400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Берекелі алтын күз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материалда күз туралы тақпақтар, күз туралы мағлұмат беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бәріңе! Бәріңе! Бәріңе! Құлақ салып тыңдаңыздар! Бәріңізді «Күзгі бал» кешіне шақырамын.

Шақыралық ізгі жанды

Келер сонда сәніміз.

Бірге өткізіп күзгі балды,

Қуанайық бәріміз!

Құрметті: ата-аналар, балалар сіздерді мерекемізді тамашалауға қош келдіңіздер!

Ән: «Күз жомарт»

Төңірек толы сары алтын

Күз келді туған өлкеме

Шуағы нұры жайнаған

Алтын күз әсем айналам

(Музыка ойнап, қолында жеміс-жидегі бар. Алтын күз келді) Сәлеметсіздер ме, балалар!

Күз – Айару (тақпақ айтады)

Балалар мен туралы кім жақсы тақпақ айтып өнер көрсеткен балаларға әкелген сыйлығым бар.

Осы кезде бұлт келеді.

Бұлт: - Мен сұр бұлтпын. Қаласаңдар осы жерге жаңбырдда, қарда жаудырамын. Осында Алтын күз бар деп келдім. Мен оны алып кетемін

  • Ал, балалар Алтын күздің мереке болмайды. Оны іздеп табайық. Оның сиқырлы жапырағы түсіп қалыпты. Орманға барайық. Орманшы ата:

Орманның ішін жинастыруым керек. Мына жапырақтар бағынбай жатыр. Қалай жинасам екен.

Алтын сары жапырақ

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Балалармен амандасады.

Ойын: «Жапырақтарды ажырат»

Жүргізуші: Атай біздің алтын күзімізді алып кетті. Бізге көмектесесің бе?

-Иә

Бұл кіреді.

Атай: Әй, сұр бұлт балалардың күзіне қайтарып бер, мерекені бұзба

Бұлт: Олай болса маған өлең айтып, би-билеп беріңдер. Мүмкін ойланармын.

Атай мен жұмысқа барайын, мерекелеріңді жалғастырыңдар.

Күз: көп, көп рахмет, балалар

Ал балалар мерекемізді жалғастырайық

Ал, балалар, тұрмайық

Қол соғайық, ұрайық

Күзгі бақта бүгінгі

Шырқап әнге салайық

Апорт деген тәтті алма

Ал енді Күз ханшайымы мен Ханзадасын қарсы алайық.

Тақпақ айтады. Билейді.

Ал балалар ханшайым мен ханзада бізге жұмбақ ала келіпті соны шешейік

Жұмбақ

Жер бетінде шашы бар

Жер астында басы бар (сәбіз)

Қабат-қабат тоны бар

Кішкене ғана тоны бар (орамжапырақ)

Әрі қызыл, әрі тәтті

Татқан жанды таңырқатты (алма)

Іші қызыл шоқтай

Дәмін татып көрсең

Одан тәтті жоқтай (қарбыз)

Күз сыйы тамаша

Ән салайық жаңаша

Би-билейміз бәріміз

Қуалайық балаша

Жапырақтар биі

Қараша күз келді, күз келді

Сары алтын жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді

Көңілсіз неліктен күз еді

Балалармен бірге құс Батима

Тышқан келеді:

-Мына нанның тәттісін-ай жеп қойсам ба екен.

Жүргізуші:

-жоооқ ,сен бұл нанды жемейсін. Тек қаптан ұрлап жаман үйренгенсін.

-Біздің балалар нанның қандай еңбекпен келетінін айтып береді:

Еңбек туралы мақал-мәтел айтады:

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарының тіленбей.

Еңбек етсен емерсің.

Жалқаудың жаны тәті

Еңбектің наны тәтті.

Еңбек түбі-береке.

Күз әкелер бізге бақ

Күз еңбектің дастаны

Күз молшылық, күз жомарт

Күз береке басталды.

Тамшылар биі

Күз Айару

Сәлем өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қызығыма қоныңдар

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер

Келіңіз тойын тойлайық

Би билейік ойнайық

Рақымбек

Келші, келші Алтын күз

Келші, келші жарқын күз

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші Алтын күз!

Рахмина

Алақай, алақай

Күз түсті, дән пісті

Айтайық алғысты

Жер беті жемісті

Күз келді келісті

Күз байлық береке

Алтын күз мереке


Аңсаған

Көктемде ерте гүлдеймін

Кешігуді білмеймін

Уылжыған өрікпін

Бау-бақшаға көрікпін

Құстар-Бәтима

-Қош туған елім, туған жерім

Асқар тау, жазық дала жасыл белім!

Сау боп тұр, Отан ана – ыстық ұям

Көктемде аман-есен тағы қалам

Картоп – Ерасыл

Картоп біздің атамыз

Жер астында жатамыз

Бір тамырдан таралған

Ағайынбыз бәріміз

Ысқақ-Қияр

Сәнді, дәмді қиярмын

Дәрумен бойға жинарым

Салаттың менсіз сәні жоқ

Кез келген жерге сыйармын

Сәбіз – Алтынай

Өсіретін бойыңды

Дамытатын ойыңды

Қоянға да азықпыз

Сәбіздеріміз жазықсыз

Жемістер мен көкөністер жыры

Мирас С – Бидай

Нан атасы бидаймын

Елге астық сыйлаймын

Дәнім толып піскенде,

Қызыма сыйлаймын

Тары

Ақ қарынмын, сарымын

Мен өнімді тарымын

Халқым еңбек сіңірсе

Қайтарамын қарызын

Арпа – Айзере

Күміс мұртты арпамын

Ырыс құтты арпамын

Еңбек етіп баптаған

Еліме сый тартамын

Надира – Күріш

Күнді сүйген күрішпін

Күллі жұртқа ырыстың

Алсын деп ел мал өнім

Ала жаздай су іштім

Пияз-Бағытхан

Асханадан шықпаймын

Атым пияз, бұқпаймын

Көзден жасты шығарам

Тұмаудан бірақ сақтаймын

Қызанақ – Кәусар Е

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен қызанақ

Күнге қарап ұялып!

Мирас

Мені қосса самсаға

Бәрі жейді тамсана

Жүргізуші: Көңілді ақ тілекті көл екенбіз

Тілектермен нығайсын мерекеміз

Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс

Осы менен аяқталды мерекеміз .





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
327
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі