400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бейнелеуіш сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ, қазақ тілі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясы» КММ

Бөлім:

Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология

Педагогтің аты-жөні

Зейнолова Гүлназ Амантаевна

Машықтанушы: Алтаева Мадина Аманжолқызы

Күні:

06.02.2025 жыл

Сынып: 7«Б»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қазақтан этностарының тарихы. Бейнелеуіш сөздер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

7.4.4.2.еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты

- мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексереді

- синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды;

- еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді;

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу,түгендеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.


Жаңа сабақ

5 минут

Үйге берілген тапсырманы 5-6 оқушыдан сұрайды.


Оқушылар үй тапсырмасын айтып бергеннен кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.


«Миға шабуыл» әдісі Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.

Тату үйдің тамағы тәтті.

мақалдарының мағынасын сұрау «Меймандос» сөзінің синонимдерін айту.

Үй тапсырмасын айтады.Сұрақтарға жауап береді.







Берілген мақалдың мәнін ашу, меймандос сөзінің мағынасын түсіну





ҚБ

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. «Жарайсың! Дұрыс жауап!»

Оқулық, жұмыс дәптері, интернет материалдары.

«word woll» платформасы

Сабақтың ортасы

30 минут




























1-тапсырма.

Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойып, жанрын анықтаңыз:

Мемлекетіміздің негізін қалаушы халық – қазақтар. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2013 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халқы 100 мыңнан асатын 8 этнос бар екені белгілі болды. Олар: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндер, ұйғырлар, татарлар, немістер, кәрістер.

Оқушылар мәтінді оқып мәтінге ат қойады, жанрын анықтайды


Дескриптор:

Жалпы -3 балл

– мәтінді толық түсінеді;

-берілген ақпаратты сәйкестендіреді.



2-тапсырма

Мәтіннен бейнелеуіш сөздерді табыңыздар. Мағынасын түсіндіріңіздер


Көптен күткен көктем де келіп жетті. Жан-жағыңа қарасаң жалт-жұлт еріп жатқан қарды, оның астынан шығып келе жатқан шөптерді көресің. Наурыз болғанымен де қар түгел еріген жоқ. Қалай болғанымен, лай да аз емес. Бұл наурыздың он сегізі болды. Наурыз мейрамына таяп қалды. Шатыр тырс-тырс етіп жатыр. Терезеге қарасам, жаңбыр жауып жатыр екен.


3-тапсырма

Оқушылар екінші қатардағы сөздерді бірінші қатардағы еліктеуіш, бейнелеуіш

сөздермен байланыстырып жазыңыздар

Шаң-шұң тоқтау

Сылқ-сылқ жүгіріс

Күбір-күбір күлкі

Томпаң-томпаң қарау

Жалт дауыс

Кілт боран

Бұрқ-сарқ жөтел

Күрк-күрк әңгіме

Оқушылар бейнелеуіш сөздерді табады. Мағынасын ашады






Дескриптор:

Жалпы-3 балл

– Оқушылар бейнелеуіш сөздерді табады. Мағынасын ашады














Дескриптор:

Жалпы- 4 балл

– Оқушылар еліктеуіш, бейнелеуіш сөздерді байланыстырып жазады








Қима қағаздар, жұмыс дәптері, стикерлер

Бекіту:

5 минут










Үй тапсырмасы

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіздер. «Гаджет» парағына жазыңыздар.

Бейнелеуіш сөздерді қатыстыра отырып «Қыс шілдесі сары аяз тақырыбына шағын эссе жазу»

Оқушылар бүгінгі сабаққа «WhatsApp» әдісі бойынша өз пікірін жазу арқылы сабаққа қорытынды жасайды.





Оқушылар үй жтапсырмасын талаптарға сай орындап келеді

Мұғалім

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігін бағалайды.









дәптер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 сәуір
282
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі