Тақырыбы: Береке – бірлікте, ырыс –
ынтымақта
Мақсаты: Балалардың бірлік,
ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың
тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер,
шарлар, гүлдер, ұлттық костюмдер.
(Ән ұран
орындалады.)
Жүргізуші:
Бірлік пен ынтымағы халықтың
-
Көгімізде жарасқан жарық
күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін
халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін
алтын күн!
Жүргізуші:
Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік
«Еңбекшілер күні» болып тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік
ынтымақтастық күні» болып есептеледі.
(«Елім менің» атты ән
орындалады)
Оқушылар әр ұлттың киімдерін
киіп, шеруге шығады. (Монтаж)
1-оқушы:
Жан біткендей жас
тауға,
Шуақ ойнап
арайлы.
Күн күлімдеп
аспанда,
Мамыр әні
тарайды.
Жайдары жаз түрге
еніп,
Жадыратты
жанымды.
Жер-дүние
тербеліп,
Дала, қала
құлпырды.
2-оқушы:
Болсын жер мен су да
ортақ.
Болсын біздің ту да
ортақ.
Ақпыз, қара,
сарымыз,
Ағайынбыз
бәріміз.
3-оқушы:
Сары, ақпыз,
қарамыз,
Бәрімізде
баламыз.
Біз Отанда
тұрамыз,
Біз мектепке
барамыз.
4-оқушы:
Алтай, Кавказ
ұласып,
Бауырайы кең
жатыр.
Бақытты әні
асқақтап,
Құлаққа даусы кеп
жатыр.
5-оқушы:
Қырғыз, қазақ,
өзбектер,
Моңғол, ұйғыр,
дүнгендер,
Армян, тәжік,
грузин,
Орыс пенен
украин,
Терезесі тең
жатыр.
6-оқушы:
Енді бүгін
қарасам,
Айналам бақыт кең
жатыр.
Бірімен-бірі
туысқан,
Қол ұстасқан ел
жатыр.
7-оқушы:
Достығымыз
жарасқан,
Ақпыз, қара,
сарымыз.
Қара жер мен көк
аспан,
Ортақ дала
тауымыз.
8-оқушы:
Ортақ жұтар
ауамыз,
Ортақ жарық
күніміз.
Достық туған
анамыз,
Жердің қызы,
ұлымыз.
Хормен:
Отан
ортақ,
Жер
ортақ,
Еңбекпен қостық
тағдырды.
9-оқушы:
Алтын бесік-ағайын, жұрт
туғаным,
Дос байыса қыза түсер
думаның.
Барлық ұлттың өкілдері
жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл
заңын.
10-оқушы:
Қазақ елі-қашаннан да жыр
елі,
Тарихында тұлғалар көп
киелі.
Қазақстан аясында
бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір
сүреді.
11-оқушы:
Бір-бірімен тату тәтті
тұрады,
Бәрінің де Қазақстан -
тұрағы.
Туған жерге тебіренген
сәттерде.
Ағаларды өлең-жырдың
бұлағы.
12-оқушы:
Бойымызда әлі бұлақ жатыр
бұрқырап,
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр
құрап.
Тілейтінім барша ұлтқа бір
ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен
ынтымақ!
(Орыс
биі)
Жүргізуші:
Отаным ордасы ғой
игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі
жұрттың.
Шаңырағы кң биіктен
Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір
ұлттың!
-демекші біздің
Республикамызда әр ұлшттың өкілдері
тұрады.
Жүргізуші:
Ел тарихы, жер тарихы
өзіміз,
Болашақтың қасиетті
көзіміз.
Барлық ұлтпен бауыласып
жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса
сөзіміз.