Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы,
Шалқар бастауыш мектебі.
Өткізген: Баймуканова Томирис
Сериковна
Бастауыш сынып
мұғалімі
«Күзгі бал -
2018»
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Аяулы күз, Алтын
күз.
Мақсаты:
Балаларға күзгі табиғаттың ерекшелігін
білдіру.«Аяулы
күз,
Алтын күз» жайлы мағлұмат беру.
Оқушының өз бетімен еңбек етуі, әртістік
қабілетін дамыту.
Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға , Отанын
сүюге тәрбиелеу
Көрнекілік:
интерактивті
тақта.
Жоспары:
1. Таныстыру
2. Өнерлі өрге жүзеді (әр жұп өз өнерін
көрсетеді. би, ән).
3. Кім
көп біледі (сұрақ – жауап).
4. Үй
тапсырмасы (қалдық заттардан бұйым
жасау).
5. Күз
сәні (күзгі сән үлгілерін
көрсету).
6. Күз
сыйы (күзгі көкөністерден, жеміс – жидектерден дайындалған салат,
оның жасалу жолы туралы айту).
7. Ханзада мен Ханшайым
биі.
Жүргізуші:
Армысыздар ұлағатты ұстаздар, ата-аналар және жалынды да
жігерлі жас достарым, Күзде әрбір мектептерде осы күз мерекесін
тойлайды. Алтын күз кештерін өткізу дәстүрлі мерекеге айналған. Сол
дәстүрді жалғастыра отырып, бүгінгі «Алтын күз» мерекесімен
құттықтаймыз. Өмірде жемісті, еңбекте табысты, оқуда озат, жанұяда
бақытты болуларыңызға тілектеспіз. Күз мереке, береке әкелсін,
молшылық болсын!
Берекелі де, мерекелі «Аялы күз, Алтын күз»
мерекелеріңіз құтты болсын !
Бастауыш сыныптар арасында ұйымдастырылып
отырған «Күз ханзадасы мен
ханшайымы » атты
сайысымызға қош келдіңіздер.
Жүргізуші:
Жүрегімнен шуақты жыр
естіртіп,
Жазым өтті отты тіл үлес
қылып.
Қарасам жан – жағыма күз
келіпті,
Сұрша бұлтқа күрсініс
ілесіп.
Күздің жел гуілдейді бір
сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме
тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып
жапырақ,
Қоштаспасын тек жаздағы
жыр сағым.
Жүргізуші:
Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты
қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың 4 мезгілінің
өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар.
Соның ішінде күз мезгілінің алатын орны ерекше . Күз адам баласына
молшылық, береке әкелетін мезгіл. Сондықтан да күзге берекелі күз,
алтын күз деп баға берген. Алтын себебі І-ден айналаның барлығын
сап-сары болуға тиіс, ІІ-ден алтын байлықтың белгісі. Міне екеуін
аттастырып, «Алтын күз» деп атаған.
Ендеше Халайық келіп отарған «Алтын күз» мерекесі әрбір
жанға құт –
Береке, ырыс пен табыс
әкелсін.
Көп
сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да қашпайық
біз.
Ал енді сіздер рұқсат
етсеңдер қанекей,
Жұптар сайысын бастайық
біз
Жүргізуші:
Олай
болса «Күз ханзадасы мен ханшайымы » атты байқауымызға қатысатын
үміткерлерді қошеметпен ортамызға
шақырайық.
Қарсы алыңыздар
кешіміздің үміткерлері Ханзадалар мен Ханшайымдар
.
1 - жұп: Нұртілек пен
Айдана
2 - жұп: Нұркенел мен
Ясмин
3 - жұп: Олжас пен
Роза
4 - жұп: Арсен мен
Алуа
5 - жұп: Бекзат пен
Мөлдір
Жүргізуші:
«Күз
ханзадасы мен ханшайымы » байқауының үміткерлеріне ақ жол деп
қошемет көрсетейік, құрметті көпшілік.
Жүргізуші:
Әділ
қазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі
әлем.
Жүйрік озар сайыстарда,
неше бір,
Сарапқа сал, әділдік пен
шеше біл.
Бүгінгі сайысымызға
қазылық жасайтын қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
1. Мектеп меңгерушісі:Машотова Гулжанар
Курмангазиевна
2. Мусағалиев Куаныш
Сұлтанұлы
3. Теміргалиев Гулжиян
Қуантайқызы
Жүргізуші:
Бағдарлама 7 кезеңнен
тұрады.
1. Таныстыру (өзін – өзі
таныстыру).
2. Өнерлі өрге жүзеді.(әр
топ өз өнерін көрсетеді).
3.
Кім көп біледі (сұрақ – жауап).
4.
Үй тапсырмасы (қалдық заттан бұйым
жасау).
5. Күз сәні /сән
үлгісі/
6. Күз сыйы (күзгі
көкөністерден салат жасау жолы).
7.
Ханзада мен Ханшайым биі
Жүргізуші:
Құрметті көпшілік
көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан
сенім
Ақжол тілеп үкілі
үміттерге
Таныстыру шартына кезек
бердім.
1
– сайыс.
Таныстыру
1 - жұп: Нұртілек пен
Айдана
2 - жұп: Нұркенел мен
Ясмин
3 - жұп: Олжас пен
Роза
4 - жұп: Арсен мен
Алуа
5 - жұп: Бекзат пен
Мөлдір
Әділ қазылар алқасы дайын
болса сайыскерлеріміздің бағасын
сұраймыз.
Жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар
қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән
салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге
алуға
Сайыскерлер аянбай жан
салыпты,-
«Өнерлі өрге жүзер »
сайысына кезек береміз
Әділ
қазылар алқасы сайыскерлеріміздің өнерлеріне баға
берсеңіздер
Жігіттер мен аруларымыздың өнерлеріне көп
рахмет айта отырып келесі
кезеңімізге
өтейік.
Жүргізуші:
3
сайысымыз . «Кім көп
біледі»
Ал арулар, сайысқа
қалайсыңдар,
Сендер өтер әлі де талай
сын бар.
Тапсырма ал қоржыннан
қымсынбай кеп,
Жауап берсең сұраққа
жарайсыңдар.
Әділ қазылар бағасын беру:
Жүргізуші:
4
сайыс Үй
тапсырмасы.
Әділ
қазылар бағасын беру.
Жүргізуші:
5
сайыс. Күз
сәні.
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын
тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып
қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін
ұсынамыз!
«Күз сәні » кезеңі бойынша, сән үлгісін
тамашалаңыздар.
Әділ
қазылар өз бағасын береді.
Жүргізуші:
6 - сайыс. Күз сыйы (көкөністерден салат
жасау)
Бұл кезеңде жұптарымыз
өздерінің қандай аспаз екендерін дәлелдейді. Жұптарымен бірігіп
сәнді де, дәмді салат
жасайды
Әділқазылар өз бағасын
береді.
Жүргізуші:
7 -
сайыс.
Көркімен жаз жадырап,
келіпті күз,
Сұлулықты көргенге
үміттіміз.
Қуаныш сыйлай берші бал
татыған,
Бимен айналады, қылықты
қыз.
Ендігі шарттарымыздың
бірі кеш биі, үміткерлеріміз әдемі әуенмен ырғақты билеп, бүгінгі
кештің нағыз Ханзада мен Ханшасы екенін көрсете білулері
керек.
Жүргізуші:
Сонымен қымбатты көрермендер, жан дүниесі, рухани әлемі
таза, адам баласының ең тамаша қасиеттерінің барлығын бойына
сіңірген арыстандай, жолбарыстай жүректі ер мінезді нағыз Ханзадаға
лайық жігіттерімізбен
Сыпайы да мейірбанды, ақ маңдай, ашық жүзді,
айдай сұлу жылы жүздерінен күн төгілген нағыз Ханшайымға лайықты,
ақылдыда парасатты қыздарымызды анықтайтын кезде келіп
жеттік.
Келешекте әлі талай
сайыстар бар,
Өнерлерің қиылдалсын,
қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен
күнге,
Өмір күрес әлі талай
жарыстырар.
«Күз ханзадасы мен
ханшайымы » байқауының нағыз Ханзадасы мен
Ханшайымын
Жариялау үшін ортаға
қазылар алқасын шақырамыз.
І
орын Арсен мен
Алуа
ІІ орын Олжас
пен Роза
ІІІ орын Бекзат
пен Мөлдір
Нұртілек пен
Айдана және Нұркенел мен Ясмин жұптарына мақтау қағаздары
табысталды.
Жүргізуші:
Қымбатты көрермендер Жеңімпаздарға биік шыңдарды
бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсіндей отырып кешімізді
осымен аяқтаймыз. Сау – саламат болыңдар!