400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Берекелі –Алтын күз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесін өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

 Тақырыбы: «Берекелі –Алтын күз!»

Мақсаты: Алтын күз мерекесін өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың ішін күз мерекесіне сай безендірілген.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады,балалар тәрбиешімен бірге кіріп орындықтарға жайғасады.

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Армысыздар ағайын!Сәлеметсіздер ме,қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Берекелі-Алтын күз!» атты мерекемізді бастаймыз.

Жүргізуші:Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтар да келді.

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.


Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,

Қамбаға астық толатын,

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгілде ойлайсың?

Балалар: Күз мезгілі.

Жүргізуші: Дұрыс күз мезгілі.Ал, балалар күзде қандай өзгерістер болады екен?

(балалардың жауабы ).



Өте жақсы .Ендеше,уәде еткенімдей ортаға қонағымыз-Алтын күзді шақырайық!

(Музыка ойнап,ішке Алтын күз келіп кіреді ).

Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме,қоноқтар!

Мен –Алтын күзбін!

Жайдары,жарқын жүзбін.

Қонаққа келдім сендерге.

Сәбіз, картоп, тәтті алма!

Оған достым таң қалма!

Жапырақ та сиқырлы,

Ойын ойнар түр-түрлі!






Жүргізуші: Рахмет,саған Алтын күз!Қабыл алдық сыйды біз! Алтын күз ,біздің балалар күз туралы өлең, тақпақтар айтып биде билеп біледі. Сіз жайланып отырып ,балалардың өнерін тамашалап жайғасып отыра беріңіз.

Балалардың тақпақтары:

Алихан: Полюбуйтесь маскарад!

Лес меняет свой наряд.

Снял зеленый, мерит новый,

Желтый,красный и лиловый.

Нұрай: Бродит в роще листопад,

По кустам и кленам.

Скоро он заглянет в сад,

Золотистым звоном

Нартай: Соберем из листьев веер,

Яркий и красивый.

Пробежит по листьям ветер,

Легкий и игривый.

Әмір И послушно ветру вслед,

Листья улетают

Значит, лета больше нет,

Осень наступает.

Айзере: Праздник осенью в лесу,

И светло и весело!

Вот какие украшения ,

Осень здесь развесила.

Жүргізуші: Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ!-деп қыздардың орындауында «Күзгі жапырақтар»биі қабыл алыңыздар.

Би « Күзгі жапырақтар»

Жүргізуші:Алтын күз, біздің балалар көздері жұмулы күйінде көкөністер мен жемістердің дәмін қалай ажырата алатынын білесіз бе?

Алтын күз: Білмейді екем...

Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз.

Ойын: «Дәмін ажырат»

Алтын күз: Жарайсыздар, балақайлар қандай керемет .

Жүргізуші: Кезекті бүлдіршіндердің тақпақтарына берейік:


А.Диас: Каждый листик золотой,

Маленькое солнышко.

Соберу в корзинку я

Положу на донышко!








Ибрахим: Берегу я листики,

Осень продолжается!

Долго дома у меня

Праздник не кончается!

Назгүл: Листик клена на дорожку,

Потихоньку упадет.

Это осень золотая

По дорожке к нам идет!

Бекарыс: Соберем букет осенний,

Как он ярок и хорош!

И на солнце золотое

Он немножечко похож.

Қорлан: Что за время года-

Дождик моросит.

Это просто осень,

В детский сад спешит!


Жүргізуші: Бәрекелді , орындарыңа отыра қойыңдар . Ендеше тағы бір ойын ойнайық.

Сіңірген күн жарығын ,

Аумайтұғын сары күн

Дәрі дейді қабығын

Қабығында ашыдым

Дәмі қандай бал шырын –деп.

Ойын : «Апельсин шырыны»

Екі баладан шығып кесеге апельсинді қысып шырынын шығарады ,қай бала көп шығарса сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері!-дей біздің топтың тәрбиенушілерінің билерін тамашалайық.

Би: «ЧА-ЧА-ЧА»

Жүргізуші: Алтын күз сізге ұнап жатырма балайлардың өнерлері?

Алтын күз: Әрине ұнап жатыр,өте тамаша биледіңдер балалар,рахмет!Қандай ақылды балаларсыздар!

Жүргізуші: Балаларымыз тақпақ айтуға асығып отырған секілді.


Мерует: Вот и осень наступила

Вслед за летом точно в срок.

И в садах позолотила

Каждый маленький листок!





Асылхан: Посмотрите-у рябины

Покраснели щечки.

На дорожку полетели

Желтые листочки!

Даулетхан: Спят березы в октябре

Ярче зелень сосен,

Потому что на дворе

Золотая осень!

М.Диас: Праздник в садике у нас,

Осень листики цветные

Всюду нам развесила.

Камила: Осень, осень золотая –

Хорошо что ты пришла!


Алтын күз : Керемет!Балалар көктемде көшет отырғызсаңдар,күзде жемісін жейсіңдер.Денсаулықтарың мықты болу үшін жемістер мен көкөністерді күнделікті жеп тұруларың қажет екен. Балақайлар ,менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты.Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар!Келесі кездескенше!

Жүргізуші:Балалар , Алтын күзге рахмет айтайық!Келесі кездескенше аманшылық болсын!(Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді )

Ал келген қонақтарымызға да «Сау болыңыздар!» дей отырып.

Күз берекелі, астық толы болсын ! демекпіз.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі