400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Белсенді оқыту әдістері физика сабағының тиімділігін арттырудың құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада белсенді оқыту әдістері физика сабағының тиімділігін арттырудың құралы болып табылатындығы және әр әдіс-тәсілдің сабақ барысындағы тиімділігі көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мусабекова Айнур Маратовна

М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледж

физика пәні мұғалімі



Белсенді оқыту әдістері физика сабағының тиімділігін арттырудың құралы

Қазіргі уақытта білім үрдісі үнемі дамуды қажет етеді, себебі әлеуметтік құндылықтардың ауысуы да болып тұрады, яғни ғылыми-техникалық үрдіс адамның үнемі даму қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған құрал ретінде қабылданады. Кез келген білім беру мекемелерінің түлегінің негізгі сипаттамалары оның құзыреттілігі болып табылады.Бұл жетістікке жету тек қана білім мазмұнының не екеніне ғана байланысты емес, сонымен қатар қалай берілетініне де тәуелді.Негізінен әлеуметтік-психологиялық оқудың екі тобы бар: дәстүрлі және белсенді оқу әдістері.

Озімнің тәжірибеме сүйенсем, менің түсінгенім: белсенді оқыту әдістері ойлау және практикалық іс-әрекетке жетелейтін әдістердің бірі екенін, яғни тек оқуда ғана емес тіпті күнделікті өмірде де керек болатын оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.Өзімнің сабақтарымда көбіне оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастырамын: жаңа тақырыпты бекіту кезеңінде әрбір топқа дайындық деңгейі төмен, орташа және жоғары оқушылар топтасады. Мұндай топтық жұмыстардың мағынасы мынадай: топ тапсырма алғаннан кейін дайындық деңгейі жоғары оқушы тапсырманы орындап басқа дайындығы төмен оқушыларға түсіндіреді.Бұл әдіс оқушыларда өзара көмек көрсету, ұжымдыққа, өзара араласу, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелейді. Физика сабағындағы белсенді әдістер не береді?

Оқушы атынан:

  • «Топтық жұмыс берілген тақырыпты мүлде басқа жағынан , тереңдетуге мүмкіндік берді.Бұл қандайда бір мәселені көруге, түсінуге және өзіндік шешім қабылдауға қолдай жасайды»

  • «Мен өз ойымды айтуға үйрендім»

  • «Әрі қарай оқуыма менде ынта пайда болды»

Мұғалім атынан:

  • «Өз оқушыларымда байқалмай жүрген дарындылықтарын көрдім, олар өздері үшін жаңа ақпараттарды ашуда»

  • «Мұғалім қолдау көрсетеді, күштемейді, көмектеседі, қысым келтермейді...,зерттеушілікке қолдайды, бірақ оқушы орнына мәселені зерттемейді»

  • «мұғалім аз сөйлеп көп тыңдайды,бақылайды және оқушыны бағыттайды»

Ол үшін қазіргі таңдағы оқыту технологияларының әр түрлі әдіс – тәсілдерін пайдалану тиімді болып келеді: «Джиксо-ұжымдық оқыту» , «Ажурлы ара» , «Мозаика немесе Ара ұясы» әдіс - тәсілдері. Мақсаты: Жалпы мәселені жұпта, ұжымда талқылау. Бұл әдіс - тәсілдер мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды, өз бетінше ойлауға, ізденуге, нәтижеге жетуге дағдыланады. Сондай –ақ, мұғалімді мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйретеді.


Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезiнде де адам әрекетi солармен бiрлiкте, байланыста беріледі. Заттар және олардың қасиеттері, физикалық құбылыстар, заңдылықтар, физикалық формулалар, физикалық заңдылықтардың қолданылатын салалары, ауыл шаруашылығы мен халық шаруашылығы, тұрмыстағы, техникадағы, медицинадағы т.б. алатын негізгі орны, қолданылуы және олардың қоршаған ортаға экологиялық әсері туралы бiлiм, білік, дағдыларын қалыптастыру мектепте «Физика» пәні арқылы жүзеге асырылады.

Сабақта әр бір өтілген мәтінді өмірмен байланыстырып отыру арқылы бүкіл табиғаттың, қоршаған ортаның сырын, өз туған өлкеңмен байланыстырып өту баланың қызығушылығын арттыруда үлкен септігін тигізеді. Физиканы оқытуда әр сабақ сайын тек қана теорияға негізделмей зертханалық және практикалық жұмыстарды орындап отыру қажет. Есептер шешу, ұғым құру, қорытынды шығару, тұжырым жасау сияқты тапсырмаларды жүйелі түрде орындаудың іске асырылуын ескеріп отыру керек.

Физика сабағында оқушыларға нақты мысал келтіре отырып, олардың алған білімдері маңызды практикалық мәселелерді шешуге қажет екендігін түсіндіру қажет. Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен практиканы тығыз байланыстырады, пәнге ынтасын арттырады, оқушылар біліміндегі формализми элементтерін жояды. Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы тиіс. Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім, кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар физика сабағында мынадай әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.
Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.

Кластерлер. Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы: ойлан, жұптас, пікірлес – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
Алдын – ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау) оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут) тоқтамай жазуы керек.
Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан – жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға бір – біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі. Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды.
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ететіндігі.
Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі (әдетте, төрт адамнан). Мұғалім оларды сыныптың тепе-теңдігін сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі.
Құрылған әр топқа дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдың тиісті күрделілік деңгейі сақталуы керек. Егер топ төрт адамнан тұратын болса, басты тапсырманың ішінде топтың әр мүшесіне бір сұрақтан төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: Ыстық орындық - Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесе жаңа ақпаратпен танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері бойынша оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.
Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде семантикалық карта, Венн диаграммасы, сөз жұмбақ, тәжірибе жасау, физикалық диктант т.б тәсілдерді пайдалануға болады.
Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы, менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады. Физика курсының әрбір тақырыбын оқыту барысында оқушыларды айнала қоршаған ортаны танудағы физиканың рөлін дұрыс түсінуге және алған білімдерін практикалық есептерді шешуде қолдана білуге әсері тиетіндей пәнаралық байланыстарды іске асырып отыруы қажет.

Нәтижесі.

Сабақ барысында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін пайдалануының нәтижесі сабақтың тиімділік критерийлері арқылы анықтауға болады.

Сабақтың тиімділік көрсеткіштері:

  • фзикаға пәнін оқуға деген ынтаның болуы;

  • тұрақты танымдық қызуғушылықтың болуы;

  • оқушыларда ойлау қабілеттерінің үнемі дамуы;

  • білім сапасының артуы;

Осы үлгідегі оқытудың әдіс-тәсілдері оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырып, оларды жинақылыққа, дәлдікке, шығармашылыққа баулуға көмектеседі деп ойлаймын.






.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
1652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі