жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Белоктар жайлы малимет
Белоктар- молекулалары әр түрлі аминқышқылдарының қалдықтарынан құралған күрделі табиғи полимерлер (биополимерлер).
Белоктар- өсімдіктер, жануарлар және адам тіршілігіндегі аса маңызды заттар. Олар организмде тіршілік үшін маңызы зор қызметтерді атқарады. Клетка цитоплазмасы, ядролар, терінің сыртқы қабаты, ми, жүйке, бұлшық ет, шаш, жүн, тұйақ, мүйіз, қан, т.б. негізінен, әр түрлі белоктардан құралған.
Осы айтылғандардан белоксыз тіршілік жоқ екенін білуге болады. Неміс филосыфы Ф.Энгельстің айтуы бойынша: «Тіршілік дегеніміз- белокты денелердің өмір сүру тәсілі».
Белоктар- сыртқы түрі, физикалық түрі, құрылымы, атқаратын қызметтері қандай алуан болса, өздері де соншама әр түрлі болады.
Белоктар- тірі организмдердің әр түрлі физикалық-химиялық процестер жүретін энергия көзі болып есептеледі. Әрбір белок белгілі бір қызмет атқарады. Организмде жүретін әрбір реакцияның өзіне тән жеке белок өршіткіші болады.
Сонымен белоктар Жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің негізін және организмде әр алуан қызметтерді атқарады.
14-кесте
Белоктардың организмдерде атқаратын қызметтері.
Серпімділік |
Клетканың құрылыс материалы |
Мысалы, коллаген, қабықша, мембраналық белоктар |
Тасымалдаушы |
Әр түрлі заттарды тасымалдайды |
Мысалы, гемоглабин (О2, СО2тасымалдау) |
Қорғағыштық |
Бөтен заттарды зиянсыздандырады |
Мысалы, қан сары суының γ-глобині |
Энергетикалық қуат көзі |
Организмді энергиямен қамтамасыз етеді |
1г белок ыдырағанда, 17,6 кДж энергия босайды |
Катализдік |
Организмдегі химиялық реакциялардың жүрісін тезднтеді |
Барлықферменттердің табиғаты белоктық. Мысалы, рибонуклеаза |
Жиырылғыштық |
Организм мен клетқаларға тән барлық қозғалыстарды атқарады |
Мысалы,миозин (бұлшық ет белогы) |
Реттеушілік |
Алмасу процесін реттейді |
Гормондар,мысалы,инсулин (глюкоза алмасуы.) |
Белоктардың гидролиздену реакциясы нәтижесінде оның әр түрліά-аминқышқылы қалдықтарынан тұратыны анықталды. Олардың кейбіреулері мыналар:
H2N-CH2-COOH глицин
CH3-CHNH2-COOH аланин
HS-CH2-CHNH2-COOH цистеин
HOCH2-CHNH2-COOH серин
C6H5-CH2-CHNH2-COOH фенилаланин
ά-Аминқышқылдарын жалпы түрде R-CHNH2-COOH деп белгілейміз, радикалдар құрамына ашық тізбектер, тұйық тізбектер және әр түрлі функционалды топтар- SH,-OH,-COOH,-NH2, т.б. кіруі мүмкін.
Аминқышқылдары пиптиттік байланыс арқылы байланысатындықтан, белоктарды табиғы полипептидтер деп қарастырады:
...-N-CH-C-N-CH—C-N-CH-C-N-CH-C-…
H R O H R1 O H R2 O H R3 O
Осындай ретпен түзілген полипептид тізбегінің кейбір бөліктері өз ішінде немесе тізбектер арасында өз ара қосымша дисульфиттік байланыстармен байланысады. Оларды дисульфиттік көпірше (-S-S-) деп атайды.
Белок молекулаларының құрылысы.Организмде де әр түрлі маңызды қызметтер атқаратын белоктардың құрылысы да бір-біріне мүлде ұқсамайды.
Белоктың бірінші реттік – бұл полипептид тізбегіндегі аминқышқылдарының саны мен ретін көрсетеді. Белок молекулаларының полипептидтік теориясын ХХ ғасырдың басында неміс химигі Э.Фишер ұсынған болатын. Адам организмінде 1000-нан аса белок түрлері болса, оның барлығы да бізге белгілі 20 шақты аминқышқылынан құрылған. Бір белок молекуласын түзуге 50-ден 105 –не дейін аминқышқылдарының қалдықтары қатысады.
Бірінші реттік құрылымы 1954 жылы белгілі болған алғашқы белоктардың бірі- инсулин гормынының ( қандығы қант мөлшерін реттейді) макромолекуласы 2 полипептид тізбегінен (біреуінде 21 аминқышқылының, екіншісінде 30 аминқышқылының қалдығы бар,) Мr (инсулин) =5700) тұрады.
Екінші белок рибонуклеаза ферментінің бірінші тізбегінде 124 аминқышқылының, екінші тізбегінде 30 аминқышқылының қалдығы бар және Mr=1500 шамасында болады.
Белоктың екінші реттік құрылымы – бұл СО және NH топтары әсерінен түзілетін сутектік байланыстар есебінен полипептид тізбегінің ά- оралмаға оралуы. Барлық пиптидтік топтарда сутектік байланыстар түзілу мүмкіндігі жоғары болғандықтан, екінші реттік құрылым тұрақты болады.
Белоктардың екінші реттік құрылымын 1951 жылы американдық химик Л.Полинг анықтаған.
Белоктардың үшінші реттік құрылымы – оралманның кеңістіктегі түрліше түйін түзек конфигурациялануы. Кеңістіктегі осы құрылым белоктардың коптеген физикалық, химиялық және негізгі биологиялық қасиеттерін анықтайды. Ол көмірсутек радикалдарының гидрофобтық, сондай-ақ сутектік, дисульфиктік, иондық байланыстар есебінен ұсталады.
Белоктардың төртінші реттік құрылымы бірнеше плипептид тізбегінің сутекті байланыстар көмегімен бірігуінен жасалатын түзіліс. Мысалы, гемоглобин- глобин белогының 4полипептид тізбегіндегі қанға қызыл түс беретін күрделі белок. Әрбір гемнің құрамында бір молекула оттекті байланыстыратын екі валентті темірдің бір атомы бар. Осылайша оттекті байланыстыратын гемоглобин оксигемоглобин деп аталады және ол 4 молекула оттекті тасымалдайды. Ал ұлпалардан полипептед тізбегіндегі аминтоптары өздеріне көмірқышқыл газын байланыстырып алып шығады.
Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен құрамы.
Н.Қ тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі, олар рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екі алкен топқа бөлінеді.Олардың толық емес гидролизі кезінде нуклеотидтер түзіледі, Н.Қ полимер тізбегінде қайталанып отыратын күрделі құрылым буыны –мономерлер. Ал, одан әрі гидролизденсе ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты айырылатын нуклеозидтерді түзеді.
ДНҚ мен РНҚ ның айырмашылығы.
Айырмашылығы Н.Қ толық гидролиздеу кезінде анықталады. Н.Қ тізбегінде көмірсу мен ортофосфор қышқылының қалдығы бір бір імен эфирлік байланыс арқылы жалғанады да азотты негіздер көмірсу буындарына бүйірінен жалғанады.
Н.Қ әртүрлі құрылымдары болады.
Бірінші реттік құрылымында мононуклеотидтер белгілі бір тәртіппен орналасады.
Екінші реттік құрылымында макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесулер болады. Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) – аденин (А) және цитозин (Ц) – гуанин (Г).
Үшінші құрылымы ДНҚ мен РНҚ ның кеңістікте шумақталып орналасуы.
Нуклеин қышқылының маңызы:
Олар организмдегі генетикалық ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын жасушаның маңызды құрам бөліктері болып табылады. Н.Қ нәруыз биосинтезіне қатысады және тірі организмде тұқымқуалаушылықты сақтап, оның бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. ДНҚ жасуша ядросының хромосомасында 99%, рибосомаларда, хлоропластарда болса, РНҚ ядрошықта, рибосомаларда, митохондрияда, пластидтер мен цитоплазмада кездеседі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген