Материалдар / Берекелі Алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Берекелі Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал күз айы туралы түсінік және күз айының байлықтары жайында балаларға арналған тапсырмалар бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қаңтар 2019
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Алтын Күз» (Күзгі бал кеші)

Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру. Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту, сөздік қорларын байыту.

Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.

Тәрбиеші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Келіңіздер қарсы алайық!

- Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Алтын Күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

- Балалар қазір қай мезгіл? (Күз мезгілі). Дұрыс айтасыңдар балалар .

-Күзде қандай өзгерістер болады? (күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, жеміс- жидектер піседі, астық орылады т.б )

Ия балалар, ал енді осы күз мезгілінде қандай айлар бар екен? (Қыркүйек, Қазан, Қараша )

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

- Осы күзде ауырып қалмау үшін не істеуіміз керек екен? (жылы киіну керек, әр түрлі дәрумендер жеу керек )

-Қандай дәрумен түрлерін білесіңдер? (жеміс- жидектерді атайды)

- Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен.

(Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы)

- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Тәрбиеші: Балалар бізге қонаққа күз ханшайымы келіп қалыпты.



Күз ханшайымы:

Уа, халайық, дархан далам армысың,

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін

Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын.

Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!

Күз ханшайымы: Балалар! Мен осында сендердің өнерлеріңді тамашалағайы әдейі келдім. Егер де балалар сендер менің көңілімді көтере алсаңдар мен сендерге деп әкелген сыйлығымды қуана- қуана таратып беремін.

Тәрбиеші: Әрине, қымбатты Күзханшайымы! Біздің балалар Күз туралы өлең, тақпақтар айта алады, биде билейди. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Олай болса бүгінгі кешімізді балалардың сыңғырлаған дауыстарымен бастайық.

Хор: «Күз береке»

Тәрбиеші: Біздің балалар үш тілде де тақпақтар айта алады. Оған көзімізді жеткізу үшін ортаға бүлдіршіндерімізді шақырайық.

Тақпақтар:

Дария

Аутм аутм

Бютипл анд сад

Мани мани лайф

Уелеу анд ред

М.Абылай

Зис из ши сизн

Уен дейз а кол

Уен и кат епл

Анд гоу ту схул

Сезім

11.Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Шат шадыман күз келді.


Ғалым

5.Соңғы шуақ төгіліп,

Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып,

Жапырақтар жүр ойнап

Малика

12.Шатыр тікті сары алтын,
Шартараптың бәрі алтын.
Алып келді мереке,
Астық, жеміс береке.


Данияр
13.Батырлыққа жараса,
Көбейді той тамаша
Ән салды өзен, тал-құрақ,
Шашу болды жапырақ.



Дильнұр

18.Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп жеміс



Арсен

Если на деревьях
Листья пожелтели,
Если в край далекий
Птицы улетели,
Если небо хмурое,
Если дождик льется,
Это время года
Осенью зовется.



Камила

Пат о ю дрес

Оф рет анд голд

Фан самме из гон

Уат сизн из ит


С.Диляра

16.Күздің салқын самалы,
Аймалайды маңдайдан,
Алып қашып барады,
Жапырақты сарғайған.

Наргиз

19.Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала

Нұрасыл

Бат ин ши рени сизн

Ай хав озе оиз

Ай рет май букс анд плей

Ат хом уайт ол май тойз

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар біздің балалар тек тақпақтарды ғана емес өлеңдерді де айта алады. Келесі тамашалайтындарыңыз;

Хор: «Осень в лесу»

Тәрбиеші: Ортаға мың бұралған бишілерімізді шақырайық

Би: «Қазақ биі» (Айсәуле, Айбарша, Адина, Көркем, Жасмина, Айару)

Тәрбиеші: Күз ханшайымы балалардың қазақша, орысша өлең айтқандарын тыңдап көрдің, енді ағылшынша қалай сайрайтынын көргің келе ме?

Хор: «Рейн-рейн»

Тақпақтар:

Адина

8.Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...

Көркем
20.Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды,
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сыйыңды

Айару

Жайдары күз, жарқын күз

Аяулы күз, алтын күз

Дәнге толы ен далам

Дариядай шалқып жүр

Рахимали

3.Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Б Алдияр

21.Қамба толды астыққа,
Алғыс саған, алтын күз,
Бір уыс дән шаштық та,
Арба қауын алдық біз!



Ералі

1.Сап - сары маңай,

Сап - сары тоғай.

Соңғы әнін айтып,

Құс кетті қайтып.

М.Алдияр

9. Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

Нұрдәулет

10.Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.


Би: «Қара жорға» (Рахимали, Б.Алдияр, Ерәлі, Асылбек, М.Алдияр, Альтаир, Нұрдәулет, Темирлан, Ержігіт, Алихан)

Тәрбиеші: Құлаққа кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй демекші; келесі кезекті Айарудың орындауында

Ән: «Мен қазақтың қызымын»

Тақпақтар:

Айсәуле

2.Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

Айбарша

4.Қоңыр салқын тарады

Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады,

Қайтқан елдей жайлаудан.


Жасмина

Наступила осень,
Пожелтел наш сад.
Листья на берёзе 
Золотом горят.


Асылбек
Утром небо было хмурым,
И казалось все понурым.
Осень очень любит плакать,
Дождиком на землю капать.
Любит листьями шуршать,
И с деревьев их срывать.





Ержігіт

7.Жеміс-жидек пісті,

Қамбаға астық түсті.

Қызу жұмыс басталып,

Жинап алды жан салып.

Альтаир

Не слыхать весёлых
Песен соловья.
Улетели птицы 
В дальние края.









Ш.Алихан

6.Келді міне күз,

Айнала сары түс.

Керемет, тамаша,

Қандай әсем күз.

Темирлан

15.Ой, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Сапырды дән алтын күз, 
Сабан тойы салтымыз



Тәрбиеші: Келесі бишілеріміздің орындауларында

Би: «Кірпілер» қошеметпен қарсы алыңыздар!

Хор: «Кап-кап, тук-тук»

Тәрбиеші: Күз ханшайымы сізге балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ дәулет

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше жыл айланып. (Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді) Қош бол,Күз ханшайымы.

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Қазіргі сендердің еңбектерін сабақ оқу. Міне, балалар осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерді Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.

Мектебіміздің диреторы Тлеукенов Оралхан Рақымжанұлына.

Оқу ісінің меңгерушісі Қапашева Айнұр Қабидолдақызына сөз беремін.. Ата-аналардың бүлдіршіндерге құттықтау сөзі. Шашу шашылып, мереке аяқталады.





1. Хор: «Күз береке»

2. Тақпақтар: Дария. М.Абылай .Сезім. Ғалым. Малика. Данияр. Дильнұр. Арсен. Камила. С.Диляра. Наргиз. Нұрасыл

3. Хор: «Осень в лесу»

4. Би: «Қазақ биі» (Айсәуле, Айбарша, Адина, Көркем, Жасмина, Айару)

5. Хор: «Рейн-рейн»

6. Тақпақтар: Адина. Көркем. Айару. Рахимали. Б Алдияр. Ералі. М.Алдияр. Нұрдәулет

7. Би: «Қара жорға» (Рахимали, Б.Алдияр, Ерәлі, Асылбек, М.Алдияр, Альтаир, Нұрдәулет, Темирлан, Ержігіт, Алихан)

8. Ән: «Мен қазақтың қызымын» Айару

9. Тақпақтар: Айсәуле. Айбарша. Жасмина. Асылбек. Альтаир. Темирлан. Ержігіт. Ш.Алихан

10. Би: «Кірпілер» қошеметпен қарсы алыңыздар!

11. Хор: «Кап-кап, тук-тук»









































































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!