Материалдар / Берекелді күз келді
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Берекелді күз келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертеңгілік
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін»

23 «Жеңіс» бөбекжай-

бақшасының меңгерушісі

______Б.К.Сарымсакова




Ертеңгілік


Тақырыбы: «Берекелді күз келді»



3 «Құлыншақ» ортаңғы тобы













Тәрбиеші: Джалелова А.К







Шымкент 2023ж



Берекелді күз келді! ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыруды жалғастыру.

Күз мезгіліндегі өнім көкөністерден көрініс сахналандыру.

Балалардың ойын, ән, билер арқылы күзгі мерекелік көңіл-күйлерін көтеру.

Табиғатты сүйіп, қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Жүргізуші: 

Армысыздар көпшілік өнер сүйер,

Тамашаға тойарлық болар бұл ел.

Бала бақша сәбилері көрерменге,

Құрметпен сәлем беріп басын иер.

Алтын күз сәуле шашып даламызға,

Той-думан өтіп жатыр қаламызда.

Табиғаттың тамаша бір мезгілін,

Қарсы алмай біздер бекер қаламызба


Ән: «Күзгі жапырақ»


Тақпақтар:


Балым Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн, біліп қой

Күзгі бақта сыңғырлап

Алақанды ұрып қой.


Айтөре: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді


Әсия: Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.


Айбар: Көптен күткен күз келді
Жеміс жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Ағаштардан түседі


Назым: Көбейді құт береке
Астық толы қамбамыз
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.

Бағбаншы кіреді.

Жүргізуші: Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз?

Бағбаншы: Бақша, бақты күтетін бағбаншымын. Балаларды мейрамымен  құттықтауға келдім. Ал сендер неге  жалғызсыңдар? Күз ханшайымы қайда?
Жүргізуші: Біз сізбен келеді деп ойладық.
Бағбаншы:Мен күз ханшайымын көрген жоқпын, ол орманда адасып қалған шығар.

Жүргізуші: Келіп қалатын шығар тосайық, оған дейін көкөністер мен жемістерді қазір өздерін таныстырсың.

Ортаға жемістер мен көкөністер, өздері туралы тақпақтар


Асқабақ
Амир: Асқабақтың дәні,

Денсаулықтың мәні.

Ұйқың болып тыныш,

Сергек жүші әрі


Алма
Рамазан: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім
Жерге сілкіп түсірме
Ісіп кетер маңдайым.


Қызанақ
Абдурахман: Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып
Тұрған ол мен қызанақ
Күнге қарап ұялып.


Шие
Алина Мен моншақты шиемін
Құмарсындар білемін
Кетіп қалып жүрмесін
Тамағыңа сүйегім

Би: «Жемістер»


Бағбаншы: Балалар мен бір ойын білемін , бірге ойнайық.


Ойынның аты: «Көкөністер»


(Әуен: Жел мен жаңбырдын дауысы.)
Күз бен жел кіреді:
Күз. Маған көмектесіңдер, көмектесіңдер.
Әуен: Сиқырлы
Жел: Ахалай, махалай суф !Күзді ұйықтатып тастайын.Қара бұлтыммен күзді жауып тастайды.
Бағбаншы: Желдін артынан қуады.

Жүргізуші:  Жел сен неге күзді сиқырлап тастадын

Бағбаншы: Күз бізге керек, оны балалар тосып отыр.

Жел: Мен мықтымын, мен шапшаңмын мен күзді сыйқырлап тастадым.
Жүргізуші: Біздің балаларда шапшаң! Ондай болса ойын ойнап, шапшаңдығымызды көрсетейік.


Ойын: «Жаңғақ пен шишка!»


Бағбаншы: Әне, көрдің бе, біздің балалар қандай шапшаң?

Жел: Жарайды сендер мықтысыңдар,сендер шапшаңсыңдар, сендер жеңдіңдер.
Жүргізуші: Күзді бізге қайтар, біздің балалар мерекеге күзді тосып отыр.

Қане балалар күз ханшайымына арнап әнімізді айтайық күз ханшайымы оянсын!

Жел: Күз ханшайымын сиқырдан ояту үшін балалар сенднр керемет бір ән айтсаңдар сиқыр кетеді.

Ән: «Күз тамаша»

Жел: Балалар міне сендердің керемет әндеріңе күз ханшайымы сиқырдан оянды. Ал енді мен кетейін. Бағбан жүр екеуміз басқа бақшаға барып мереке тамашалайық.
Күз оянады.

Береке бақ дарыған

Жомарт көңіл жарқын күз

Сары алтынға малынған

Мен Күз ханшайымымын.

Сендерді көргеніме өте қуаныштымын.

Жүргізуші:Қош келдің,Күз ханшайымы! Төрлет!

Бүгінгі мерекеміздің қонағы бол, балалардың өнерін тамашалайық.

Күз ханшайымы:Өте жақсы, балалар, рахмет.

Күз ханшайымы:Өте қызықты ертегі екен. Рахмет, балалар.


Ән: «Кап-кап»


Адеми: О, алақай тамаша!
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші күлімдеп
Аунар ма еді, жатып ап!



Алихан: Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап,
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.


Құралай: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан, алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап


Медина: Ағаштарда жапырақ,
Ұшып ұшып азайды.
Тырау тырау тырналар,
Туған жерден ұзайды.


Людмила: Наступила осень,

По желтел наш сад.

Листья на березе,

Золотом горят.


Изабелла Что за время гола?

Дождик моросит.

Это просто осень,

В детский сад спешит.

Би: «Жәндіктер»

Жүргізуші:

Балалар, күз ханшаймының сиқырлы орамалы бар, солмен ойын ойнағысы келеді, ойнағыларың келеме?

Ойын: «Сиқырлы орамал»

Қане, шеңбер құрайық,
Билеп-билеп алайық.
Шыр етіп айналып,
Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз: Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде алмалар болады. Бұл күздің сыйы, байлығы деп алмаларды балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер Ендеше мені басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдарбалалар!,Келгенше жыл айналып.

(Күз кетеді)

Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.

Жүргізуші: Осымен «Құлыншақ» тобының «Берекелді күз келді» атты ертеңгіліміз аяқталды. Күзге айтарымыз берер сыйы жылдан жылға көп болсын. Елімізде тыныштық, береке болсын!




































Бекітемін»

23 «Жеңіс» бөбекжай-

бақшасының меңгерушісі

----------------Б.К.Сарымсакова







Ертеңгілік








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!