400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:

Көркем еңбек

Сынып:

9 сынып

Бөлім:

Дизайн және технология

Тақырып:

Белгілі бір интерьерге арналған заттарды дайындау (мысалы: көрме залына арналған модульді жиһаз, трансформацияланатын балаларға арналған жиһаз, сәнді шамшырақ)

Оқу мақсаттары:

9.1.5.1-Күрделі нысандар, пішіндер мен образдардың дизайнын дайындау үшін түрлі салалар бойынша білімдерді жалпылау

9.1.6.1-Жобаланатын нысанның техникалық, эксплатуациялық және экологиялық сипаттамаларын ескере отырып, өз бетінше конструкциялық, табиғи және жасанды материалдарды, өңдеу тәсілдерін негіздеп, анықтау және таңдау

Сабақтың мақсаты:

-Жобаланатын нысанның техникалық,экологиялық ерекшелігін, не үшін қолданылатын ескеріп , өңдеу тәсілдерін,табиғи және жасанды материалдарды өз бетінше анықтап,таңдай білу.

-Күрделі нысандар,бейнелер мен формалардың дизайнын дайындауға қатысты білімдерін жинақтау;


Тілдік мақсаттар:

Құрылым-Конструкция-Desiqn


Күтілетін нәтиже

Оқушылар интерьерге арналған заттарды дайындай алады;

-бұйым жасауға қажетті материалдар туралы біледі;

-Бұйымның нобайын салу жолдарын үйренеді.

Бағалау критерийі:

Нақты интерьерге арналған заттарды дайындай білуі;

-Бұйымның не үшін қолданылатының,өзіндік ерекшелігін ескеріп,оны дайындау үшін қажет материалдарды таңдап ала біледі;

-Өз ойларынан бұйымның нобайын салады,жасалу жолдарын анықтайды.


Құндылықтарды дарыту:

Оқушылар нақты интерьерге арналған жиһаздарды дайындауды, заттардың құрылымдық ерекшелігін,жиһаз жасауға қажетті материалдар туралы ақпаратты бойына сіңіреді

АКТ қолдану дағдылары

Жаңа сабақ бойынша ноутбуктен « Жиһаз өндірісі» тақырыбында презентация көрсету

Пәнаралық байланыс:

Тарих, сызу,әдебиет,орыс тілі, ағылшын

Бастапқы білім:

Оқушылар алдыңғы сабақта интерьер туралы ,жиһаздар жайлы мәлімет жинақтады.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

-Сыныппен амандасу.

Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

Топқа бөлу. «Кір жаятын жіп» әдісі арқылы



1 сурет – Қаратөбедегі атақты адамдарға қойылған мүсіндер немесе кесенелер суреті

2 сурет- Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер. (Жаз,күз,көктем,қыс)

ІІ. «Миға шабуыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.

  1. Интерьер дегеніміз не?

  2. Интерьер заттарына қандай заттар жатады?

  3. Жиһаздардың өндірілуі жолдары?






Жіпте жайылған фотосуреттерді

алып, түріне сай топтарға бөлінеді.














Сабақтың ортасы


5 минут







10 минут













2 минут






10 минут











4 минут

Жаңа білім. Білу және түсіну

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша қысқаша түсінік беру.Қауіпсіздік ережелерін еске салу.

Презентация. «Жиһаз өндірісі»

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.


Қолдану . Постер жасату.

Жалпыға арналған тапсырма.

Оқушылар жаңа тақырыпқа сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.Топ болып қорғайды.




Д ескриптор:

1.Тақырыптың негізгі ақпараттарымен танысады.

2. Тақырыпқа байланысты жүйелі сұрақтар құрастырады.

3.Қажетті ақпараттармен бөліседі.

Қалыптастырушы бағалау.

«Ой қоржын» әдісі.Оқушылар жаңа тақырып бойынша өз пікірлерін параққа жазып,қоржынға салады.Мұғалім таңдап алып,оқиды.Сынып болып талқылайды.


Практикалық жұмыс:

Тапсырма: Көрме залына арналған креслоның жобасын дайындау.

Дескриптор:

-Бұйымның түрін,құрылымын ойластырады;

-Құрылымның негізгі бөлшектерін нақтылайды;

-Бұйымның бөлшектерінің нобайын салады.


Бағалау:

Оқушылар бір-бірлерінің жұмыстарын «Галереяға саяхат» әдісі бойынша бағалайды.

Қалыптастырушы бағалау.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі

Оқушылар екі сәтті жағын және сол жұмысқа өз ұсынысын жазады


Оқулық,9 сынып көркем еңбек

мәтіндер.

Ноутбук

https://www.google.com/search?biw=1366&bih=66

Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып қорғайды.

Плакат,маркер













«Ой қоржын» әдісі

Қоржын,қағаз, қалам





Сурет дәптер,қарындаш







«Галереяға саяхат» әдісі




«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі




Сабақтың соңы

3 минут

Қорытынды.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

О қушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.






«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі












Рефлексия

3 минут

«Желкенді қайық» әдісі





Үйге тапсырма: Нобай дайындау.



«Желкенді қайық» әдісі


Саралау.

Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау.

Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабаққа саралаудың «Миға шабуыл», «Білу және түсіну», «Қолдану.Постер жасату», «Қорытынды» әдістері кіріктірілді. Бұл саралау әдістері оқушылардың ынтымақтастық оқу ортасында ой бөлісуіне, идеялар ұсынуына, ақпараттармен тиімді жұмыстануына, бірін -бірі үйретуіне ықпал етеді. Жалпы әрбір оқушының оқу масаттарына қол жеткізуіне мүмкіндік береді.


Сабақта оқушылардың нені үйренгендерін бағалау мақсатында «Ой қоржын», «Желкенді қайық» әдісі, «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдістері пайдаланылды. Қалыптастырушы бағалаудың бұл тәсілдері арқылы оқушыларды ынталандыру, жасаған жұмыстарын жетілдіру бағытында тиімді ұсыныс беруге үйрету және дамыту мақсат етілді.

Тапсырмаларды орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау туралы алдын ала ескерту мақсатында түсінік беру.Қауіпсіздік ережелерін еске салу.






Базарбайұлы Ернұр.

Қаратөбе мектеп-гимназиясының көркем

еңбек пәнінің мұғалімі.

Педагог-сарапшы.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
1797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі