|
Ұйымдастыру кезеңі (10 мин)
|
Тренинг:
Мұғалімнің
сөзі: Қаламгердің ауыр тағдырын бірі білсе, бірі білмейді.
Расында, тағдыр Соқпақбаевты талай-талай соқпаққа түсірді. Сегіз
жасында анасынан айырылып, жетімдіктің дәмін татты.
Колхоздастырудың зұламат кезеңдерін өткерді. Көзі тірісінде үш
баласынан айырылды. «Менің атым Қожадағы» ақылды да сұлу Жанарды
білесіз ғой? Бұл кейіпкер автордың бес жасында дүниеден өткен
Жанарының құрметіне орай дәл солай аталды.
Соқпақбаев шығармаларының жолы да ауыр болды. «Менің атым -
Қожа» Алматыда сынға ұшырады, ал оны қорғайтын жан баласы
табылмады. Туындының тұсауын Мәскеу кесті. Бұл туралы Соқпақбаев
«Повесть Алматыда біраз
қиналыспен басылды. "Балаларға бұл кітап қандай тәрбие бермек?" -
деп алая қарағандар аз болған жоқ. Орысша қолжазбаны баспа өзіме
қайтарып берді. "Қожаның" тұсауын Москва кесті. Кино түсірілді.
1967 жылы Канн фестивалінде бас бәйгені жеңіп
алды»,-дейді.
Ал жазушының «Өлгендер қайтып келмейді» романы
оқырманның қолына үш жылдан кейін ғана тиді. Жазған туындыларының
біраз жері кесілді. Бердібек Соқпақбаев көптеген жауһарларды
дүниеге әкелді, бірақ олар кезінде бағаланбады.
«Өтірік айтуға арым
бармайды. Ал шындықты айтсаң, ешкім
баспайды»,- дейтін. Ол
сұрамсақтықты жек көрді. Өзгелер секілді «Маған атақ бер , үй бер»
демеді. Содан ба, жақын досы С.Қирабаев
«Бердібек пәтерсіздіктің
ауыртпашылығын көп көрді. Алматының қай жерінде болса да, оның үй
жалдамаған ауданы жоқ шығар»,- деп еске алды.
-
»Видеоролик тамашалау: «Әбілхан Қастеевтің өмірі мен
шығармашылығы»
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді.
|
Таратпа қағаздар

|
|
Сабақ басы (20 мин)
|
II.
« Кім көп біледі
»
« Бердібек Соқпақбаевтың өмір жолы және
шығармалары» атты баяндама жасалынды. « Кім көп біледі
» деген сұрақ-жауппен екі топ жарысқа
түседі.
1. « Менің атым Қожа» кімнің шығармасы
?
2. « Менің аты Қожа» шығармасының кейіпкелерін
ата.
3. Спорт тақырыбына арналған шығармасын
ата.
4.Бердібек Соқпақбаевтың
шығармаларын ата.
«Әңгіме құрау»
« Менің атым Қожа» фильміндегі Қожа мен Жантасқа
мінездеме беру.
-Қожа маған қандай мінезімен ұнайды ?-. Бердібек
Соқпақбаев шығармалары бойынша салынған сүреттерге өздерінше әңгіме
құрастырды.
|
Оқушылар сұрақтар бойынша жауап
берді.
Оқушылар берілген тақырыпқа
өз ойларын, пікірлерін жазды
|
Таратпа қағаз,
плакаттар
|
|
Соңы
|
Бекіту
бөлімі.
Соқпақбаев қандай адам еді?
«Бердібек - сөзіне берік,
ісіне ұқыпты жан. Мен білетін жазушылардың ішіндегі қарапайым,
шаруақоры. Өзіне де, өзгеге де қатал, тура,
әділ».
Мұзафар Әлімбаев
«Жазады - түбін түсіріп барып бір-ақ тойтайды. Бұл -
Бердібектің шырайы, Бердібекке ғана тән
нәрсе».
Сайын Мұратбеков
«Еңбегін бұлдап, бұлданғанын да естіген емеспіз. Көзі
тірісінде қиянат көріп, қан жұтқан үлкен дарындар Қазақстанда аз
болмады десек, соның бірі Бердібек еді».
Баққожа Мұқай
Ақиқатты, шындықты суреттеген дүние болмысты
бала тілімен сөйлете білген Бердібек ата туралы оқырманға қалай
жеткізіп,бала жүрегіне қалай жол салам десең де тәрбиелік тағлымы
мол болашақ көшінен қалмайтын, бірге жасайтын
жазушы.
|
Б.Соқпақбаевтың «Бәйтерек»
өлеңін оқиды.
|
презентация
|