400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстан өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта!»


Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстан өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.


Барысы.

Сахнаға ұлттық киім киінген оқушылар шығып, Қазақстан елінің әнұранын орындайды.


1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен студенттер және бір қара шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп, татулықты ту етіп көтерген құрметті Қазақстандықтар. Міне бүгін аспанымыз ашық, заманымыз тыныш және 1 – мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күнінде сіздермен бас қосып отырғанымызға қуаныштымыз.


2-жүргізуші: Здравствуйте, уважаемые учителя и студенты. Разрешите начать наш праздник, посвяшенный «Дружбе народов», который отмечается в нашей стране 1 мая.


1-жүргізуші: «Ырыс алды - ынтымақ» қанатты қағидасы елдігіміздің, ерлігіміздің, бірлігіміздің мәңгі бой тұмары бола берсін! Сонымен қоса колледжіміздің дәстүріне айналған «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

Мемлекетімізде әрбір ұлттың құқығы заң алдында жан-жақтама қорғалып, олардың атқару жолдары оңтайлы жолға қойылған. Осыны айғақтау үшін ендігі кезекті Ауелбекова Гулжан апайдың баяндамасына кезекті береміз.


Баяндама: «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта!»

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскенін, еліміздің барлық жағынан дамып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға жақындап келе жатқанын Елбасы тайға таңба басқандай, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді. Көптеген мемлекеттер жеталмай отырған жетістіктерге біздің еліміз жетті. Оған біздер елдегі қалыптасқан тұрақтылық, бірлік, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік. Біз ұлттық рухты сақтап қалудың шарты – сырттан жау іздемей, өзіміздің ұлттық табиғатымызды орнықтыру мен байыту деп білеміз. Бүгінгі таңда біздер, еліміздің алға басқан әр қадамы болашаққа деген нық сенімділікке бастап, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы беделі мен абыройы жылдан-жылға артып отырғандығының куәсі болып отырмыз. Қазақстан – халықаралық беделді ұйымдардың ыстық ықыласына бөленіп, дамушы елдердің назарында жүрген мемлекет. Бұған елдегі береке – бірлік пен ынтымақтықтың себеп болып жатқаны ақиқат. Шын мәнінде әлемнің кейбір жерлерінде дүрдараздық пен берекесіздік белең алып тұрған шақта Қазақстандағы 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі өзгелерге өнеге дер едік. Елімізді мекендеген әр бір ұлттың азаматтық құқығын жоғары бағалап, тілі мен дінінің, салт-дәстүрінің дамуына мемлекеттің әрқашан өзі тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Ең бастысы, осы ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, бейбіт өмір сүруі. Соны мен аз ғана ұлт өкілдерінің ана тілін ұмыт қалдырмауы. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты міндеті осыны қадағалау. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы – қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ынтымақта тең құқылы өмір сүруіне ықпал жасады.

Президентіміздің салиқалы саясаты және қазақ халқының сабырлы пейілі арқасында елде ұлттардың татулығы мен сыйластығының «Қазақстандық феномені» жаһанға үлгі болды. Ұлтаралық қатынастарды ұдайы реттеу әу бастан-ақ ішкі саясатымыздың негізгі бағдары ұлтаралық татулық саяси тұрақтылықтың кепілі саналды. Мемлекет өзге ұлттарды жасанды түрде ассимиляциялау, қысым көрсету шараларына барған емес, Конституцияның 19-бабына сәйкес, әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрін сақтауға, ана тілінде білім алуына, еркін өмір сүруіне құқықтық негіз жасалған. Елдегі қоғамдық келісімді сақтау, аз ұлттардың мәдени орталықтарын барынша қолдау мақсатында Қазақстан халықтар Ассамблеясына зор мүмкіндік берілді. Ендігі жерде Мәжілісте Қазақстан халықтары Ассамблеясына өкілдігінің болуы, біріншіден, бұл ұйымның мәртебесімен беделін көтерсе, екіншіден еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтымақтың одан әрі нығайюына әсер ететіні сөзсіз.

Біздің мемлкетіміздің этносаясатының негізгі бағдары: этностың бей саясилануы, ұлт ұғымынан азаматтыққа көшу, азаматтық қоғамды нығайту, барлық ұлттардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау, мемлекеттің идеялогиялық базасын арттыру, барлық ұлт өкілдерінің диалектикалық интеграциясын қамтамасыз ету. Әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы көп этникалық болғандықтан, өздерінің ұлттық саясатында жергілікті ұлтқа басымдық бере отырып, ұлттық азшылық өкілдерін де қорғау үшін примордиалистік және конструктивистік тәсілдеріне жүгінеді. Көптеген ұлт өкілдері тұратын Қазақстан жағдайында қазақ ұлты да конструктивистік негізде біріктіруші һам тұтастырушы міндетін атқармақ. Елдегі тыныштық пен ынтымақтастықты ұстау әр қазақтың ғана емес, барша Қазақстандықтардың міндеті болуға тиіс.


1-жүргізуші: Сәулесі бар көктемде таңғы үміттің

Басын қосқан сан халық, сан ғұрыптың

Бүгінгі мерекеде паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.


Эльмурад: Достық деген - өзіңмен мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы бір адам. Адалдық – достықтың ұлы заңы.

Жер бетінде мұндай достар

Еш нәрседен жасқанбас.

Бірі үшін тартар бәрі азап,

Дос үшін өзі тігер бас.

С.В.Михалков.

Бауыржан: Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.


1-жүргізуші: Қуаныш сыйлап көңілге,

Ән болып үні тараған.

Базаралы мынау өмірге

Бейкүнә көзбен қараған.

Ән: «Атамекен» орындайтын


Сыдықов Бахтияр ағай


Қамбар: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұн тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы кең.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген,

Ұлы аманат етейік еркіндікті,

Ел құлдықты білмесін, жер күндікті.

Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең

«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті. Жұбан Молдағалиев.


2-жүргізуші: Оу, ағайын, даңғазалап дүрлікпе,

Бақыттың да барар жері бірлікте.

Көрелік көрсетерін қандай өнер,

Қыздарымыз мына сахна төрінде.

« Өзбек биін» тамашалаңыздар.


1- жүргізуші: Келдің бе қайта және сен,

Қырмызы мамыр-ай әсем.

Дүниені тегіс күлдіріп,

Даланы гүлге толтырып.

Ендігі кезекті оқушыларымыздың бейбітшілік күніне арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар.


Иса:Жүректе от жалынын өшірмейміз

Баланы соғыс үшін өсірмейміз.

Сол бір гүлдер солған гүлдер

Көргенбіз майдан салған бүлік

Жақсы леппен

Ақ ниетпен

Біз тілейміз бейбітшілік.


Ибрагим:В Казахстане –сердце настежь

Дверинастежь для друзей

Если друг приходит в дом

В доме веселей

Ходить спесной по дворам

Дружбы караван

Ты всегда в душей моей

Мирный Казахстан.


2-жүргізуші: Бейне ролик №1 тамашалаңыздар

1- жүргізуші: Дән ексем жерге достық егер едім.

Бұлт болсам, соған тамшы себер едім.

Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға,

Дос үшін жылда айналып келер едім.

Досыңа достық – қарыз іс,

Дұшпаныңа әділ бол.

Асығыс түбі - өкініш,

Ойланып алмақ сабыр сол.


2-жүргізуші: Мы дружной семьею живем в Казахстане-

Татары, уйгуры и русские с нами.

Так пусть же крепнет во веки веков

Дружба народов всех возрастов!

Дружба народов – не просто слова,

Дружба народов – на веки жива.

Дружба народов – счастливые дети,

Колос на ниве и сила в расцвете.

Мы за мир! И в мире добром жить хотим,

Маленьким и взрослым мир необходим.

Счастье жить на свете,

Счастье жить в труде.

Труд свой посвящаем

Миру на земле!


1- жүргізуші: Болғанда асыл –тастан, өнер жастан,

Өнерге талай ұрпақ ат салысқан.

Ілімнің мәдениетін жырға қосып,

Дарындарым жазыпты небір дастан.

Ендігі кезекті В-18-1 тобының орындауында лезгинка биін қабыл алыңыздар.


1- жүргізуші: Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер


Айбек: 1) Ырыс алды – ынтымақ.

2) Бірлік болмай, тірлік болмас.


Жамолиддин: 1) Ынтымақтың түбі – игілік.

2) Тірлік, тірлік түбі – бірлік.


Ақжол: 1) Ынтымақ болмай іс оңбас.

2) Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.


Асадбек: 1) Татулықта табыс мол.

2) Аз да бітер, көп те бітер,

Татулыққа не жетер.


Шароф: Біршілік болмай,

Тіршілік болмайды.


Сейдахмет: Достық екен өмірде ең керегі,

Достық болып дүние дөңгеледі.

Өзендегі толқындар дос боп ақты,

Қанымыздай жүгіріп кеудедегі.

Ағаш біткен дос болып тербеледі,

Тағдыр досқа бақытты тең бөледі.

Сүйеп келе жатқандай бірнеше қол,

Бірнеше қол осынау жерде мені.

Тұманбай Молдағалиев.

Алихан: Елдің қамын ойласаң ер болғаның,

Алғашқы боп бәйгеден келді арманың.

Мені әбден, құлыным, қуантқаның,

Парасатпен, ақылмен елді алғаның.

Қолдасын хақ болмасын тілек ада,

Аға бол ұланыңа, адал бол ұраныңа.

Ел бақытты болмаса, ел бастаған,

Ер бақытты болмайды біл оны да.

Арман жайлы толғанам үміт жайлы,

Жана білсең жақсылық жуықтайды.

Елді сүйген жүрекпен өмір сүрсең,

Ел де сені ешқашан ұмытпайды.


Дастан: Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге бір Отан,

Ортақ жердің байлығы.

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Ортақ бізге барлығы.


Ислам: Мен қашанда жалғыз өзім жүрмеймін, Алмас

Жалғыз жүріп, жалғыз өмір сүрмеймін.

Жер-жердегі достарымды санасам,

Аспандағы жұлдызыңмен бірдеймін.

Бүгінгі емес, ертең келер күн дн өзге,

Тұра бермес жалын атып нұр көзде.

Жұбымызды жазбайықшы, достарым,

Жалғыз-жалғыз жатамыз ғой бір кезде.

Сағи Жиенбаев.

2- жүргізуші: Кең байтақ Қазақстанымызда 130 –дан астам ұлтпен ұлыстың құтты мекеніне айналып отырған тәуелсіз елімізде татулықпен достық, ынтымақ пен бірлік салтанат құрса, ең басты байлық сол екенін айтуымызға болады. Бейне роликті тамашалаңыздар №2


Қазақ: Дінмұхаммед

Әлем сүйген салтымыз бар,

Бейбітшілік ел ұраны.

Өмір сүйген халқымыз бар,

Бейбіт елдің біз ұланы.


Орыс: Робин

Халықтар өмірді қорғайды.

Шырқаңдар кел достар әр елде,

Бейбіт күн жасасын әлемде


Өзбек:Айбек

Ежелден халықтар бостандықты қалайды,

Ертеңгі күніне үмітпен қарайды.

Сондықтан әлемді арайлап,

Тыныштық ұраны тарайды.


Кәріс:Абу

Барлық елге

Барлық жерде

Біз тілейміз – Бейбітшілік!


1-жүргізуші:

Тыныштық туралы биікке самғасын,

Тыныштық ұраны қиырды шарласын.

Жетім боп ана мен балалар,

Ойран боп от басы қалмасын.

Ендігі кезекті

Ән «Әрқашан күн сөнбесін»


1-жүргізуші: Гүлденіп жатқан Отанымыз Қазақстан елінің туын биіктете ұстап достығымызды нығайтамыз.


2-жүргізуші: Колледжіміздегі барлық студенттерді бірлік қарым-қатынаста болуға шақырамыз.


































«Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта!»

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскенін, еліміздің барлық жағынан дамып, өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуға жақындап келе жатқанын Елбасы тайға таңба басқандай, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді. Көптеген мемлекеттер жеталмай отырған жетістіктерге біздің еліміз жетті. Оған біздер елдегі қалыптасқан тұрақтылық, бірлік, ынтымақтастықтың арқасында қол жеткіздік. Біз ұлттық рухты сақтап қалудың шарты – сырттан жау іздемей, өзіміздің ұлттық табиғатымызды орнықтыру мен байыту деп білеміз. Бүгінгі таңда біздер, еліміздің алға басқан әр қадамы болашаққа деген нық сенімділікке бастап, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы беделі мен абыройы жылдан-жылға артып отырғандығының куәсі болып отырмыз. Қазақстан – халықаралық беделді ұйымдардың ыстық ықыласына бөленіп, дамушы елдердің назарында жүрген мемлекет. Бұған елдегі береке – бірлік пен ынтымақтықтың себеп болып жатқаны ақиқат. Шын мәнінде әлемнің кейбір жерлерінде дүрдараздық пен берекесіздік белең алып тұрған шақта Қазақстандағы 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардың тату-тәтті өмір сүруі өзгелерге өнеге дер едік. Елімізді мекендеген әр бір ұлттың азаматтық құқығын жоғары бағалап, тілі мен дінінің, салт-дәстүрінің дамуына мемлекеттің әрқашан өзі тарапынан қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Ең бастысы, осы ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында, бейбіт өмір сүруі. Соны мен аз ғана ұлт өкілдерінің ана тілін ұмыт қалдырмауы. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясының басты міндеті осыны қадағалау. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуы – қазақ жерін мекен еткен көп ұлтты халықтың ынтымақта тең құқылы өмір сүруіне ықпал жасады.

Президентіміздің салиқалы саясаты және қазақ халқының сабырлы пейілі арқасында елде ұлттардың татулығы мен сыйластығының «Қазақстандық феномені» жаһанға үлгі болды. Ұлтаралық қатынастарды ұдайы реттеу әу бастан-ақ ішкі саясатымыздың негізгі бағдары ұлтаралық татулық саяси тұрақтылықтың кепілі саналды. Мемлекет өзге ұлттарды жасанды түрде ассимиляциялау, қысым көрсету шараларына барған емес, Конституцияның 19-бабына сәйкес, әр ұлт өкілдері өз салт-дәстүрін сақтауға, ана тілінде білім алуына, еркін өмір сүруіне құқықтық негіз жасалған. Елдегі қоғамдық келісімді сақтау, аз ұлттардың мәдени орталықтарын барынша қолдау мақсатында Қазақстан халықтар Ассамблеясына зор мүмкіндік берілді. Ендігі жерде Мәжілісте Қазақстан халықтары Ассамблеясына өкілдігінің болуы, біріншіден, бұл ұйымның мәртебесімен беделін көтерсе, екіншіден еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің басқару жүйесіне кеңінен қатысуына, тұрақты дамудың кепілі – бейбітшілік пен ынтымақтың одан әрі нығайюына әсер ететіні сөзсіз.

Біздің мемлкетіміздің этносаясатының негізгі бағдары: этностың бей саясилануы, ұлт ұғымынан азаматтыққа көшу, азаматтық қоғамды нығайту, барлық ұлттардың мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау, мемлекеттің идеялогиялық базасын арттыру, барлық ұлт өкілдерінің диалектикалық интеграциясын қамтамасыз ету. Әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы көп этникалық болғандықтан, өздерінің ұлттық саясатында жергілікті ұлтқа басымдық бере отырып, ұлттық азшылық өкілдерін де қорғау үшін примордиалистік және конструктивистік тәсілдеріне жүгінеді. Көптеген ұлт өкілдері тұратын Қазақстан жағдайында қазақ ұлты да конструктивистік негізде біріктіруші һам тұтастырушы міндетін атқармақ. Елдегі тыныштық пен ынтымақтастықты ұстау әр қазақтың ғана емес, барша Қазақстандықтардың міндеті болуға тиіс.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі