400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне пайдасы бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика

Мектеп: «Шорнақ» жалпы орта

Тақырыбы:

Белгісіз азайтқышы бар теңдеуді шешу

Күні:21.02.2017 ж

Мұғалімнің аты- жөні: Аубакирова Айгүл

Сынып: 1 сынып

Қатысатындар саны: 20

Қатыспағандар саны :

Оқу мақсаттары

1.2.2.1 теңдікті, теңсіздікті, теңдеуді білу; дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату

1.2.2.2 теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу

1.2.1.1 сандық және әріптік өрнектерді (қосынды, айырма) / теңдік пен теңдіксізді құру, оқу, жазу және білу

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады

Санды және әріпті өрнектерді,теңдеуді ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады

амалдарының қатынасы негізінде теңдеулерді шешеді;

Кейбір оқушылар орындай алады

Алған білімдерін өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар : белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешуді үйренеді.

Пәндік лексика және терминология:

Теңдеу- уравнение- the equation

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-х + 5 =10 өрнегін оқыңдар.

-х – 5=5 өрнегін оқыңдар.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну,қолдану

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қосынды және айырма түрінде берілген санды өрнектер құрастырады

Қосу мен азайту амалдарына берілген теңдеуді орындайды

- қосындының мәнін дұрыс шығарады;

- айырманың мәнін дұрыс шығарады

- теңдеудің мәнін табады

Алдыңғы оқу:

Әріпті өрнектегі әріптің мәні

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

0-5 минут.

















Ортасы

30 минут






















Соңы

10 минут

Ширату:

Бір,екі,үш.

Бойға жинап күш.

Бестік баға аламыз,

Қуанып үйге қайтамыз!

Өткенді пысықтау.

-Өткен сабақта біз немен таныстық?

-Теңдеудің өрнектен айырмашылығы неде?


- Азайту амалына берілген теңдіктің белгісіз бөлігін табу үшін бүтіннен белгілі бөлікті азайту керек немесе бөлікті бүтінге дейін толтыру қажет


-Қанша бұршақ болған?

- Бірнеше бұршақты алған соң қаншасы қалды? Қанша қалғанын сана


№1. Шоколад.

Оқушыларға қарапайым есепті шығару ұсынылады. Тапсырманы оқып және ойласа келе, тұтас шоколад тақтасы мен шоколадтың қалған бөлігінің санын торкөздерді санау арқылы есептеу керек деп қорытынды жасайды. Белгісіз бөлік азайтқышты есептеп, Сәуле шоколадтың жартысы, яғни 9 бөлікті жегенін табады.

Жауабы:

9 бөлік (немесе жартысы).

№2. Қанша фигураны алып тастады?

  • х-тің мәні неге тең?

  • Егер фигураның бастапқы саны мен қанша қалғаны белгілі болса, енді қанша фигураны алып тастағанын санай отырып таба алады.

Жауабы:

9 тіктөртбұрыш; 70 санақ таяқшасы.

Сергіту сәті

Музыкалық іс әрекет

№3. Шығарып көр.

Тапсырманың шешімін нақты түсіну үшін текшелерден оқулықтағы иллюстрацияларға сәйкес фигура құрастырады Оқушылар бірінші фигураны құрастырып, одан екінші бір фигура шығатындай бірнеше текшелерді алып тастауы керек. Жойылған

бөліктегі текшелер саны белгісіз х-тің мәніне тең болады.

Жауабы: а) 3; ә) 8.

№4. Орындап көр. «Жұбыңмен ойна»

Оқушыларға ойын ойнайды. Оларға моншақ салынған қораптарды тарату. Моншақ саны 20-ның көлемінде болу керек. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ салынған қорапты ұсынады. Екінші ойыншы қораптағы моншақты санап, оның санын есіне сақ тауға тырысады. Содан кейін бірінші ойыншы қораптан бірнеше моншақты алады — бұл белгісіз бөлік, яғни бірінші ойыншының екіншіге жасырған бөлігі. Осыдан кейін екінші ойыншы моншақты қайтадан санайды

-Қанша моншақты бірінші ойыншы жасырып қалды?

деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оқушылар тапсырманы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табу тәсілін бекітеді.

Дәптермен жұмыс. Теңдеуді шешу

8+х=10 10-х = 5

Х=2 x=5

Рефлексия.

Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.

Мен_________түсіндім.

Мен енді_______ жасай аламын.

Менің .......................... білгім келеді

Мадақтау,смайликтер беру









Кесте

сурет




оқулық;





кесте


суреттер,




таратпалар,










оқулық;






суреттер,








таратпалар,

Қосымша мәліметтер:

Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Теңдеуге мысал келтір

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Екі теңдеу жазып көрсет

Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

-оқушылардың жауаптарын тыңдаймын.

- Жеке жұмысты өз бетінше қалай орындағанын байқаймын.

- Сұрақтарға жауап бергенде тыңдаймын.

Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану,

Денсаулық және қауіпсіздік:

АКТ мен байланыс:

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері):

Бір – бірін сыйлау, пікірлерін тыңдау, құрметтеу.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
434
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі