400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарау: 9.1В Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы

Күні:

Мұғалімніңатыжөні: Сакиева Рабига

Сынып: 9

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтыңтақырыбы

Химиялықэлементтер

Оқу мақсаттары

Li+, Na+, K+, Ca2+,Sr2+, Ba2+, Cu2+металл катиондарын анықтау үшін жалынның бояу реакцияларын сипаттау және орындау.

Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакцияларды жүргізу.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін келесі әрекеттер арқылы дамыту:

Сапалық және сандық анализді өзара ажыратады.

Тұнба түзетін және тұнба түзбейтін катиондарды анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Лабораториялық жұмыстың қорытындысы жасаған болжамға сәйкес жазады.

Зерттеу жоспарын құрастырады (теориялық матрица).

Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін жазады.

Тәжірибелік матрицада реакцияның бақылауын жазады.

Белгісіз катиондарды анықтайды.

Натрий гидроксиді ерітіндісін сапалық зерттеуде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар реакцияның бақылауын арнайы терминдермен жазады (тұнба, газ, дымқыл лакмус қағазы, өткір иіс, жалынның түсі, ериді немесе ерімейді).

Оқушылар орындауы тиіс:Жалынның түсін бояу тәжірибесі бойынша тәжірибенің әр кезеңін сипаттау, осы тақырыпқа қатысты терминдерді дұрыс айту

Пәндік лексика және терминология:

түсті жалын, металдар, металдар ерітінділері, сым,қосылыс, литий, натрий, калий, рубидий, кальций, стронций, барий, мыс, ерітінді,қара/ашық көк, сынау, шек, бөлу, түзілу, батыру

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Х ерітінді жалынды(түсі) .... түске бояды

Х ерітінді жалын .........(түсі) бөлді

Ерітіндіде қандай түс пайда болды? Ерітінді қандай түске боялды?

Стронций жалынды........... бояды (түсі)

Алдымен сымды ерітіндіге батырыңыз, артынан…

Пәнаралық байланыс

Пәнішілік: химиялық зерттеу негіздері


Сабақ барысы

Сабақтағы іс әрекет


Ресурстар

0 -5 мин

Стартер (жағымды атмосфера құру, әрі сабаққа ой қозғау)

Оқушылардың зейінін жинақтау үшін отшашу бейнематериалы көрсетіледі.

Мұғалім сұрақ қояды:

«Салют» сөздің мағынасы қандай?

Неміс тілінен – «амандасу»

Италия тілінен – «денсаулық», «амандасу кезінде денсаулық тілейді»

Отшашуды не себептен атады және қай елде алғаш қолдана басталды деп ойлайсыздар?

Б.з.д 12 ғасырда Қытай елінде пайда болды, оны діни рәсім ретінде қолданылды. Европада алғаш рет Италияда пайда болды. Негізінен отшашуды соғыстан жеңіспен оралған кезде атқылаған.

Неліктен отшашу түрлі түсті?

Жасыл – барий, Қызыл – стронций, Көк – мыс, Тоқ сары − кальций

Сары – натрий металдарының тұздарын қолданады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Заттарды анықтау заттардың құрамдық бөліктерін анықтау реакциясына көбінесе ионды анықтауға негізделген

Отшашу бейнемате-риалы


Презентация

5 -10мин









10-20 мин

















20-37мин

Ой қозғау сұрағы: Отшашу басталу үшін не қажет?

Мұғалімнің түсіндіруі.

Экологиялық мониторинг, өнеркәсіпте, медицинада және сот-медициналық экспертизада істейтін ғалымдар заттарды зерттеп анықтайды. Олардың ішінде катиондарды анықтау үшін екі әдісті жатқызуға болады:

Тұнба түзу реакциясы

Жалынды бояу әдісі

Оқушыларға катиондарға сапалық реакция кестесі таратылады.


Лабораториялық жұмыс:

Li+, Na+, Ba2+, Cu2+, Fe2+, Fe3+тұздары A, B, C, D, E, F сынауықтарда берілген. Қай сынауықта қандай зат бар екенін анықтау.

Қосымша реактивтер: H2SO4,

а) оқушылар теориялық матрицаны құрады

Катиондар

Тұнба түзу реакциясы

(NaOH ерітіндісімен реакция)

Жалынды бояу әдісі

Li+

өзгеріс байқалмайды

қызыл

Na+

өзгеріс байқалмайды

сары

Ba2+

өзгеріс байқалмайды

ашық жасыл

Cu2+

көк түсті тұнба түзіледі

артық мөлшерде қою көк түсті тұнба түзеді

көк жасыл

Fe2+

жасыл түсті тұнба түзіледі

артық мөлшерде ерімейді

сары

Fe3+

қою қоңыр түсті тұнба түзіледі

артық мөлшерде ерімейді

сары


Тұнба түзетін реакцияларға молекулалық және иондық теңдеулерді жазады.


б) практикалық матрицаны құрастыру, белгісіз катиондарды анықтау.

Катиондар

Тұнба түзу реакциясы

(NaOH ерітіндісімен реакция)

Жалынды бояу әдісі

A



B



C



D



E



F




Дескрипторлар:

  • «Иондарға сапалық реакция» анықтамалық құралды қолданып, теориялық кесте құрады

  • Тұнба түзетін реакциялардың молекулалық теңдеуін жазады

  • Тұнба түзетін реакциялардың иондық теңдеуін жазады

  • Практикалық матрицада тәжірибедегі бақылауды жазғанда терминологияны дұрыс қолданады

  • Белгісіз катиондарды анықтайды


А 3 қағазы

Маркерлер


Презен

тация




Реактив

тер:

  • Li+, Na+, Ba2+, Cu2+, Fe2+, Fe3+ тұз ерітін-ділері

  • 8 сынауық

  • NaOH, H2SO4 ерітінділері

  • 8 тамшуыр

  • Ақ және қара фон



















37-40 мин

Рефлексия. Кері байланыс
Talk Partners «сұхбаттасатын жұп»

Жұбыңызбен:

  • 3 үйренгеннәрсе;

  • Не оңайболды?

  • Не қиынболды?

  • Тағы да не нәрсе туралы білгіңіз келетіні жайлы әңгімелесіңіз

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
1205
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі