400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
1сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика 

Бекітемін:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны: 

Қатыспағандар саны:

Сабақтың 

тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Осы сабақ арқылы  жүзеге

асатын оқу мақсаттары

1.2.2.2.теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады:      

таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:   

қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады

Кейбір оқушылар орындай алады:

есепті сурет, сызба түрінде модельдейді, қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:  белгісізі бар теңдіктің шығару жолын түсінеді

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

белгісіз сан, теңдеу, белгісіз азайтқыш

Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Тура және тура емес теңдіктер дегенді қалай түсінесің?

Не себепті ….деп  ойлайсыз?

Белгісіз санды неге шартты белгімен көрсетеміз? Өз ойың?

Ишара:


Алдыңғы оқу:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеу

Жоспар:

Басы:

Психологиялық дайындық

Қайырлы таң, Доброе утро, Good morning деп айтамыз,

Үйге бірге қайтамыз

Отбасының гүліміз

Бірге өтер күніміз

Сыныбымыз тап таза

Бор да дайын, тақта да,

Ойымызды жинақтап, отырайық партаға

Ортасы:

8-х=6 * Компоненттерін еске түсіру (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні.)

х=8-6 * Белгісіз азайтқышты табу үшін азайғыштан айырманы азайту керек.

х=2

8-2=6

6=6

Жұптық жұмыс ұйымдастыру.

Бөшкеде 40 литр су бар еді. Гүлдерді суарғаннан кейін бөшкеле 10 литр су қалды. Гүлдерді суаруға қанша литр су кетті? Теңдеу құрастыр және оны шығар. 40-х=10 Жауабы: 30 литр су кетті.


Орындап көр. Жеке жұмыс.

«Сандық калейдоскоп» дайында. Дөңгелектің ортасына қарындаш пен қағазқыстырғышты қой. Қағазқыстырғыш еркін айналып, дөңгелектегі әртүрлі санды көрсетуі тиіс.

Азайтқышы белгесіз болатын 3 топ 3 теңдеу құрастырады. Оларды сандық сәуленің көмегімен шешеді. -х = 3

Есіңе сақта!

Белгісіз азайтқыш-бұл бүтіннің белгісіз бөлігі.

Дәптермен жұмыс

Соңы:

Оқушылар сабақ соңында:

Шығарып көр. Азайту амалына теңдеу құрастыр. Оны шеш. Ілияста 7 кәмпит болған. Ол бірнеше кәмпит жеді. Онда 5 кәмпит қалды. Ілияс неше кәпит жеді? 7-х=5 х=7-5 х=2 Тексереміз 7-2 = 5 5 =5 Жауабы: Ілияста 2 кәмпит қалған.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізіңіз.

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға  тапсырманы қалай  түрлендіресіз?

Топ ішінде көшбасшыларға  тапсырмалардың орындалуын бақылауды міндеттеймін.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Балалар сабақ соңында:

-  белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше біледі; теңдеуді шешудегі өз іс-әрекетіне түсініктеме жасауды үйренеді.

-белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құ­растыр.

-Белгісіз қосылғыш не болып табылады? (Бөлік.)

-Теңдеудің түбірі қалай табылады?

-Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?  (Оқушылардың өз-өзін реттеуіне қалыптастырушы баға беріледі).

Пəнараластық

Рефлексия:

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгізді?

  Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
2637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі