жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бейнесабақ "Жібек жолы" жобасы
Сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдері / Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс- әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы
5 мин |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылар парталас достарымен қазақша амандасады. Сәлем, достым!(амандасады) Қалың қалай? (иықтарынан қағады) Қалай демалдың? (құлақтарынан тартады) Мен сені сағындым!(қолдарын жүректеріне қояды) Қош келдің! (қолдарын жаяды) Күніміз сәтті болсын!(құшақтайды). «Миға шабуыл» әдісі Оқушыларға видео көрсету арқылы сабақты ашу. Видео көрсету Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Сөздікпен жұмыс. Мұғалім интерактивті тақтадағы тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады, оқиды, оқушыларға қайталатады, сөздік дәптермен жұмыс жасатады.
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы бейнероликті көріп, тақырыппен танысады.
Оқушылар сабақтың мақсаттарымен танысады. Жаңа сөздермен жұмыс жасайды. Оқушылар жаңа сөздерді аудармасымен қосып оқиды, сөйлем немесе сөз тіркесін айтады. |
|
бейнеролик |
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
30 мин |
(С) Айтылым+ тыңдалым алды тапсырма: Оқушылар берілген мәтінді оқып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындайды. Мәтінмен жұмыс. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. 2010 жылы Алматыда «Жаңа Жібек жолы : ұлы дәстүрден туризм мен ынтымақтастықтың қазіргі озық үлгілеріне» атты екі күнге созылған форум болды. Бұл форумға «Жібек жолының» бойынша орналасқан 25 ірі қаланың мэрлері қатысты. Форумда аймақтық туризмді , өзара ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыту, оны одан әрі жетілдіру туралы айтылды. Форумда аймақтық туризмді дамытудағы кедергілер де сөз болды. «Жібек жолы» бастамасының негізгі мақсаты – сауда, инвестиция және туризм салаларында Орталық Азия мемлекеттері мен Қытайды экономикалық интеграциясы және аймақтық қарым –қатынасын тереңдету. «Жібек жолы» қалаларының әкімдері бас қосқан алғашқы форум 2001 жылы Ташкентте , кейін Қытайдың Ланьчжоу қаласында өткен болатын. Форумға «Жібек жолының» құрамына кірмейтін елдер де қатысты. Олардың арасында Иран, Корея, Жапония, Ресей және басқа да мемлекеттер бар. «Гүл сыйлаймын». «Блум түймедағы» арқылы сұрақтар беріледі. Оқушылар сұраққа жауап береді.
4-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғанын айт. Осы етістіктерді нақ осы шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы келер шаққа айналдырып сөйлем құра. Үлгі: болды – жедел өткен шақ, болады – ауыспалы келер шақ, болып жатыр – нақ осы шақ. 5-тапсырма. «ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпарат бойынша өз пікірлеріңді дәлелдеңдер. Бірінші сөйлем: «Менің ойымша ... ». Екінші сөйлем: «Себебі .. ескеру керек». Үшінші сөйлем: «Оны мен ... сияқты фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем: « Осыған байланысты мен «...» деген шешімге келдім». |
Мәтінді оқып, мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді.
Оқушылар жазбаша тапсырманы орындайды.
ПОПС формуласы арқылы өз пікірлерін дәлелдейді. |
Жұптар бірін-бірі бағалайды.
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ салынған суреттер арқылы бағалау. Дескриптор арқылы тексеру, бағалау
|
https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI Қазақстан туралы қызықты деректер
|
|
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың аяғы 5 мин |
Кері байланыс: «Бәрі менің қолымда» 1.Кішкентай бармақ - Мен бүгін сабақтан алдым? 2. Төртінші бармақ - Мен бүгін не істедім және неге қол жеткіздім? 3. Ортаңғы бармақ - Менің бүгінгі көңілім қандай? 4. Екінші бармақ - Мен бүгін кімге көмектестім? 5. Басбармақ - Мен өзімді сабақта қалай сезіндім?
|
Оқушылар өз ойларын А4 парағына жазып оқиды. |
Рефлексия |
|
|
||||||||||||||||||||||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||||||||||||||||||||||||
|
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар жаңа сөздерді қатыстыра отырып, сөйлем құрап айта алады. |
Жұптық, жеке бағалау. |
Жұптық,ұжымдық жұмыс кезеңінде бір-біріне құрмет, сыйластық көрсету. |
||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген