400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бенифис-шоу үлгісіндегі шығармашылық кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз тәжірибемді жинақтап, көпшілікке ұсынудағы мақсатым, жас маманның кәсіби шеберлігін қалыптастыру үшін өзінің ынталылығы, шығармашылығы, білімділігі, іскерлік қағілезділігіне аса қажет. Бұл мақалаларда болашақ мамандығы мектеп қабырғасында тәрбиелеп, оқу орындарында бағыт беріп, мектепте оны жан- жақты жетілдірудің жолдарына қажет деп есептеймін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: «Жылдарым, менің, жылдарым...»

Сахнаның безендірілуі: Әдемі гүлдер, шарлар, кресло, диван. Кеш тақырыбын жазып қою керек шығар, қалай ойлайсыз? Көрермендер де, қонақтар да орындықта отырғаны абзал. Бар болса, Гүлназия ханымның фотоларымен, әдістемелік кітапшаларымен бұрыш жасап қоюға да болады.

Кеш басталғанда Гүлназия ханым сахна сыртында тұрсын. Ортаға кейін шақырғанда шығады.

Жүргізушілерге қоятын талап: Сценарийді түсінетін, сауалдарды шынайы эмоциямен қоятын, әр сөзді іліп алып, жақсы көңіл-күйді ұстап тұратын қыз бен жігіт болса...

Менің тарапымнан ұсыныс: мүмкіндік болса, келіссе «Евразия» арнасында Асаубек Әйімбетов деген диктор жігіт пен «Қазақстан» ұлттық арнасындағы Баян Бақкелді жүргізсе, қатып кетер еді... //

Құрметті қонақтарға ескерту керек, ең әдемі, ерекше естеліктері қысқа-нұсқа әсерлі етіп айтсын, көп созбай, әдептен озбай))

АМАНДАСУ

Жігіт: Ассалаумағалейкум, кешке жиналған құрметті көпшілік!


Қыз: Армысыздар, ұлы далада бейбіт ғұмыр кешкен ардақты ағайын!


Жігіт: Бүгінгі кеште әсем ән де, әсерлі әңгіме де, жып-жылы естелік те айтылады. Сіздердің патша көңілден шығатынына сенеміз!


ЕКЕУІ: Ендеше, «Жылдарым, менің, жылдарым» атты салтанатты кешімізді БАСТАЙМЫЗ!

ТАНЫСТЫРУ

/егер лед-экран болса, таныстыру кезінде Гүлназия ханымның фотосуреттері слайд болып шығып тұрса.../

ҚЫЗ: Бүгінгі кештің құрметті қонағы –тарихы таңға таусылмас мәйекті мекен, ұлттық рухтың ұясы – Ұлытау жерінде 1959 жылы 20 қазанда дүниеге келген...


ЖІГІТ: Зиялы әкенің, «Алтын алқалы» ананың тәрбиесін көрген. Жезқазған педагогикалық училищесін, Жезқазған педагогикалық институтын тәмамдаған.


ҚЫЗ: Бүгінде 37 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты география пәнінің мұғалімі... Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»...

Жігіт: Еліміздегі ең беделді оқу ордасы – дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, ұлағатты ұстаз, аяулы ана

-

ЕКЕУІ бірге: БАЙУЛОВА ГҮЛНАЗИЯ САБЫРҚЫЗЫ! ҚАРСЫ АЛЫҢЫЗДАР!!! /АПАЙ АР ЖАҚТАН немесе КӨРЕРМЕН АРАСЫНАН ОРТАҒА ШЫҒАДЫ... Жүргізуші жігіт гүл береді.../


Қыз: Гүлназия ханым, «Жылдарым, менің, жылдарым» атты кешіміздің құрметті қонағы - өзіңізсіз. Бүгінгі жақсы сөз де, әсем ән де, әдемі гүл де, бәрі - Сізге арналады... Төрге шығыңыз, мархабат! /Апай рахметін айтып, креслоға жайғасады/

Жүргізушілер

Жігіт: Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 

Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. 


ҚЫЗ: Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 

Ұстаз болу – адамның асылдығы –деп ақын Ғафу Қайырбеков осы бір төрт жолға ұстаз болудың қиындығын, қызығын, жауапкершілігін толық сыйдырыпты...

  • Гүлназия Сабырқызы, осы бір өте жауапты мамандықты таңдауыңыздың сыры неде? Өз қалауыңыз ба? Әлде мамандық таңдауда жөн сілтеген жан бар ма?


Жігіт: Гүлназия Сабырқызы, ең алғаш мұғалім болып, мектеп табылдырығын аттағаныңыз, алғаш балалардың алдында сабақ түсіндіргеніңіз есіңізде ме? Сол кездегі толқыныс, көңіл-күй қандай еді?


Жігіт: Ең алғашқы алған жалақыңыздың сомасы, оған не сатып алғаныңыз ше? Ол есіңізде ме?


/ЕСКЕРТУ: жүргізушілер барлық сұрақты жымиып, эмоциямен, мейіріммен, қызығушылықпен қою керек/


ҚЫЗ: Гүлназия Сабырқызы, Сіз бірнеше мектепте, оның ішінде түкпірдегі ауылда да, қаланың қақ ортасында да сабақ бердіңіз... Қандай айырмашылық байқадыңыз, қала мектебі мен ауыл мектебінен?


Жігіт: 2008 жылы 26 қаңтарда... Жезқазған қаласындағы орта мектепте Елбасымен кездесіпсіз... Нұрсұлтан Назарбаевтай тау тұлғамен кездесуден естелік айтып берсеңіз?

Жүргізушілер

Қыз: Осы тұста Гүлназия Сабырқызы құрметіне, Гүлназия Сабырқызы сияқты бар ғұмырын ұлт болашағы – жас ұрпақтың тәрбиесіне арнаған барша ұстаздардың құрметіне әдемі әнге кезек берсек...

Ән: «ҰСТАЗЫМ»

АТА-АНАСЫ, Атасы мен Енесі туралы, туған-туыстары, балалы шағы туралы естеліктер

Қыз: Ұлытау өңірінен – Байқоңырдан бастау алып, Жерінің асты қазына, үсті ырысты құт қонған мекені болған ҰЛЫТАУ — ҰЛТТЫҢ ҰЯСЫ. Осы ұядан түлеп ұшырған Гүлназия Сабырқызының асқар таудай әкелер мен асыл аналарымыз жайлы білсек.

ЖІГІТ: Гүлназия Сабырқызы, бүгінгі кеш - Сіз туралы, сіздің жүрген жолыңыз, сіздің жылдарыңыз туралы... Сондықтан, бүгінгі әңгіме сіз жайлы болатыны анық... Ендеше, Сіздей білім ісінің үздігін туған, өсірген ата-ана жайлы білсек... Сіздей ұстаз бауыры бар бақытты туғандарыңыз туралы айтсаңыз... /әке-шешесі, бауырлары туралы естеліктер айту керек апай/

«Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді халқымыз.Сіздің қайын атаңыз бен қайын енеңізді де құрмет тұтып, қадірлеп,мақтан ететініңзді туралы

Сіздің атаңыз: Қоңырқұлжинов Әбдіхамит.Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. Бас штабтағы қолбасшы Г. Жуковтың 5 шифр шешушісінің бірі болған.

2. Енеңіз: Қоңырқұлжинова Раиса Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері. ҚР ағарту ісінің үздігі. 9 бала тәрбиелеп өсірген.


Видео жолдау

АНАСЫ мен БАУЫРЫ

ҚЫЗ: Гүлназия ханымның аяулы анасы мен бауыры бүгінгі кешке келе алмады. Бірақ, сонаау Сәтбаев қаласынан видеосәлемдемелерін жіберіпті... Экранға назар салсақ...

Сауалдар:


Абысыны мен сіңлісі



ЖІГІТ: Ортамызда Гүлназия Сабырқызының абысыны Зоя Хамзиева отыр... Сол кісіге сөз берсек...

  • Зоя ханым, «Абысын тату болса ас көп деген» қазақпыз ғой... Абысыныңыз туралы қандай естелік айтасыз? Қайсыңыз бірінші келін болып түсіп едіңіздер? Абысыныңыздың қай мінезін жоғары бағалайсыз?


ҚЫЗ: Сондай-ақ, ортамызда сондай-ақ, Гүлназия Сабырқызының немере апасы, белгілі журналист Рахима Нуриден отыр...

  • Рахима ханым, сіңіліңіз туралы қандай пікір айтасыз? Қыз бала қатты бауырмал келеді ғой... Бұ кісінің сіз қай қасиетін ұнатасыз?

САУАЛДАР

Жан құрбысы + сыныптасының видеосы

Жігіт: Маған дәл қазір елге белгілі азамат, саясаткер, экс-әкім, елші Иманғали Тасмағамбетов ағамыз орындайтын «Дос керек» әні есіме түсіп тұр...

«Дүниенің жалғанында дос керек,

Қанатыңның талғанында дос керек.

Қуанатын жүрегімен сен үшін

Жұлдызыңның жанғанында дос керек»... Неткен мазмұнды, мағыналы ән еді?!

- Гүлназия Сабырқызы, сіз көпті көрген ұстазсыз ғой... Мына жас өрендерге өнеге болсын... Айтыңызшы, ДОС деген кім сіз үшін? Досқа адалдық деген ұғымды қалай сипаттар едіңіз?


ҚЫЗ: Осы тұста Гүлназия Сабырқызының балалық шағының куәгері, сыныптас досының видео-сәлеміне кезек бергеніміз орынды сияқты... Ендеше, экранға назар аударайық...


Жігіт: Бүгінгі кешке Сіздің 5 жыл бірге оқыған, бір тілім нанды бөліп жеген, бір көйлекті кезектесіп киген, жастығыңыздың кәугері, жан құрбыңыз – Күлән Қарабаевна келіп отыр...

  • Күлән ханым, Гүлназия Сабырқызымен алғашқы кездесу есіңізде ме? Сол әдемі сәтті айтып беріңізші... Жап-жассыздар... Қай жерде, қалай кездесіп, танысып, достастыңыздар?

  • Жастық шақтың естеліктерін парақтағанда қандай ерекше сәт есіңізге оралады? Жалпы, студент Гүлназия апайымыз қандай еді?

ӘН немесе Би немесе күй

Осы тұста әдемі әңгемені әдемі әнмен әрлей отырайық...

Қабыл алыңыздар...

Сауалдар

Жігіт: Гүлназия ханым – ұлағатты ұстаз... Ғұмырын өзінің және өзгенің ұрпағына арнаған - АНА! Гүлназия Сабырқызы білімі жоғары, әр салада абыройлы қызмет етіп жүрген алтын асықтай екі ұл, мөлдіреген моншақтай бір қыз тәрбиеледі...

  • Гүлназия ханым, 24 сағатыңыздың жарытысынан көбін мектепте өткіздіңіз... Өз балаларыңызға қалай уақыт таптыңыз? Қалай үлгердіңіз? Қиналған кезіңіз бар ма?

  • Гүлназия Сабырқызы, сіздей аяулы ұстаздың өнегелі өмірі әрине, жас ұрпаққа – үлгі... Бізге шаңырағыңыздың иесі, балаларыңыздың әкесі, өзіңіздің тірегіңіз болған Марат ағамыз туралы айтып беріңізші... Қалай таныстыңыздар? Марат ағамыз ертеден қара кешке дейін мектепте жүретін мұғалім зайыбын түсіне алды ма?

Сауалдар

Шәкірттері

ҚЫЗ: Ұстаз - диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүруге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіруге тырысып, тер төгеді.


  • Гүлназия Сабырқызы, «Ұстаздан шәкірт озар» дейді ғой қазақ. Сіз мақтанышпен марқайып айтатын шәкірттеріңіз бар ма?


Жігіт: Бүгінгі кешке өз саласында орнын тапқан, қос шәкіртіңіз келіп отыр... Экономика ғылымдарының докторы, профессор Серік Мақыш мырза келіп отыр. Сосын «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Қатшабаев мырзаның видео сәлемдемесін экраннан құттықтауды жіберу.

ЖІГІТ: Атақты ағылшынның ағартушысы Уильям Уордтың: «Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- деген сөзі бар... Ал, сонымен, Серік мырза, Куантай мырза, сіздердің ұстаз Гүлназия апай қандай мұғалім?)


Қыз: Серік мырза, Қуантай мырза, Гүлназия апайдан ұрыс естіген кез болды ма?


ЖІГІТ: «Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” депті Бауыржан Момышұлы атамыз. Ендеше, Гүлназия Сабырқызы тәрбиелеген болашақтың басшыларына, ғалымдарына сөз берелік... /11 сыныптан екі-үш оқушы сөйлесін, тілегін айтсын, естелік айтсын т.б./

ӘН

Музыкалық пауза. Жыр шумақтарынан үзінді жіберу

Сауалдар

ҚЫЗ: Өмір-жолы мектепте өткен, талай-талай сынақтан, өтпектен өткен Гүлназия Сабырқызының әріптестері де бүгінгі «Жылдарым, менің, жылдарым» атты салтанатты кешке келіп отыр...

Алғашқы сөзді №66 мектеп-лицейдің директоры Шаяхметова Айтжан Ермухановна сөз кезегі өзіңізде...

73 мектеп лицейдің директоры Байтажикова Құралай Амангелді қызына берсек...

  • Құралай Амангелдіқызы, әріптесіңіз Гүлназия Сабырқызының еңбек жолы туралы не айтасыз?

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! ЕҢБЕГІМЕН ЕЛ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНІП, ҚАЗІРГІ ТАҢДА БЕЙНЕТІНІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРІП ОТЫРҒАН  ұлағатты ұстаз Сексенова Алия Серғазықызы қадірлі қонағымыз!

9 «Зерде» мектебінің директоры Жәнібекова Әлия Жәнібекқызына берсек сөз тізгінін...

  • Әлия Жәнібекқызы, әріптесіңіз, орынбасарыңыз Гүлназия Сабырқызының сіз қай мінезін бағалайсыз?

Құттықтау, сыйлықтар,

Қорытынды сөз...

Мектеп атынан сыйлықтар... гүл...

ЖІГІТ: Гүлназия Сабырқызы, саналы ғұмырыңыздың 37 жылын мектепке, шәкіртке арнапсыз! Сізге білім саласына сіңірген қызметіңіз үшін қанша алғыс айтсақ та, қандай ілтипат көрсетсек те, артық емес! Құрметті демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!


ҚЫЗ: Жылдарым менің, жылдарым,

Айтылар ма екен сырларым.

Ашылар ма екен мұндарым,

Жазылар ма екен жырларым-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, Сіздің жылдарыңыз – бар байлығыңыз!

Сіздің 37 жыл еткен еңбегіңіз жемісті. Өйткені, абыройлы шәкірттеріңіз бар! Өмірі үлгі тұлға ретінде Сізді жақсы көреміз! Тәжірибелі, білікті ұстаз деп Сізді бағалаймыз! Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз ұзағынан болсын! Ағайын-туыстың құрметіне, ұл-қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көрген шаттықтың бақытты сәттеріне, немере мен шөберелердің шу-күлкісіне, бөленген әдемі ғұмыр кешіңіз!

Қорытынды сөз өзіңізде, Гүлназия Сабырқызы! /Гүлназия апай сөйлейді/


Жігіт: Болашаққа артып барлық сенімін,
Олар текке өткерген жоқ өмірін.
Мектебімен бірге жылдар жасасып,
Құрметін көрген талай елінің.
ҚЫЗ: Олар да асқақ білім жолын ән қылған,
Тәлім алған талай-талай балдырған.
Жандар олар мағыналы өмірін
Мектебінде шежіре етіп қалдырған.
Міне, ҰСТАЗДАРДЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ ОСЫНДАЙ!!!

ЖІГІТ: Осымен үлгілі ана, ұлағатты ұстаз Гүлназия Сабырқызына арналған «Жылдарым, менің, жылдарым» атты салтанатты кешімізді тәмамдаймыз! Аман-сау болыңыздар!


СОҢЫ. ШЫМЫЛДЫҚ... Әдемі музыка...


ЖЫЛДАРЫМ МЕНІҢ, ЖЫЛДАРЫМ

Жылдарым менің, жылдарым,  
Жазылмай қалған жырларым.  
Айтылмай жүрген сырларым,  
Ақтармай жүрген мұндарым,  
Жылдарым, қайран, жылдарым
 ***************
1. Анасы

2.Светлана татесі-Гулназия Сабырқызының қайын апасы

3.Қайын ағасы Конуркульжинов Талғат Абдикамитович

4.Абысыны-Гулнар Базарбековна

5.Абысыны-Кенеш тәтеміз ( маркұм Мухтар Конуркульжинов Мұхтардың жұбайы)

6.Майра Жанпеисова- қайынсіңілісі

7.Айна Конуркульжинова-қайынсіңілісі

8.Жан құрбысы-Сыздықова Жумакул

9. Жан досы- Бақыт Аманжолова

10. Гулназия Сабырқызының Жезғазғандағы ұжымы9,10 мектепте бірге жұмыс жасаған.

11.Мукушева Асель Ибрагимовна –шәкірті

12.Қалқанбаева Гулназ-шәкірті

13. Смағұлова Ұлжалғас Әріпбайқызы- жан досы салемдемесі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.05.2019
546
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі