Мұғалімнің
әрекеті
|
Оқушының
әрекеті
|
|
Ұйымдастыру
|
«Шаттық шеңберін»
құрғызып,еліктеуіш сөздерді қолданып сыныптастарына тілек айтқыза
отырып, сыныпта жайлы ахуал қалыптастыру. Күлегештер арқылы үш
топқа бөлу.
|
Топқа қолдарында берілген
күлегештер арқылы топқа бөлінеді. Топпен жұмысқа дағдыланады.
Бір-бірін тыңдайды. Ынтымақтастық атмосферасы құрылады. Ұйымшылдық
қарым-қатынас нығаяды. Топ басшысын сайлайды. Ережені естеріне
түсіреді.
|
|
Үй тапсырмасын тексеру.
Миға шабуыл.
|
«Ыстық орындық»
әдісі.
|
|
|
Жаңа сабақ
.
Оқулықпен
жұмыс
|
Жаңа
сабақ:
Қызығушылықты
ояту.
-Балалар, біз естіген дыбысты
еліктеуіш сөздер арқылы сипаттайтынымызды түсіндік, ал көрген
нәрсені көңілге түйіп, тап басып бейнелеп айтуға көмектесетін
сөздер бар ма?Олар қалай аталады ?
Балалардың жауаптарын естіп болғаннан соң қимылды бейнелейтін
суреттер көрсетіп, өзім бірнеше қимыл жасап, іс-қимылды бейнелейтін
сөздерді бейнелеп айтқызуға тырысамын.Жауаптарын тыңдап болғаннан
кейін кестеден көрсету.
Мысал
1 Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы заттардың қозғалысын,күйін көру
арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер.
1.Шам жалп етіп сөнді.
2.Ол артына жалт қарады.
3.Жігіт денесі шымыр етті.
2 1.Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (ет) тіркесіп
жұмсалады.
2.Бейнелеуіш сөздер қайталанып,қосарланып та жұмсалады.
1.Жалп ете түсті, жалт қарады,ербең етті,
2.жалт-жұлт етті,маң-маң
басты
-
тапсырма:Мағынаны тану
.
Бейнелеуіш сөздердің
қолданылуы. Постер қорғау.
2-тапсырма:Топтық әңгіме
(топтық және жұптық жұмыс)
1-топ
302-жаттығу(Мәтіннен бейнелеуіштерді тауып, мағынасын ашу)
2-топ
303-жаттығу(Мәтіннен бейнелеуіштерді тауып, мағынасын ашу)
3-топ
304-жаттығу(Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын және
мағынасын айтқызу)
|
Оқушылар сөз құрайды. Сыни
ойлануға үйренеді. Пікірлерін білдіреді. Жаңа тақырыпты
ашады.
|
|
Сергіту сәті
|
«Қара жорға»
биі
|
Әуенді тыңдай отырып, би
билеп, сергиді.
|
|
Ой қорыту
кезеңі
|
Қ
Еліктеуіш
Бейнелеуіш
Ұқсастығы
орытынды: Венн диаграммасы
Еліктеуіш пен бейнелеуіш сөздердің айырмашылығы мен ұқсастығын
салыстыру арқылы сабақты қорыту.
|
Ізденеді,ойланады ,ортақ
келісімге келеді.
|
|
Бағалау
|
Критериалды бағалау.
|
Топ басшылары бағалайды.
Формативті бағаланады.
|
|
Рефлексия
|
Стикер
тарату.
Күлегештер арқылы бүгінгі
сабақты қалай түсінгендіктерін стикерге жазып
іледі.
Кері байланыс
жасату.
|
Топ басшылары бағалайды.
Формативті бағаланады.
|
|
Үй
тапсырмасы
|
306-жаттығу(Дене тәрбиесі
сабағында жасалатын қимылдарды бейнелеуіш сөздермен бере отырып
әңгіме құрау)
|
Үй тапсырмасын
алады.
|