жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Берекелі, Алтын күз!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, әріптестер! «Берекелі Алтын күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреулер жетіспейді.Сендер білесіндер ме олар кімдер?
Балалар: Ол күз ханзадасы мен ханшайымы
Жүргізуші: Ендеше оларды ортаға шақырайық.
Бірге: Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз: Сәлеметсіндер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе, күз ханзадасы мен ханшайымы!
Күз: Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл жарқын күз.
Сары алтынға малынған,
Күз ханзадасы мен ханшайымы біз боламыз! Армысыздар , құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер! Біз мерекеге кешігіп қалған жоқпыз ба?
Балалар: Жоқ.
Жүргізуші:
Шоғы толған гүлдей жайнап
Шақырады жарқын жүз
Сайрандаған күліп-ойнап,
Келді міне Алтын күз!
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар күз туралы өлен, тақпақтар біледі. Сіз жәйланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
-
Ән: «Күзгі бақта»
Сабыр Күзім-ау, күзім-ау! Бексұлтан Сары теңге жапырақ
Мінезің бұзық-ау Бояған ба көл бетін
Жаңбырың сіркіреп, Тоңазыпты топырақ,
Келгенің қызық-ау! Ызғарлы екен жел де тым.
Айбибі Алтын, сары, қызыл, көк, Арнұр Жайдары күз, жарқын күз
Алуан-алуан жапырақ. Аяулы күз, алтын күз
Күзгі бақта күлімдеп, Дәнге толы кең далам
Көз тартады атырап. Дариядай шалқар күз.
Абай Астық жеміс жиылды, Айзат Нан атасы бидаймын
Қамбамызға құйылды. Нанды елге сыйлаймын
Ардақты күз мың алғыс, Піскенімде мен қырда
Алдық өнім сыйыңды. Қауызыма сыймаймын
Алтын Көбейді құт-береке Жазира Жеміс мол беретін
Астық толы қоймамыз. Күз дос екен бізбенен
Құтты болсын мереке Бәрін тауып беретін
Алтын күзді тойлаймыз Жомарт екен күз деген
Мансұр Өнім үйіп тастадық, Қасиет Жетті желмен алтын күз
Оқуды да бастадық. Жеміс жинау салтымыз
Берекелі алтын күз, Жиып теріп болған соң
Ашық болсын аспаның. Той жасайды халқымыз.
Инабат Қуандырып біздерді, Нұрдәулет Қамба толды астыққа
Мерекелі күз келді. Алғыс саған алтын күз
Кел жемісті алтын күз, Бір уыс дән шаштықта
Кемелденсін халқымыз. Қап-қап қауын алдық біз
Хамза Жүзім, алма жинаймыз, Т Заңғар Ұшты талдан жапырақ
Алтын мақта тереміз. Сары көбелек секілді
Үлкендерді сыйлаймыз, Аспанда жәй шатырлап
Көмектесе береміз Тамшы жерге секірді.
Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.
Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойынның шарты бойынша ұлдар себеттегі көкөністерді жерге қойып кетеді , ал аналары көкөністерді себетке жинайды.
Күз: Балалар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі
Шықса жасыл
Түссе –сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.
-
Би: «Жапырақтар»
Жүргізуші: Жемістерді қарсы алайық (Осы кезде әуен ойналады, ортаға жемістер шығады)
Алмұрт Мен алмұртпын, алмұртпын
Аузындамын бар жұрттың. Арсен
Жүзім Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім . Ибрахим
Өрік Мен өрікпін, өрікпін
Табиғатқа көрікпін. Бауыржан
Алма Мен алмамын, алмамын
Тандайда қалар бәр дәмім. Мерей
-
«Алма» ертегісін тамашалайық.
-
Ән «Әңгелек» орындайтын Аяжан, Айбибі
Күз: Өте тамаша, балалар! Кәзір менімен ойын ойнайсындар ма?
Ойынның шарты: Көзді байлап, қолмен сипап-сезу арқылы қандай көкөніс екенін табу.
Жүргізуші: Жарайсындар, балалар!
-
«Көкөністер» биін қарсы алайық.
-
Ән «Жаңбыр» орындайтын Әлихан, Алтын
-
«Қияр мен қырыққабат» ертегісін тамашалайық.
-
«Көкөністер» биі
Жүргізуші: Алтын күз, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз: Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым болды
Берекелі бақ-дәулет,
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Ал, тәрбиеші апай, менің балаларға әкелген сыйлығым бар еді. Мен соны сізге берейін балаларға таратып берінізші.
-
Ән «Алтын күз» орындайтын Аяжан, Алтын
Жүргізуші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген