Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс.

Тақырып бойынша 22 материал табылды

Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Р.Мырзашев атындағы №76 негізгі орта мектебі

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс. БЖБ №10

Бөлім:

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары. Генетикалық байланыс

Педагогтің аты-жөні:

Тәңірберген М.А.

Күні:

25.04.2025ж

Сыныбы: 8 «А»

Қатысушылар саны Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Бейорганикалық қосылыстардың жеке кластары арасындағы генетикалық байланыс. БЖБ №10

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.12-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттеу

Сабақтың мақсаты:

-бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары арасындағы генетикалық байланысты зерттейді.

Тілдік мақсат:

Химиялық реакция, генетикалық байланыс, бейорганикалық қосылыс

Құндылықтарға баулу:

Ынтымақтастық:
Оқушылар жұппен және топпен жұмыс істей отырып, химиялық реакцияларды талдайды және қосылыстар арасындағы байланыстарды анықтайды.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру

Өткен сабақпен байланыс:

Жеке жұмыс: Ақ тақта

Оқушыларға бейорганикалық қосылыстардың атауы айтылады , оқушылар ақ тақтаға қосылыстың формуласын жазады.

Топтық жұмыс:

Оқушыларды төрт топқа бөліңіз, әр топқа қосылыстар формулалары жазылған үлестірмелер таратылады. Оқушылар берілген қосылыстарды бейорганикалық қосылыстардың негізгі класстарына жіктейді.

І топ : Оксидтер
ІІ топ : Негіздер
ІІІ топ Қышқылдар
IV Тұздар


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Презентация


https://bilimland.kz/kk/subject

Қосымша 1

Missing gap’


Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин.

Мұғалім жетелеуші сұрақтар қою арқылы генетикалық қатар тізбегі құрастырылады және оқушылардан тізбектегі қайталанып отыратын элементті анықтайды.

Оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін химиялық реакциялар тізбегі толықтырып және реакцияға қатысқан заттарды қарапайымнан күрделіге қарай орналастырады.

Мұғалім бұл элемент тұқым қуалаушылық ақпаратты тасымалдаушы ген бірлігі ретінде қолданылатынын айтып, оқушыларға сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады.


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Сабақтың ортасы

15 мин.


Жұптағы оқушылар А және Б қатары болып бөлінеді және металдар мен бейметалдар басталатын генетикалық қатарды құрастырады. Жұптағы оқушылар өздері құрастырған генетикалық қатардың сызбанұсқасына нақты мысалдар келтіреді және өзара алмасады, А қатары Б қатарындағы оқушының генетикалық қатарындағы өзгерістерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.


Топтық жұмыс

6 мин

Оқушылармен бірлесе отырып топтық жұмысты бағалаудың критерийлері құрылады.


Топтық жұмыс :

Оқушылар кездейсоқ әдәсімен төрт топқа бөлінеді.

Әрбір топ берілген қосылыстардан :

  1. өзара байланысы бар заттарды анықтап, генетикалық қатар құрастырады;

  2. генетикалық қатардағы өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазады.

Na, P, AlCl3, CaCO3 H3 PO4 CO2, H2O, HCl, Al2O3 Ca(OH)2 KOH, Al(OH)3 , P2O5 Al , Li3 PO4


Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.


Жеке жұмыс

5 мин


Жеке жұмыс:

Оқушылар жұмыс парағындағы тапсырмаларды өздігінен орындауды және дұрыс жауаппен өзін –өзі тексеруді ұсыңыз

1 деңгей: Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңыз:

Ba → BaO → Ba(OH)2 →BaCI2 


2 деңгей: Берілген формулалар ішінен генетикалық қатар құрайтын тауып, өзара айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыз:

Сu, AIPO4, Na2SO4, AI(OH)3, AI2O3, CuO, NaOH, CuCI2, AI, S, O2, Cu(OH)2, CO2, HNO3, H2CO3, MgO,.




Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- ненібілдім, неніүйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы


«Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.05.2025
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі