Бейнеттен - зейнетке

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейнеттен - зейнетке

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебімізде көптеген жыл еңбек еткен ұстаздарды зейнетке шығарып салу кешінің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ФАН ФАР

1-жүргізуші:

Құрметті әріптестер, қадірменді қонақтар! Бүгін біз саналы ұрпақ тәрбиесіне арнап, ұстаздық жолда абыройлы еңбек еткен ардақты әріптесіміз - Ақкенже апайды зейнеткерлік демалысқа шығаоып салуға жиналып отырмыз.

2-жүргізуші:

Ұстаз болу – ұлы іс. Өмір жолының қыры мен сырын, жақсы мен жаманды, ақ пен қараны шәкіртке үйрету – кез келген адамның қолынан келе бермейді. Сондықтан да, Ақкенже апай – тек ұстаз ғана емес, шәкірт жүрегіне нұр құйған, әріптестеріне өнеге болған, аяулы жар, жанашыр жеңге, қамқор әже.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш – еңбегңмен ел құрметіне бөленген Ақкенже апайға деген ризашылық пен алғыс кеші.

Құрметті қонақтар, бәріміздің жүрегімізден шыққан жылы лебіздерімізді арнап, қошеметпен апайымызды қарсы алайық!

(Ақкенже апайды сахнаға шығару)

2-жүргізуші:

Құттықтау сөз кезегін Үсен ағай, Нұржан ағай, Индира апайға беру

Құрметті әріптестер, енді кешімізді жылы лебізге, әсем ән мен тілектерге ұластырсақ... Кезекті 11-сынып оқушысы Сапарбек Жаудірдің « » әніне береміз.

1-жүргізуші:

Апай, сіздің өміріңіз – еңбек пен ізгілікке толы жол,

Мектептің әрбір жетістігінде сіздің қолтаңбаңыз бар.

Сіздің ізденімпаздығыңыз, сабырлылығыңыз, шәкіртке деген махабатыңыз – бәрімізге үлгі.

2-жүргізуші: Өмірдерек оқу.

1-жүргізуші:

Бүгінгі кеш – қоштасу емес, алғыс айту кеші,

Өйткені сіздің еңбегіңіздің жемісі – талай шәкірт талай әріптес.

Сол шәкірттер мен әріптестер сізге деген ыстық ықыласын білдірмек.

(Құттықтау видеороликтерін көрсету)

2-жүргізуші: Ақкенже апай!

Сізге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Зейнет жасыңыз қуаныш пен шаттыққа толы болсын! Енді еңбегіңіздің жемісін көріп, немере шөберенің қызығын көруді Алла нәсіп етсін! Ортада мектебіміздің бұлбұлы Бабаева Гүлсара апайдың орындауында « » әні!

1-жүргізуші:

Келесі кезекте мұғалімдердің орындауында «Алғыс ұстазға» әні!

2-жүргізуші:

Кезекті құттықтау сөзін мектебіздің кәсіподақ ұйымының төрайымы Мырзабава Гүлжан апайымызға береміз!





«ДАРА ЖОЛ»


Апай, Сізге қорытынды ретінде қоятын сұрақтарымыз бар. Соларға қысқа нұсқа жауап берсеңіз.

  1. Сіз ашуланасыз ба? Қандай сәттерде?

  2. Ұстаздық ұстанымыңыз...

  3. Бүгінгі таңда сіз бағындырған белес?

  4. Қандай жағдайлар сізді өкпелетеді?

  5. Сіздің мінезіңіз қандай?

  6. Кімге сыр айтасыз?

  7. Мұғалімнің бойында қандай қасиет басым болу керек?

  8. Болашаққа деген сеніміңіз?

  9. Бүгінгі күні ұстаз болмағанда сізден кім шығар еді?

  10. Бүгінгі кеш көңіліңізден шықты ма?

  11. Ұстаздарға тілегіңіз...

Рахмет апай! Бұл көп жылдар биология пәні мұғалімі болып ұстаздық еткен Ақкенже Бөртенқызының дара жолы болатын. Өмірде әркімнің өз жолы бар, алайда оны дара ету әркімнің өз қолында!

Осы кешті ұйымдастырушы апайларға құттықтау сөзін беру.


Бүгінгі Ақкенже апайды зейнет жасына шығарып салу кеші өз мәрісіне жетті! Рахмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2025
25
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі