жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бердібек Соқпақбаев.Менің атым Қожа.
Күні:10.12.2016.ж. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Пәні:Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 «А»
Мұғалім:Жолдасова Г.З.
|
Сабақтың тақырыбы: |
Бердібек Соқпақбаев.Менің атым Қожа. |
||||
|
Сабақтың мақсаты:
|
- Бердібек Соқпақбаевтың өмірінен мағлұмат алу. «Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысу, түсініп оқи отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашу; шығарма бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру, салыстыру,алған білімді қолдана білу. Адам бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын ажырата алу, ұстаз еңбегін бағалау, айналадағылармен жақсы қарым-қатынаста болу.Қожа мінезіне талдау жасау. |
||||
|
Күтілетін нәтиже: |
- Бердібек Соқпақбаевтың өмірінен мағлұмат алады.Жазушының «Менің атым - Қожа» повестіндегі өзіндік қолтаңбасы мен Қожа бейнесін берудегі шеберлігін анықтайды. .«Менің атым Қожа» атты шығармасымен танысады, түсініп оқиды, әңгімедегі түйінді ойды ашады; шығарма бойынша кейіпкерлерге мінездеме береді, салыстырады,алған білімді қолдана біледі. Адам бойындағы жағымды –жағымсыз жақтарын ажыратады, ұстаз еңбегін бағалайды, айналадағылармен жақсы қарым-қатынаста болады.Қожа мінезіне талдау жасайды,өз көзқарастарын жүйелі айтып үйренеді. |
||||
|
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: |
1.Сергіту сәті.2.Топқа бөлу.3Топпен жұмыс.Ротация әдісі.«Алты қалпақ» әдісі. «Теріп алу» стратегиясы. |
||||
|
Қ/с |
Тапсырмалар |
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурс |
|
1 |
Психологиялық дайындық |
1 мин |
Шаттық шеңбері Қайырлы күн күнім, далам, орманым, Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер Қайырлы күн, ұстаздар мен достарым
|
Шаттық шеңберде бір-бірімен амандасады.Сәттілік тілейді. |
|
|
2 |
Сергіту сәті |
2 мин |
«Жаңбыр жауды» 1.Алақанмен. 2.Саусақпен 3.Тіземен 4.Аяқпен |
Балалар шеңберде тұрып сергіту сәтін жасайды |
|
|
3 |
Топқа бөлу. |
2 мин |
Асық түсіне қарай топқа бөлу.Бағалау парағын тарату.Топ басшыларын сайлау.Бағалау парағының жүргізілу тәртібімен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстыру 0 балл – тапсырманы орындауға мүлдем қатыспаса 1 балл – берілген тапсырмаға аз да болса өз үлесін қосса 2 балл – жұмысты орындауда белсенділік көрсетіп, бірақ мазмұндай алмаса 3 балл – белсенді қатысып, толық ашып айта алса 4.Топтың жұмысына ортақ баға «5» – 10-12 ұпай «4» – 7-9 ұпай «3» – 3-6 ұпай «2» – 0-3 ұпай |
Асық түсіне қарай топқа бөлінеді.Бағалау парағын толтырады.Бағалау критерийімен танысады. |
Асықтар. Бағалау парағы Бағалау критерийі. |
|
4 |
Үй жұмысы.
|
8мин |
Өткен бөлімді қайталау. Ротация әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. |
Әр топқа берілген А 3 парағына откен тарауда өтілген тақырыптарды жазады. |
А 3 парағы Маркер. |
|
5 6 7 8 9 10
|
Ой қозғау. Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Оқулықпен жұмыс. Топпен жұмыс Дәптермен жұмыс Қорытынды . |
2 мин 1 мин 7мин 8мин 5.мин 2 мин 4 мин |
-Адамның өмір сүру кезеңі балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ кезеңдеріне бөлінеді. Балалық шақ адам өміріндегі қандай кезең? Біз бүгінгі сабағымызда «Балалық шаққа саяхат» деп аталатын жаңа бөлімді бастаймыз.Бұл бөлімде балалар туралы жазылған аса қызықты шығармалармен танысасыңдар.
Мына сөздер кімге арнап
айтылған?
Сабақтың мақсатын айту. Бұл бөлім мына
жерден басталады. Оқулықпен жұмыс
Жандарың қылпылдап, тырнақ ұшына келген сәттеріңді еске түсіріңдер! 1) - Нешінші сыныпта? 2) - Қай сабақта? 3) - Сол жағдаяттан сәтті шықтың ба, әлде Жантас сияқты ұсталып қалдың ба? 4) - Осындай жағдайлар басыңнан жиі өтті ме? 1 – топ “Қожаның сотқар болуына себеп нәрселер” 2 – топ “Қожаның әдепті жолға түсуіне себеп нәрселер” 3-топ тапсырмасы . Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. А.Михайлованың Жантасқа айтқан ескертуін тауып оқы. 4-топ. Жантас пен Қожаға мінездеме беру.
Қожа – алғыр, пысық, ақылды,
сотқар, тентек, мейірімді, әділетті, ақын, әзілқой, тапқыр,
қателіктерін түсіне біледі.
( Дәптермен жұмыс) . «Теріп алу»
стратегиясы. қателіктерін түсіне біледі,жағымсыз. «Алты қалпақ» әдісі . (Сұрақтар әр топқа үлестірме қағазға жазып береді) Ақ қалпақ. «Менің атым Қожа» повесінің авторы және повесть жайлы нақты деректер келтіріңіздер. Сары қалпақ. «Менің атым Қожа» повесіндегі бас кейіпкер сіздерге ұнады ма? Қожаның бойынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңыз? Жасыл қалпақ. Қожаны қазіргі балалармен салыстыруға бола ма? Осындай балалар арамызда бар ма? Қара қалпақ. Қожаның қандай қылықтары ұнамады? Қызыл қалпақ. Әңгімені оқи отырып қандай сезімде болдыңыздар? Көк қалпақ. Болашақта кейіпкердің қандай жақсы қасиетін бойымызға сіңіреміз?
Мынау кім? ойыны 4.Қожа А.Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады? |
Оқушылар ойы тыңдалады Оқушылар ойы тыңдалады Слайдтан автор өмірі жайлы мағлұмат алады. Фильмнен үзінді көреді. Талдайды Сұраққа жауап беру. 1 – топ “Қожаның сотқар болуына себеп нәрселер” топпен жауап береді 1.Әжесінің еркелетуі 2.Әкесін сағынуы 3.Анасын қызғануы 4.Жантас сияқтыларды жек көруі 5.Өзінің менмендігі 6.Еркелігі, балалығы 2 – топ “Қожаның әдепті жолға түсуіне себеп нәрселер”топпен жауап береді. 1.Анасын аяуы 2.Сәйбек қарт, Оспанов айтқан естеліктер 3.Майқанованың педагогикалық кеңестен шығып бара жатып айтқан сөздері 4.Әжесін сыйлауы 5.Болашағын ойлауы 6.Жанарға ұнау үшін 3-топ.Оқулықтан Қожаның ішкі ойын кітаптан тауып оқиды.А.Михайлованың Жантасқа айтқан ескертуін тауып оқиды. 4-топ. Қожа мен Жантасқа мінездеме береді
Дәптерге Қожаның жағымды,жағымсыз жақтарын теріп жазады. Қожаның жағымды жақтары Өз ісіне есеп бере алады Жағымсыз іс-әрекеттерін жөндеуге Талаптанады Өз-өзін тәрбиелейді Үлкенді сыйлайды Қожаның жағымсыз жақтары Тәртіпсіз Аңқау Өтірікші Сотқар
Әр топ «Алты қалпақ» әдісі бойынша берілген тапсырманы орындайды.
Сұраққа жауап береді. 1.(Жантас) 2.(С.Майқанова) 3.«Қысқы кеш» өлеңін жаттау. 4.С.Майқанова |
Ноутбук Ноутбук АКТ Оқулық Кеспе қағаз АКТ Оқулық Маркер А 3парағы . АКТ Дәптер Кеспе қағаз Алты қалпақ |
|
11 |
.Үйге тапсырма |
1 мин |
"Менің қиялымдағы Қожа...” эссе жазып келу. «Менің аты Қожа» кинофильмінен өзіңе ұнаған жерін достарыңа әңгімелеп айтып беруге дайындал. |
Күнделікке жазып алу. |
Күнделік. |
|
12 |
Бағалау |
1мин |
Критерий бойынша бағалау.
|
Бағалау парағын критерий бойынша толтырады.Өз бағаларын шығарады. |
Бағалау парағы. |
|
13 |
Рефлекция |
1 мин |
«ББҮ» әдісі Стикерге сабақтан үйренгенін, білгенін ,білгісі келетінін жазу. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен. Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін! |
«Ынтымақтастық» ағашына өздерінің сабақтан алған әсерін жазады. |
Стикер. Ынтымақтастық ағашы. |
Тексерілді-------------- директордың оқу ісінің меңгерушісі Ибашова Г.Ж.


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген