400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бекмаганбетов Асем Танкешевна

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармашылық Сурет тех картасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қағаз, қарындашпен таныстыру.

Мақсаты:

а) көлденеңнен, тігінен сызықтар сызуды уйрету;

ә) қағазбен, майлы қарындашпен таныстырып, жұмыс icтey дағдыларын қалыптастыру;

б) үстелде дұрыс отыра білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялык, материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет салуға арналған ақ қағаз, түрлі түсті майлы қарындаштар, «Өз түсіңді тап!» ойынына арналған әртүрлі жолақ қағаздар (немесе ойыншықтар т.б.).

Сөздік жұмыс: қағаз, қорап, бояу.







Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық















Ұйымдастырушылық-ізденістік



























































































Рефлексиялық-түзетушілік




Педагог балалардың назарын өзіне аударады. Ертегі айтып береді.

- Қазір мен сендерге ертегі ай­тып беремін. Ерте, ерте, ертеде... бір қорап өмір сүріпті. Ол, міне, мынадай екен (қорапты көрсетеді). Сырты кандай әдемі безендірілген (сыртқы суреттеріне тоқталып өтеді де), оның ішінде не бар екен?



(Қорапты қозғалтып, ішіндегі қарындаштарды тықырлатады). - Тыңдап көріңдерші, бұл қорап ерекше, сиқырлы қорап болды. Өйткені, ішіндегі таяқшалар

да сиқырлы көрінеді. Кәне, ашып көрейік, - деп майлы қарындаштарды жартылай ашып

көрсетіп, - бұл таяқшалардың түстері де сан алуан екен. (Қызыл және қара түсті қарындаштарды алып, балалардан олардың қандай түсті екенін сұрайды).

- Бұл таяқшалар көңілді би билегісі келіп тұр. (Олар қағаз бетіне кезек-кезек шығып би билеп, «Көңілді із» қалдырмақшы болады).

(Қағазбен таныстырғанда ақ қағазды көрсете отырып келесі сұрақтарды қояды).

- Мынау не? Түсі қандай?

Ақ қағазға майлы қарындашпен сурет салуға болады, бірақ қарындашты өте қатты бастыру қажет емес. Егер қарындашты

қатты бастырсақ, қағаз жыртылып қалады. Сендер қағазды жыртпаңдар, сонда біз көп нәрсенің суретін салып үйренеміз.

- Қарындаштар көңілді би билей алады. (Қағаз бетіне жоғарыдан төмен қарай бірнеше түзу сызықтар жүргізеді).

- Қандай әдемі түстер. Мынау қандай қарындаштың ізі, кім айтады?

Қызыл, көк, қара сызықтарды сызғанда қолды батыл, үзіліс жасамай жүргізіп көрсетіп, балалардың қол,саусақ қимылдарын жетілдіруге көңіл аударады.

Қарындашты қалай ұстау керектігін

көрсетіп, 2-3 рет ауада сызық жүргізеді.

-Осы сызықтарды енді алдарыңдағы ақ қағазға түсіріп көріңдер.

Енді бұдан былай сурет салу бөлімінде қағаз бен майлы қарындаштарды пайдаланып, әртүрлі суреттер салып үйренеміз. Қарындаштарыңды жинап, орнына қойыңдар.

Қарындаштарын жинатады. Қағаздарды педагог жинап алады да, қарындашпен салынған суреттерді балаларға көрсетіп, әрқайсысын бағалап әңгімелейді.

«Өз түсіңді тап!» ойынын ұйымдастырады.





Балалар жұмысқа кіріскенде аралап, іс-әрекетіне басшылық жасап, бағыт беріп, жұмыстарын мадақтап, сабақты аяқтайды.



Ертегіні тыңдайды. Өздерінің көңіл күйлерін білдіреді.











Қораптағы дыбысты тыңдайды.













Балалар түстерін айтады.













- Ол - қағаз. Түсі- ақ.











Балалар «қарындаш»

деген сөзді 1 рет

қайталайды.

Ақ қағазға майлы

қарындаштар

арқылы сызықтар

сызады.







Сызықтарды көбірек сызып, ойын-жаттығуды

орындайды.

Ауада 2-3 рет саусақтарымен сызықтар

жүргізеді.

Әр бала өзінің

қарындашының қандай із

түсіргенін түсіндіріп айтады.

Сызықтарды батыл, дұрыс,

түзу сыза білуге жаттығады, бірнеше рет

сызықтар жүргізеді.

«Өз түсіңді тап!»

ойынын ойнайды

Балалар бір-бірінің жұмыстарын қарап, өздерінің еңбектеріне назар аударады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: майлы қарындашпен сурет салуға болатынын.

Игереді: қағаз, майлы қарындаш туралы және онымен іс-әрекет жасау туралы түсініктерді.

Меңгереді: қағаз, майлы қарындашпен жұмысты, жұмыс істеу дағдыларын, ұқыпты еңбек етуді.























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Ұзын жолдар.

Мақсаты:

а) балалардың қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді үйрету;

ә) бейнелегендерін іс-әрекет арқылы көрсете білу, саусақ, қол қимыл-қозғалыстарының икемділіктерін дамыту;

б) еңбек етуге, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қызыл, көк түсті майлы қарындаштар, екі түрлі жолақ қағаз (ұзын-қысқа), әр балаға арналған жолақ қағаздар, ойыншық машиналар.

Сөздік жұмыс: ұзын жол, түзу сызық.







Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық























Ұйымдастырушылық-ізденістік



























































































































Рефлексиялық-түзетушілік








- Балалар, өткенде біз майлы қарындашпен қағазға түрлі сызықтар түсіріп, сурет салуға болатынын білдік. Енді бүгін қандай сурет салсақ екен? Мен бір жұмбақ жасырайын, сендер жауабын тауып көріңдер:

Ұзын, ұзын, ұзын жіп,

Ұшына шыққан жан бар ма?

Ақырын басқан жан бар ма?

Ұшына шықпас жалғанда. (Жол) (Жұмбақтың мағынасын ашып түсіндіреді).



- Бүгін біз майлы қарындашпен жолдың суретін саламыз. Ол үшін маған алдымен мынаны айтыңдаршы. (Ақ қағаз бетіне немесе фланелеграфқа қызыл ұзын жолақты, көк қысқа жолақты қатарластырып қойып көрсетеді).

Екі жолақшаның қайсысы ұзын, қайсысы қысқа? Түстері қандай? Қызыл жолақ ұзын, ол қағаз бетінің шетіне дейін жетіп тұр, ал көк жолақ қағаздың ортасына дейін келіп тұр. Біз көк жолақ сияқты қысқа сызықтарды өткенде салып үйрендік. Бүгін қызыл жолақ тәрізді ұзын жолды саламыз. Педагог тақтаға бормен (немесе қағазға қарындашпен) бір шетінен екінші шетіне дейін жеткізе сызық жүргізіп көрсетеді. Бұдан кейін ауада қарындашты дұрыс ұстауларын ескере отырып, солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізгендей қимыл жасайды.

-Енді қағазға қарындашты өте қатты баспай ұзын-ұзын сызықтар жүргізсеңдер, «ұзын жол» болады. (Барлығы жұмысқа кіріседі. Бірнеше сызықтар жүргізеді).

Біз ұзын жол салдық, енді осы ұзын жолмен машиналарыңды жүргізіп көріңдерші. (Балалар сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын әрі-бері жүргізіп, сабақ ойынмен жалғасады).

Педагог балалар ойынға кіріскен кезде аралап жүріп талдау жасайды.

-Мынадай жолда машина жақсы жүреді, жол тегіс (түзу) болмаса машина жүре алмайды. Кейбір дұрыс сызық жүргізе алмаған балаларға сол балалардың өзінің қағазына сызып көрсетеді. Аяқталған жұмыстарын мадақтап, сабағын аяқтайды

да, балаларды гимнастикалық орындықтың қасына жинайды.

-Мына жерде өздерің бейнелегендей ұзын жол жатыр, кәне, барлығымыз осы жолмен өтейік. (Балалар кезектесіп, бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп кемектеседі.

Жайлап аяқ ұшымен секіріп түсулерін қадағалайды.

- Жол қандай ұзын жол болса да, бәрің жақсы жүріп өттіңдер. (Педагог балалардың дұрыс қимыл іс-әрекеттерін қолдайды. Қимыл-қозғалысты музыка әуені арқылы орындауға да болады).



Педагог балалардың салған суреттерін

тактаға қойып, мадақтайды.

- Қандай ұзын жол жасадық, енді

бәріміз машиналарды жолда жүргізіп

ойнаймыз.




Балалар ойланады.





Балалар жұмбақтың жауабын шешеді, таппай қиналса педагог көмектеседі.











Балалар алдарындағы

жолақ қағаздарын

салыстырып көреді.

















Балалар ауада солдан оңға қарай бірнеше сызық жүргізіп, қолдарын жаттықтырып алады.

Содан соң қағаз бетіне қарындашпен солдан оңға қарай жол салады.

Өздері салған сызықтардың үстімен ойыншық машиналарын жүргізіп ойнайды.



Ұзын жолдың үстімен кезек-кезек өтіп көреді.



Алдыларындағы жолақ қағаз «жолдың» бойымен ұсақ ойыншық машиналарды жүргізіп ойнайды.







Жол туралы түсініктері нақтыланады.

Кезектесіп бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне қол ұшын беріп көмектеседі.





Соңында жайлап аяқ ұшымен секіріп түседі.



















Балалар ұзын жолмен машиналарын жүргізіп ойнайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарындашпен дұрыс жұмыс істей білу дағдыларын.

Игереді: бейнелеген түсініктерді іс-әрекет, қимыл-қозғалыс арқылы көрсетуді.

Меңгереді: қағазға солдан оңға қарай түзу сызық жүргізе білуді және майлы қарындашпен жұмыс жасау техникасын.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Әртүрлі түстегі қақпалар.

Мақсаты:

а) қарындашты үш саусақпен дұрыс ұстап отырып, ұшын сәл жоғары, қатты қыспай, оң қолмен қағаз бетінде төменнен жоғары қарай, оңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай қысқа және ұзын сызықтар жүргізе білуді үйрету;

ә) балалардың саусақтарының бұлшың еттерін дамыту;

б) ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден сары түсті қағаз, екі түсті қарындаш, ойыншық аю.

Сөздік жұмыс: қақпа.







Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық



















Ұйымдастырушылық-ізденістік































































Рефлексиялық-түзетушілік








Педагог қарындаштың көмегімен

ұзын жолдарды калай салғандарын

балалардың естеріне түсіреді.

- Балалар, аю өзіне керемет қорған

салып, оның қақпасын салуды

ұмытып кетіпті, енді сендермен

ойнауға шыға алмай, қақпа жасауда

өздеріңнен көмек сұрап отыр.

- Көмектесеміз бе, балалар?



- Ендеше, біз қарындаштың көмегімен аюдың қорғанына әдемі қақпаларды салып, аюды өзімізбен ойнауға шақырамыз.

Педагог алдымен балаларға

қарындашты дұрыс ұстатып, ауада

қақпаның суретін салуды ұсынады.

Содан кейін қарындашты үш саусағымен қыспай ұстай отырып, қағаздың бетіне төменнен жоғары карай ұзын сызық, солдан оңға қарай кысқа сызық, жоғарыдан төмен қарай

ұзын сызық жүргізетінін түсіндіреді.

Балалар жұмысқа кіріседі.

Педагог балалардың салған қақпаларын көріп, олардың әдемі болып шыққанын айтып жатқанда аю келіп кіреді. Ол балалардың салған суреттерін көріп, өзінің ризашылығын білдіреді. Енді

балалармен ойын ойнағысы келетінін

айтады.

Бәрі бірге «Бейнені құрастыр» ойынын ойнады.



Барлық баланың салған суреттерін тақтаға іліп, педагог балалардан кандай түсті қақпа салғандары жайлы сұрайды.

Аю балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, ол үшін көңілді музыка койылып, барлығы аюмен бірге би билейді.


Балалар көңіл

қойып тыңдайды.











- Көмектесеміз.









Балалар педагогпен бірге

ауада сызықтар

сызып, қақпаның

суретін салады.

Балалар педагогтің

нұсқауы бойынша

төменнен жоғары

қарай ұзын, оңнан

солға қысқа,

жоғарыдан

төмен қарай ұзын сызықтар

жүргізеді.

Балалар да

аюмен ойнағысы

келетінін білдіріп,

өз қалаулары бойынша ойын ойнайды.











Балалар өздерінің салған суреттері жайлы әңгімелейді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарындашпен қақпа салуды.

Игереді: бір-біріне, басқа да адамдарға деген достық сезімді.

Меңгереді: төменнен жоғары, солдан оңға және жоғарыдан төмен сызықтар сызуды, карындашпен жұмыс жасау техникасын.













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жау-жау, жаңбыр.

Мақсаты:

а) сызықтарды кағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету;

ә) іс-әрекет барысында бейнелегендерін музыка әуенімен қимыл-қозғалыста үйлестіре білуге бағыттау;

б) табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бұлттар бейнеленген үлгі сурет.

Қажетті құрал-жабдықтар: көгілдір түсті майлы қарындаш, әрбір балаға ақ кағаз (жоғарғы бөлігіне бұлттар бейнеленген), сүрткіш.

Сөздік жұмыс: жаңбыр тамшылары





Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық







Ұйымдастырушылық-ізденістік





























































































Рефлексиялық-түзетушілік








Педагог балалардың назарын өзіне

аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды ұсынады.

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.

- Бүгін күн қандай? Ашық па?

Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?

Балалар, бүгін күн салқын, жаңбыр

жауап тұр. Аспанды бұлт торлаған.

Күн бұлттанса, жаңбыр жауады.

- Тақтадағы суретке қараңдаршы, бұл не? Түсі қандай?

- Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс

естіледі?

- Кәне, тыңдап көрейік.



- Қалай тамып тұр екен?

Педагог үстел үстін саусақтарымен

тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді.

- Ой, жаңбыр қалай қатты құйып жауып кетті. Енді екі алақандарыңды тізелеріңе қойып, шапалақтап көріңдер.

Балалар педагогпен бірге аяқтарын

тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл

жаттығулар балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды.

Көркем сөз оқу.

Жауын-жауын жауады,

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

— Енді көк майлы қарындашты

пайдаланып қағазға жаңбыр

тамшыларын түсіреміз. Қараңдар,

бұлттан төмен қарай тамшылар түсіп келеді.

Бірнеше үзік қысқа сызықтармен

салып көрсетеді. Қағаз бетіне

шашырата салуды қадағалайды.

Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды.

Музыка әуенімен «Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды ойын ұйымдастырады.

Балаларға үзік сызықтар немесе

тамшыларды барлық қағаз бетіне

көбірек салу керектігі түсіндіріледі.

Балаларға берілетін қағазға гүлдердің суреті алдын ала салынған болуы тиіс. Нөсер жаңбыр жауып, гүлдерді әбден суға қандырды деп әңгіме жүргізіледі.



Педагог балалардың салған

суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырылады.






Балалар жұмбақтың

шешуін табады.



- Жаңбыр.

Ауа райы туралы

Білгендерін айтады.

- Бұлт.









- Түсі көк.

- Тырс-тырс.

Балалар тамшылар

Дыбысын тыңдайды.



- Тырс-тырс тамып тұр.

Балалар да педагог

әрекетін қайталап

жасап көреді.

Балалар педагогтің

айтқанын

қайталайды



















Көк майлы қарыпдашты

алып,сурет салуға

кіріседі.

Балалар қағаз бетіне шашырата жаңбыр

тамшыларын

бейнелейді.

«Жаңбыр тамшыларын тосамыз» деген қимылды

ойын ойнайды.

Балалар қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын көп

етіп түсіреді.

















Балалар өздерінің

еңбектері туралы

әңгімелеп береді,

достарының,

салған суреттерін

тамашалайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: табиғат құбылыстары жайлы қарапайым түсініктерді.

Игереді: жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін.

Меңгереді: қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды.





























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Шағылысқан күн сәулесі.

Мақсаты:

а) балаларға алақан мен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету;

ә) саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру;

б) бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: күн сәулесі салынған үлгі сурет.

Қажетті құрал-жабдықтар: ойыншықтар, көк түске боялған кағаз, сары бояу, су, қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: күн нұры, сайрап.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық



















Ұйымдастырушылық-ізденістік





































































































Рефлексиялық-түзетушілік




Педагог балаларға бүгінгі күннің қандай тамаша екені, күн нұрын аямай төгіп тұрғаны, күн барлығына қуаныш әкелетіні - жапырақтар жайқалып, құстар сайрап, жан-жануар атаулы тіршілік қамына кірісіп, балалар көтеріңкі көңіл күйде болатыны жайлы әңгімелейді.

- Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын далаға шығып, күннің көзін көретін мүмкіндіктері жоқ.

Олардың көңілдерін көтеріп, күзгі күн сәулесімен жылынуына көмектесеміз бе?



Педагог балаларға жұмбақты шешуді ұсынады:

Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды? Ол не, балалар?

- Ендеше бәріміз жарқыраған күн сәулесін бейнелеп, ойыншықтарымызға сыйлайық. Жұмыс бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрамыз,

Айналаны шоламыз.

Күн нұрындай жарқырап,

Жер бетіне қонамыз.

- Балалар, бүгін біз алдарыңда тұрған бояулардың сырын ашамыз. Қарындашпен сурет салған сияқты, бояумен де суреттер салуға болады, алдарыңдағы сары бояуды пайдалана отырып, алақанымызбен саусақтарымыз арқылы күннің суретін салайық. Бояумен жұмыс жасау ұқыптылықты талап ететінін ұмытпайық.

Алдымен алақанымызды сары түсті бояуға батырып, күннің домалақ бейнесін, ал саусағымыз арқылы күннің сәулелерін бейнелейік. Үлгі сурет бойынша балаларға сурет салу ретін көрсетіп, түсіндіреді:

-Алдымен маған алақандарыңды жазып, ашып көрсетіңдерші, бір-бірімізге алақандарымызды тигізіп, күн жасап ойнайық.

Енді мына ыдыстағы (жалпақ ыдысқа алдын ала сары бояу құйып дайындап қою қажет) сары түсті бояуға алақанымызды батырамыз.

Алақанымызды ақ қағазға қойып, дақ түсіреміз.

(Педагог балаларды кезек-кезек шақырып, алақандарын бояуға батырып, бояумен қағаз бетіне қалай дақ түсіруге болатынын іс-әрекетпен көрсетеді. Алақанға жағылған бояудың жан-жаққа шашырамауын ескертеді).

Алақанды бір рет бастырғаннан кейін қағазды айналдыра қозғалтып, алақанды саусақтарды шашырата отырып бастыру керектігін, сонда күн сәулесі пайда болатынын түсіндіреді. Алғаш дайын болған суретке педагог күннің күлімдеп тұрған бейнесін әдемілеп салады. Ол бейнеден қуанышты, шат образ анық көрініп тұруы тиіс.

Балаларға мынадай өтініш айтады. - Ол сендерге риза болып, рақмет айтып тұр, сендер де күн сияқты күлімдеп, өздеріңнің көңіл күйлеріңді көрсетіңдер. Көңілділік әр баланың өзінен басталса қандай жақсы. Жұмыс соңынан қолдарын сулы шүберекпен сүртіп, тазалауын қадағалайды.

Қиналған балаларға жеке бағыт-бағдар беріледі. Алақандарына жағылған бояудың қағазқа толық тиюіне көңіл бөледі. Педагог ойыншықтардың атынан балаларға «рақмет» айтады. Енді бөлмеде үнемі көңілді болады деп ескертеді.



Педагог жұмыс соңынан балалардың еңбегін мадақтап, топтың жарық болып кеткенін, мұндай жарық жерде ойыншықтар көңілді болатынын айтады.





Балалардың көңіл күйлері

көтеріледі.







Балалар өз ойларын айтады.







-Ол күн.









Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Балалар «күн нұры», «сайрап» деген сөздерді қайталайды.





Балалар қызығушылықпен тыңдайды.





Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.





Қолдарын сары түсті бояуға малып, алақанның, саусақтың көмегімен күннің суретін салады.



























Жұмыс соңынан балалар қолдарын сулы шүберекпен сүртіп тазалайды











Балалар өз жұмыстарына қызығушылықпен қарайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: алақан мен саусақ арқылы түрлі бейнелер салуға болатынын;

Игереді: суретті әртүрлі әдістермен салуға болатынын, ол әдістерді өз ойларынан шығаруға да болатынын;

Меңгереді: алақан мен саусақ арқылы күнді бейнелеуді















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жапырақтар түсуде.

Мақсаты:

а) қылқаламмен таныстыру, сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне дақ түсіруді үйрету;

ә) қылқалам мен бояуды пайдаланып жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, қолдың қимыл қозғалысын дамыту;

б) ұқыпты жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қуыршақ Айсұлу, себетке салынған жапырақтар, демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: қызыл, қоңыр гуашь бояу, сары түске боялған кағаз, қылқалам, су, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: себет.







Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық



































Ұйымдастырушылық-ізденістік



































































Рефлексиялық-түзетушілік




- Балалар, бүгін бізге Айсұлу деген

қуыршақ қонаққа келіпті. Ол күзгі

орманды аралап жапырақ жинап жүріп, қолындағы себетін бір жерге қойып кетіпті де, оны қайтадан таба алмай қалыпты. Сендер оның себетін көрді ме екен деп сұрау үшін келіпті. Естеріңе түсіріңдерші, себетті біз қайдан көрдік? (Егер балалар жауабын тауып айтпаса, педагог өзі айтады).

- Мынау ма?

Қуыршақ қуанып:

- Иә, осы, қандай жақсы болды, рақмет сендерге.

Қуыршақ:

- Балалар, мен сендерге сурет алып келдім. Жапырақтар түсіп жатқаны

бейнеленген үлгі суретті көрсетеді.



Педагог баланың ойын дамыту үшін күз туралы бір шумақ өлең оқиды.

Айсұлу сендердің жапырақтың суретін қалай салатындарыңды көрейін дейді, біз оған түсіп жатқан жапырақтарды салып көрсетейік. Біз бүгін суретті қылқаламмен саламыз. Қылқаламмен таныстырады. Қылқалам деп аталуының өзіндік себебі бар. Өйткені оның бас жағы қылдан жасалған. Ол өте жұмсақ. Өздерің алақандарыңа сүйкеп көріңдерші, жұп-жұмсақ. (Өзі сүйкеп көрсетеді). Сондықтан оны пайдаланғанда қағазға қатты басуға болмайды. Қылдан жасалған шашақтар темірмен оралып, ағашқа бекітілген. Қылқаламды дұрыс ұстау үшін темір бөлігінен ағаш бөлігіне дейінгі тұсты үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстау керек. (Қылқаламды бояуға қалай батыратынын, оның артық тамшыларын қалай тазартуды балалардың алдарында тұрған ыдыстағы су мен бояуды пайдалана отырып көрсетеді).

-Кәне, қылқаламды қолға алып, (балалар өз қалаулары бойынша түсті таңдайды) қызыл, сары, қоңыр бояуға батырып аламыз да, былай сүйкей жағамыз.

(Өзі үлгіге бірнеше жапырақтар салып көрсетеді). Балалардың жұмыстарын Айсұлу аралап көреді. Аяқталған жұмыстарды педагог жинап алып тақтаға іледі.

Айсұлу таңданып, балалардың жұмыстарына ризашылығын білдіріп, мадақтайды:

-Бәрің сурет салуды үйреніп алыпсыңдар, мен де енді сендерден сурет салуды үйренемін.

Жұмыс барысында балаларға бағыт-бағдар беріледі.

- Ал қазір бәріміз бірігіп ойын ойнасақ қайтеді.

«Балабақша бағында» музыка әуені ойналады.



Педагог балалардың жасаған жұмыстарын мадақтайды, арнайы жасалған себеттің суретін балаларға үлестреді.




Балалар тыңдайды.

Жапырақтар

жерге көп түсіп жатқанын,

ағаштың басында аз қалғанын айтады.



























Күз туралы өлең тыңдайды.









Балалар қылқаламды үш саусақтың арасына қатты майыстырмай ұстап,

алдарындағы ағаштар салынған кағазға түсіп келе жатқан жапырақтарды салып көреді. Қылқаламмен бояуды сүйкей жағу тәсілімен алдарындағы ағаштардың суреті салынған қағазға қызыл, сары, қоңыр жапырақтардың суретін салады. Бояу түстерін өздері таңдайды.





















«Балабақша бағында» атты музыка әуенімен ойын ойнайды. Содан соң балалар түсіп жатқан жапырақтарды тамашалауға Айсұлуды серуенге шақырады.













Балалар өздерінің салған

Суреттерін тамашалайды,

достарының суретімен

салыстырады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: қылқалам мен күзгі жапырақтардың ерекшеліктері жайлы қарапайым түсініктерді.

Игереді: қылқаламмен, бояумен қағаз бетіне жапырақтардың суретін салуды.

Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей білуді.















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Қызыл-сары жапырақтар.

Мақсаты:

а) ата-аналармен бірлесе отырып алақан арқылы жапырақтың бейнесін салуды үйрету;

ә) негізгі түстер туралы білімдерін бекіту;

б) балаларды алақанмен сурет салуда ұқыптылыққа, тазалық сақтай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: алақан арқылы сурет салу, ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті кағаздан жасалған сары, қызыл жапырақтар, қызыл, сары гуашь бояулар, №4 қылқалам, дымқыл қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: кызыл, сары.





Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық









Ұйымдастырушылық-ізденістік











































































































Рефлексиялық-түзетушілік




Педагог балаларға бүгін бірнеше ата-аналардың конаққа келгендігі жайлы хабарлайды.

Олардың балаларға арнап қызықты ойын ала келгендігі және алақан арқылы сурет салуға көмектесетіндерін айтады.



Педагог аналарының алып келген жапырақтарын көрсетеді.

-Мына жапырактарға қараңдаршы, түстері қандай керемет. Балалардан олардың түстерін сұрайды.

-Мынау - сары, мынау - қызыл жапырақ.

Кәнеки, бәріміз бірге қайталайықшы. Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды.

Күз мезгілінде жапырақтар түсінің өзгеретінін түсіндіріп өтеді.

-Сендердің аналарың көңілдене соққан жел болады, сендер күзгі жапырақтар боласыңдар. Балалар мен ата-аналарына өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасатады.

Сергіту сәті:

Жел соқты, жел соқты,

Ағаштар желмен шайқалды.

Жел соқты, жел соқты,

Жапырақ түскен байкалды. (Ф.Н.)

-Балалар, жапырақтар қандай әдемі болып ұшып жатыр. Олар неткен көп. Бейне бір жерге әдемі кілем төсеп қойғандай. Ендеше осындай әдемі сары жапырақтардың суретін алақан арқылы салып көрейік. (Аналары балаларының жанындағы орындыққа отырады).

Міне, мынау - сары, қызыл бояулар. Бір алақандарыңды сары бояуға батырып, таза кағаз бетіне бірнеше жапырақтардың бейнесін салыңдар. Енді екінші алақандарыңды қызыл бояуға батырып, тағы да сол қағаздың бірнеше жеріне басып, жапырақтардың бейнесін жасаймыз. Біздің қағазымызда екі түсті жапырақтардың суреттері пайда болды. Демек, жапырақ формасы біздің алақанымызға ұқсайды екен. Іс-әрекет бірнеше рет қайталанады, ата-аналар жапырақтардың ортасындары сызықтарын жүргізіп, әдемілеп, балаларымен келісе отырып, түстерін таңдап, жапырақтардың әдемі болуына назар аударады.

Соңынан «Жапырақтар шоғыры» көрмесін ұйымдастырып, ата-аналар өз балаларының жұмыстары жайында әңгімелеп береді. (Аналары балаларының қолын дымқыл орамалмен сүртіп отырады).

Қандай тамаша, әдемі қызыл, сары жапырақтарды бейнеледіңдер, жарайсыңдар! Жасаған жұмыстарыңды қолдарыңа алып, бір-бірлеріңе көрсетіңдерші.

Аналары балаларының жұмысына ризашылығын білдіріп қоштасады. Педагог өлең жолдарымен жасалған іс-әрекеттерді қорытады.

Қызыл, сары, жасыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

О, Алақай, тамаша!

Шашу шашты жапырақ.



Педагог балалардың аналарының көмегімен алақан арқылы салған түрлі жапырақтар суреті жайлы әңгімелеп, мадақтап, көрме ұйымдастырады.




Балалардың

қызығушылығы оянады.















- Сары, қызыл.





















Балалар қимыл

қозғалыстарымен

көрсетеді.





Балалар түрлі түсті жапырақтарды лақтырып ойнайды.

















Балалар алақандарын сары, қызыл бояуға баты­рып, түрлі түсті жапырақтың бейнесін салады.















Салған суреттерін бір-біріне көрсетіп тамашалайды.



Аналарымен қоштасады.





Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.









Балалар өздері салған жұмыстарын қызықтайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі жапырақтардың түсінің өзгеретінін.

Игереді: алақан арқылы күзгі жапырақтардың суретін сала білуді.

Меңгереді: ұқыпты жұмыс істей білу дағдыларын.















































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Түрлі түсті жіптер.

Мақсаты:

а) фломастерді немесе майлы қарындашты дұрыс пайдалана отырып ирек сызықтар сызуға үйрету;

ә) саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;

б) ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: 3 түсті фломастерлер, 3 түсті жіптер, әр балаға арналған жіптердің суреті салынған парақтар, дымқыл қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: жіп, фломастер.







Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық

























Ұйымдастырушылық-ізденістік

























































































Рефлексиялық-түзетушілік




- Балалар, «Жіптер әлемі» сендерге түрлі түсті әдемі жіптерін қонаққа жіберіпті.

Қолындағы жіптерді балаларға таратып

береді.

- Қандай жұмсақ, түстері қандай әдемі.

- Жіптерді ұстап көріңдер. Нені сездіңдер?

Балалар өздерінің не сезінгендерін айтып беруге тырысады. Педагог жетекші сұрақтар қойып отырады.

- Осы жіптерден үстеріңе киетін

киімдерді, тұрмыстық заттарды тоқиды.

Киімдер және тұрмыстық заттарды суреттен көрсетеді.



- Қолдарыңдағы жіпті тарқатып, қайтадан орауларыңа болады.

Бұл іс-әрекетті педагог көрсетеді.

- Біз бүгін сурет салатын құралдардың

бір түрі - фломастермен танысып,

жұмыс жасаймыз. Фломастердің

түстері де әртүрлі болады.

- Қазір әдемі жіптердің суретін

алдарыңда тұрған фломастерлердің

немесе майлы қарындаштың көмегімен

парақтың сол жағынан бастап оңға

қарай қисық сызықтар сызу арқылы

саламыз.

Педагог балаларды үлгі суретпен

таныстырады. Балалармен бірге

бірнеше рет ауада сызықтар сызып,

жаттығу жасап көреді.

Сергіту сәті:

Көне, жіпті орайық,

Енді шешіп көрейік.

Қайта орап жіптерді,

Тағы шешіп көрейік. (Ф.Н.)



Алдымен саусақтарымен ауада

салғызып, сонан кейін үлгіге қарап

жұмысты бастатады. Жұмыс барысында балалардың өз алдына жеке әрекеті мен белсенділігіне қолдау көрсетіледі.



«Жіптер әлемінен» келген жіптер балаларға алғысын айтып қоштасады.



Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылады, жақсы салғандарын мадақтап, жұмысты қорытындылайды





Балалар жіптерге

қызығушылықпен қарап,

қолдарымен жіпті

ұстап көреді.







Суреттермен таныстыру.













Балалар қолдарындағы

жіпті тарқатып,

қайтадан орайды.

Фломастермен танысады.















Үлгі суретке мұқият зер

салады.







Өлең жолдарына

сәйкес қимылдар

жасайды.

Саусақтарымен ауада сызықтар салады.

Балалар фломастерлерді

алып, педагогтің

нұсқауымен кисық сызықтар сызады.





Балалар жіптермен

қоштасады.



Балалар өздерінің жұмыстарын мұқият қарап шығады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: фломастерді пайдаланып сызықтарды дұрыс сыза білу дағдыларын.

Игереді: түстерді таңдай білуді, оларды ауыстырып қолдануды.

Меңгереді: үлгі бойынша ирек сызықтарды сызу әдісін























































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



№1 оқу іс-әрекет: «Шығармашылық» білім беру саласы

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Жапалақтап қар жауды.

Мақсаты:

а) саусақ арқылы қардың бейнесін салуды үйрету;
ә) саусақтарының бұлшық еттерін дамыту;

б) бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға бір-бірден көгілдір түспен боялған парақтар, ақ гуашь, су, қол сүрткіштер.

Сөздік жұмыс: жапалақтап, ғажайып, ақ ұлпа, шағылысады.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері




Тәрбиешінің іс-әрекеті



Баланың іс- әрекеті

Мотивациалық- қозғаушылық













Ұйымдастырушылық-ізденістік











































































Рефлексиялық-түзетушілік






-Балалар, қараңдаршы, бір ғажайыптың күшімен біз қысқы орманда саяхатта жүргендейміз.

Орман қандай әдемі күйге енген, ағаштардың бәрін қар басып, жердегі ақ ұлпа қар күн сәулесіне шағылысады.



- Мұнда қар жауып тұрған сияқты ғой. Қыста көптеген аңдар қысқы ұйқыға кетеді.

Олар қардың жауғанын көрмейді.

Біз оларға қыстан естелік ретінде қардың қалай жауатынын көрсетіп, сурет салып берейік.

Бүгін ақ гуашьты пайдаланып, саусақ арқылы жауып тұрған қардың суретін саламыз.

Педагог сурет салу жолдарын көрсетеді. Балалар сұқ саусақтарын ақ бояуға батырып, онымен қағаздың бетіне дақ түсіреді. Педагог жапалақтап жауған қар үлкен болатынын және оның көп жауып жатқанын бейнелеуді талап етеді.



Педагог балаларға алдарындағы көк парақтың бетін толығымен пайдалану керектігін және жұмыс соңынан балалар қолдарын жуып тазалауы керектігін ескертеді.



Педагог осы салған суреттерін қысқы ұйқыға кететін жануарларға сыйлайтынын айтып, жұмыстарын жинап алады да, ойын ұйымдастырады.

«Кім алысқа лақтырады?» ойыны.

Шарты: Мақтадан жасалған қарларды

лақтырып, қағып алып ойнайды.

Педагог кімнің алысқа лақтырғанын бақылап тұрып, ойын қорытындысын шығарады.



Салған суреттерінен көрме ұйымдастырады. Жақсы шыққан сурет иелерін мадақтайды





Тақтадағы қыс табиғатын

бейнелейтін суреттерге,

алдарындағы қолдан

жасалған қарларға көңіл аударады.



































Балалар педагогтің көрсетуімен сұқ саусақтарын ақ гуашьқа салып, көк парақтың бетіне жауып тұрған қарды бейнелейді.

Балалар салған суреттерін педагогке жинап береді.









Ойынды қызығушылықпен ойнайды.



















Өздерінің жұмыстарын зер сала қарайды.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: қыс мезгілінде қардың жапалақтап жауатынын, қардың пайдасын.

Игереді: қыста қар жауып, адамдар тіршілігіне өзіндік өзгерістер әкелетінін.

Меңгереді: қарды саусақ ұшымен, кеңістікті бағдарлай отырып бейнелеуді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
389
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі