400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудағы бағалаудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белсенді әдіс-тәсілдерді қолданудағы бағалаудың тиімділігі.

Танымал ғалым, педагог, философ, профессор Джон Дьюидің: «Егер біз бүгін балаларымызды кешегідегідей оқытатын болсақ, онда біз оның ертеңін ұрлаймыз» деген ойына негізделе отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастау нәтижесін білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарасын тудырамыз.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді құрамдастыруда әртүрлі арсеналы болу қажет. Білім беру стратегиялары барлық сыныппен, топта жүргізілетін жұмыс, жеке жұмыс және білім алушылармен кері байланыстан тұрады. [1,28-бет]

Қазіргі таңда әр ұстаздың  алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялар өз нәтижелерін беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның танымдық қабілетін  қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар білім алушының  жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуына ықпал етеді. [1,40-бет]

Жаңа білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етуде.

Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет

Ұстаздар алдындағы басты міндет – оқытуды жоспарлауда оқу мақсаты мен әдіс-тәсілдерді сабақтастыра білу, оны тиімді қолдана білу.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның  шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі. 

Критериалды бағалау- бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу- танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын- ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. 

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты: Мектепте оқыту сапасын жоғарлату.

Мектеп оқушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру

Критериалды бағалаудың міндеттері: Сабақтың әр  бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының  әділдігіне көзін жеткізуге;

Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге 

Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. 

Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;

Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;

Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;

Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;

Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;

Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.



Критериалды бағалау артықшылықтары:

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;

Оқушының жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. .

Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі;

Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі;

Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады;



Қорытынды

Жалпы қорыта айтқанда, аталған әдіс — тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз, баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,білім алушы өз ой-пікірін ашық еркін айтады, бір-бірін тыңдауға үйренеді ұжымда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Сондықтан басқа кез-келген пәндер  осындай әдістерді пайдаланса, тиімді болатындығын айтуға болады. Осыдан кейін ғана жан-жақты дамыған, болашағы айқын, бағдары анық, бәсекеге қабілетті рухани бай тұлға қалыптастыра алатынымызға сеніміміз мол.

 Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану»  Оқу құралы /Әлімов А.Қ., Астана, 2014ж. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы.

  2. «Ел және мұғалім» газеті, №5 (0014), 10 ақпан, 2017 ж.

  3. Ү. Бөлекбаева.  «Ұстаздық ізденістер»   Алматы, 2007 жыл

  4. Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру.  «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы.  Шымкент, 2014 жыл

  5. 5. Жаңа жоба-жаңашылдық бастауы.  Алматы, 2012 жыл





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 сәуір
565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі