15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу
Бекітілген_____________________
Күні: Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Осы сабақта қол жетілетін оқу мақсаттары |
1.2.2.2. теңдеуді іріктеу арқылы және қосу, азайту байланысының негізінде шешу |
Сабақ мақсаттары |
Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу дағдысын қалыптастыру. Осы түрдегі теңдеу шешімінің алгоритмін құрастыру. Барлық оқушылар: амалдарының қатынасы негізінде теңдеулерді шешеді; Оқушылардың басым бөлігі: Қосу мен азайту арасындағы қатынастар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады; Кейбір оқушылар: Есепті сурет, сызба түрінде модельдейді. |
Бағалау критерийлері |
Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше алады; Теңдеуді шешудегі өз іс-әрекеттеріне түсініктеме жасауды үйренеді. Теңдеуді қосу және азайту амалдарының байланысына сүйеніп шешеді. |
Тілдік мақсаттар |
Белгісіз қосылғышпен берілген теңдеуді шешу алгоритмін талқылау және сабақ бойы дұрыс тұжырымдауды қолдауымен терең түсінеді және сауатты сөйлеуді қалыптастырады.
|
Құндылықтарды дарыту |
Өзара сыйластыққа, жолдастарының пікірімен санасуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыстар |
Бейнелеу өнері, музыка, әдебиеттік оқу
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақтада AktivSTUDIO бағдарламасы арқылы «Библиотека» ресурсынан суреттер алу, қаламсаппен жұмыс жасау
|
Бастапқы білім |
Теңдеудің, «бөлік», «бүтін» терминдердің мағынасын біледі. Қосуға берілген жай теңдеуді таңдау тәсілімен шешуді меңгерген. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||||
Сабақтың басы
3 минут |
Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру «Ыстық лебіз» Амансың ба, Алтын күн? Амансың ба, Көк аспан? Амансың ба, Мектебім? Амансың ба, Достарым? |
Интербелсенді тақта AktivStudio
«Сандық сәулесі» схемасы
Әр оқушыға арналған: 1 ламинатталған қағаз парағы; 1 маркер; қосуға берілген қарапайым теңдеулер жазады
Жұмыс дәптері
|
|||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 6-мин
7-мин
6-мин
3-мин 6-мин
7-мин
|
Кіріспе «Қызығушылығын ояту» «Білім зерттеу» (Ұ) Оқушыларға теңдеу ұсынылады 6 + х = 8
(қосындының мәнінен 2-ші қосылғышты аламыз) 6 + х = 8 х = 8 – 6 х = 2 Тексереміз: 6 + 2 = 8 8 = 8
(/) «Бес бармақпен» бағалау, «Кездейсоқ». (МК) -Балалар, мына сандық сәулеге қарайық.
8
(Ұ) Тексеру. Төмендегі сұрақтарға жауап беруін сұрау. - Осы сандық сәулесінен бөлік пен бүтінді ата. - Не белгілі? (бірінші қосылғыш) - Ол бөлік пе немесе бүтін бе? (бөлік) - Екінші бөлік неге тең? (х) - Бүтін неге тең? (8) - Белгісіз неге тең? (2) - Теңдеуді белгісіз қосылғыштарды табу үшін үшін олардың қайсысын қолданамыз ? (Егер бөлікті табу керек болса, бүтіннен басқа бөлікті алу керек деген қорытынды жасау керек. Ендеше белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек) (теңдеуді шешу алгоритмін)
(/) «Бағдаршам» арқылы бағалау
3 (Т) «Болжау» әдісі (Т) - Туннельде неше вагон бар? Оқушыларға туннельдің ішіндегі көрінбей тұрған вагондар санын жұппен талдауды және шешуді ұсынамын. Олар 2 санынан 15 санына дейін бір саннан біртіндеп санайды, себебі 2 вагон туннельден шығып тұр, ал 15 вагон әлі туннельге кірген жоқ. Мұндай теңдіктерді құрастыруға болады: 6 + х = 18 2 + х = 14. (/) «Өзара» бағалау Сергіту сәті 4. Дәптермен жұмыс (Ө) 42 жұмыс парағы
(/) «Жұптық» бағалау 5. Ойнайық та, ойлайық! (Д) «Көршіңмен ойна» ойыны
Ойын шарты: Бірінші ойыншы қораптағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқатағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады.
(/) «Өзара жұптық» бағалау |
||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 7 минут |
«Ой толғау» Суретпен жұмыс 1-топ
+
Х
2-топ
3-топ Х +
Сурет бойынша теңдеу құру. Қорытындыны бекіту үшін оны тірек сызбада көрсетемін. Мысалы:
+ х
(Т) Теңдеуді шешуді сынып алдында тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығады және теңдеудің шешу жолын толық түсіндірмесімен айтып, теңдеуді шығарады: Теңдеуді оқимын…; Бұл теңдеуде қосылғыш — ..., қосынды —…; Белгісіз қосылғыш. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын; х — айырма … және … тең; Жауап: х тең
(/) «От шашу» әдісі арқылы бағалау
|
|
|||||||||||||||||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||||||||||||||
Көпірше әдісі бойынша үлгерімі жоғары оқушы жолдастарына көмек береді.
Қ |
Тапсырманы орындау барысында: өзара топтық бағалау, өзара жұптық бағалау, «Бағдаршам» әдісі, Смайликтер, «Бес бармақ», «От шашу», «Кездейсоқ» әдістерін қолдану |
Интербелсенді тақтамен жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережесін қайталау. Моншақтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларды еске салу. |
|||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ққиындықтары нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
|||||||||||||||||||
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген