жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Берекелі - Алтын күз
Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»
Мақсаты: Күз мезгілінде болатын ерекшеліктермен, табиғаттағы өзгерістермен, күз байлықтарымен таныстыру.Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Жүргізуші. Қарсы алайық бәріміз
Жасымыз бен кәріміз
Қырдан кепті қыдырып
Алтын күз бізге нұртөгіп. Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер . Берекелі Алтын күз атты мерекемізге қош келдіңіздер! Ендеше шағала тобының бүлдіршіндерін қол соғып қошеметпен ортамызға шақырамыз.
Музыка залы топ мерекесіне орай әдемі безендірілген. Балалар музыка ырғағымен қолдарында жапырақ бар, қолдарын көтеріп залға кіреді, жарты шеңбер құрып тұрады. Ән айтады
ӘН: Алтын күз
Жүргізуші: Рахмет балалар орнымызға отырайық.
Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Гүл жапырақ шөптер де
Қурап солады.
Ал балалар Бұл қай мезгілде болады. (күзде) қазір жылдың күз мезгілі ендеше күз ханшайымын қошеметпен қарсы алайық.
(Музыкамен күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы
Залға сазды әуенмен күз ханшайымы кіреді. Амансыңдарма балалар,
Ерінбестен еңбек етіп келетін.
Еңбекшіге бар жемісін беретін,
Мен-Алтын күз
Ынтымақты еліме
Берекелі ырыс болып енетін.Балалар мен сендермен үш ай бірге боламын.
Күз айларын білесіңдерме? Айтыңдаршы. (қыркүйек,қазан,қараша).
Ауа райы қандай болады? (жауап) жарайсыңдар біледі екенсіңдер.Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші:Қош келдің күз ханшайымы,біздің балалар өнерлері өте көп, бізбен бірге болып балаларымыздың өнерін тамашалаңыз. Қыздарымызды биімен ортаға шықырайық.
БИ: «Жапырақтар» (қыздар).
Ал енді күз мезгіліне арналған тақпақтарымызды қарсы алыңыздар:
Тақпақтар: (Амирлан, Иманжан,Айнара, Әлинұр, Ерасыл,Алуа, Кәусар,Әділ).
Жүргізуші: Балалар аңдар күз мезгілінде не істейді?аңдар да қысқа дайындалады екен, қорек жинап күздің сыйлықтарына рахмет айтады екен.Ендеше сендерге аңдар турады жұмбақ жасырайын, тауып көремізбе.
1.Бұтақтан бұтаққа секірген
Кішкентай ғана шапшаң аң (тиын)
2. үсті толы ине,өзін қорғай алады,
Домаланып қалады. (кірпі).
Кірпі кіреді (музыкамен) мен өзімнің азығымды жинап жүріп, сендердің дауыстарыңды естіп, келе жатырмын. Мұнда менің кішкентай достарым
бар екен. Мен достарыммен бірге би билеп берейін.
БИ: Кірпі ер балдар
Кейіпкер (тұмау) кіреді түшкіріп,апчү-апчү-апчү
Тұмау: Мына балдар неге мында жиналып алған, мұнда тағы не болып жатыр? Мені таныдыңдарма өздерің? Мен сендерге жөтелді, ауруды тарататын тұмау деген достарың боламын, қысқаша айтқанда мисис микроб боламын Ха-Ха-Ха. Апчү-апчү-апчү.
Күз ханшайымы: бізге сенің керегің жоқ шық бар. (қуады)
Тұмау: жоқ мен шықпаймын, мен сендерге микроб таратамын. Апчү-апчү-апчү Апчү. (бір айналып) ха-ха-ха-ха мен таптым жаңбыр жауып тұр, менің қолымда шалшық бар,қазір аяқтарыңды шалшыққа батырам су су болады.
Ойын: «Шалшықты басып кетпе»
Шарты: шалшықтар қойылады, 2топқа 4баладан бөлінеді, шалшық суды баспай,қолшатырмен жүгіріп барып-келіп келесі балаға береді.
Тұмау: Балалар жәрәйды сендер мені кешіріңдер, сендер мықты екенсіңдер,мен сендерді ауыртпаймын.
Жүргізуші: балалар кешіремізбе ол өзінің қателігін түсінді.
Тұмау: Балалар сендер ауырмаңдар, мен енді қайтып келмеймін. Сау болыңдар. (шығып кетеді).
Бала: Әділ Тоқтаңдар-тоқтаңдар ойй менің басым ауырып барады. Айнара:(саған не болды) деп отырғыш әкеп береді.
Айнара: Енді не істиміз қалай көмектесеміз.
Т.Айым: сабыр сақтаңдар дәрігер шақырайық. Дәрігер,дәрігер
Жедел жәрдем машинаның дауысы естіледі.
Дәрігер: Айлана: мені кім шақырған? Қандай шағымдарың бар? (Айым:Әділ ауырып қалды) қазір қараймын, аузыңды аш, (тексеріп қарайды). Тамағың іскен, қызуың бар екен,әлсірегенсің саған жеткілікті мөлшерде дәрумендер жетіспейді, көп-көп жеміс пен көкөністер жеу керек. Бізге көкөністер керек. (алып бірге кетеді).
Жүргізуші: көп-көп жемістер мен көкөністер жеу үшін не істеу керек? Еңбектену керек.
Ендеше ортаға көкөністерді шақырайық.
Көкөністер биі: (көкөніс киінген балалар ) шығады.
Жүргізуші: Ерте ерте ертеде бір еңбекқор әжей болыпты, әжейдің үлкен бау-бақшасына көкөністер егіпті, көкөністің айналасындағы шөбін жұлып, су құйып баптайды екен.
(Жәй музыка ойнап тұрады)
Т. Айым қолында су құйғышы бар, әр балаға су құйып, шөбін жұлады, су құйғасын бастарын қозғалтып, орнынан тұрып билей бастайды.
Би: Көкөністер (Тамерлан, Алдияр, Т.Айым,Ислам, Жандәулет, Бекзат, Мансур, Диас, Әділет).
Тақпақтар: Балалар Көкөніс туралы тақпақтарын айтады.
Әжей: Т.Айым
Көкөністер бәрі де,
Денсаулыққа пайдалы.
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
Жүргізуші: осылай әжей бақшасынан көөп өнім алады. Көкөністерді тракторға тиеп балабақшаға беріп жібереді.
(Трактордың даусы) бип-бип, Рол ұстаған Ерназардың, артынан көкөністер тұрып, музыкамен барып орындарына отырады.
Ойын: Картоп жинау.
Шарты: 4 баладан екі топ шығады. 1бала картопты егіп кетсе, екінші бала жинап келеді.
Тақпақ: Ерназар, Айлана, Аяна,Алижан, Ибрахим, Мадияр,Санжар,Нұрдәулет.
Күз ханшайымы: Керемет қандай әдемі, өнерлі, ақылды, тапқыр екенсіңдер! Балалар менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты мен енді кетейін. Келесі кездескенше сау болыңдар. (қоштасып шығып кетеді).
Қорытынды:
«Алтын күз»
Осыма, осы ма күз деген?
Берекесін сыйлайтын кез екен, күз деген-деп бүгінгі ертеңгілігімізді әдемі әнмен аяқтаймыз. Ән –Күз бүгінгі ертеңгілігімізге келіп тыңдағандарыңызға көп рахмет.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген