400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Берекелі Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Берекелі Күз»

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата - аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, ата – аналар, әріптестер және осы шағын орталықтың бүлдіршіндері! Баршаңызды осынау сағындырып, сарғайып жеткен «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймыз! Біздің бүлдіршіндеріміз дайындаған ертеңгілігімізге қош келдіңіз!

Қуанышты ағайын

Қоңырауын қағайын

Қуандырып біздерді

Өлкемізге күз келді!

Тәрбиеші:

Ендеше не тұрыс

Болмасын жан қалыс

Тойлайық, күлейік,

Балаларды қарсы алайық.

Зал әсем безендіріліп, музыка әуені ойналып тұрады. Фанфар ойналып «Жұлдыздар» ортаңғы тобының балалары музыка әуенімен залға билеп шығады.
(Музыка. Құстардың дауысы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар бұл ненің дауысы?

Балалар: Құстардың дауысы.

Тәрбиеші: Ия, балалар дұрыс айтасыңдар, бұл құстардың дауысы. Жылы жаққа ұшып бара жатыр. Ендеше қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Күз мегзілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқайсыңдар?

Балалар:Күн суытады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, жапырақтар жерге түседі. Күн суытады, ауа — райы бұзылып, жаңбыр жауады.
Тәрбиеші: Біз көңілімізді түсірмейік. Күз мезгілі тамаша бізге молшылық, береке әкеледі. Ендеше бәріміз әнмен Күзді шақырайық:

Ән: «Күз, күз, кел, кел»

(Сазды әуенмен Алтын күз кіреді. Қолындағы жапырақтарын шашып жібереді)

Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Мен - Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын.
Ағайынды бәрі,
Шықса жасыл
Түссе - сары. Бұл не?

Балалар: Жапырақ
Күз ханшайымы: Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар. Мен өзіммен алтын жапырақтарымды алып келдім.

Тәрбиеші: Армысың Алтын күз, алыс жолдан шаршап келген боларсыз,отырыңыз, балалардың сізге арнаған өлеңдерін қабыл алыңыз.

Тақпақтар:

Амина

Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.

Армина

Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.

Мансур

Көбейді құт береке,
Астық толы қамбамыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.


Самир

Нан анасы - бидаймын,
Нанды елге сыйлаймыз.
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.

Бибигуль

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Азимхан

Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.

Алтын Күз: Рахмет балалар

(Музыка әуенімен саңырауқұлақ кіреді)

Саңырауқұлақ :Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таңыдыңдар ма?

Балалар.Иә,  таңыдық.

Саңырауқұлақ :Мен сендерді мейрамдарымен  құттықтауға келдім. Мен ормандағы ең үлкен саңырауқұлақпын, мен бәрін – бәрін білемін. Шын айтамын. Мен сендердін не ойлап отырғандарынды білемін.Сендер жаз қайта келсе екен деп отырсыңдар, солай ма?
Балалар:Иә
Саңырауқұлақ. Бірақ жаз қайта оралмайды

Әуен: Күн күркірейді.

Саңырауқұлақ: Қорқып кетеді. Бұл не?

Тәрбиеші: Күн күркіреп жатыр, жаңбыр жауады

Саңырауқұлақ: Мен жаңбырды жақсы көремін.

Тәрбиеші: Жаңбырды жақсы көрсеңіз ортаға шығып, біздің балалармен «Қолшатыр» ойынын ойнаңыз.

Ойын: «Қолшатыр»

Саңырауқұлақ: Ой қандай керемет ойын.

Тәрбиеші: Ал, саңырауқұлақ, сіз мауқымыңызды басып, отырып дем алыңыз. Ал біздің балалар күз мерекесіне арнаған өлеңдерін жалғастырсың. Қане тамашалайық.

Балалардың тақпақтары:

Тимур

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.

Кәусар

Жайдары күз, жомарт күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Татьяна

Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Алфараби

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкемізге күз келді
Кемелдеисін халқымыз.

Сезім

Айнала сары – ала,

Қырманда дән тола.

Жемістер пісіпті,

Қоймаға түсіпті.

Музаффар

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.


(Сиқырлы әуенмен Жел кіреді)
Жел:Ақалай мақалай, ақалай мақалай Күзді ұйықтатып тастайын. Қара бұлтымен күзді жауып тастайын.
Саңырауқұлақ Желдін артынан қуады.

Саңырауқұлақ: Кет-кет.  Жел сен неге күзді сиқырлап тастайсын. Күз бізге керек.

Жел: Мен күштімін, менен барлығы қорқады,Мен барлығын ұшырып жіберемін.

Саңырауқұлақ: Өтірік айтпа, сен мықты емессін
Жел: Жоқ мен мықтымын
Саңырауқұлақ: Ондай болса мықтылығынды көрейік
Ойын:«Кім жылдам»
Жел: Әне, көрдің бе, менің достарым қандай мықты? Біз көп жинадық
Саңырауқұлақ: Жоқ біз
Алтын күз: Достарым қойындар қонақтардың алдында ұят болды.
Тәрбиеші: Алтын күз, дұрыс айтады, бір-біріңізбен ренжіспеңіздер, одан да біздердің бүлдіршіндердің «Жаңғақтар» биін тамашалаңыздар.

Би: «Жаңғақтар»

Жел: Ой қандай керемет би.

Тәрбиеші: Біздің балалардың тамаша өлеңдері де бар.

Тақпақтар:

Назар

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.

Адия

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Марьяна

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.

Айлана

Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісті
Күзге бізде ризамыз
Аянбаған ел үшін.

Аяла

Қамба толды астыққа
Алғыс саған алтын күз.
Бір уыс дән шаштық та,
Қап - қап қауын алдық біз.

Төре

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз,
Елге бәрін сыйлайды.

Медина

Алтын, сары, қызыл, көк
Алуан - алуан жапырақ
Ағаштардан жамырап
Ұшты кенет жамырап



Алтын күз:Балалар, сендер мені жақсы көңіл-күймен қарсы алып жатқандарына өте қуаныштымын. Өнерлеріңе көп рахмет. Мен де бос қол келген жоқпын. Мынау себеттегі көкөністер мен жемістер сендерге деп алып келдім.

Жел: Ой, балалар мен кетейін. Сау болыңдар.

Саңырауқұлақ:Жел тоқта мен сенімен бірге кетейін. Сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші: Сау болыңдар.Ал құрметті қонақтар ертеңгілігімізді«Күз» әнімен аяқтаймыз.

Ән: «Күз»

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар,қонақтар біздің күз мерекесіне арналған «Берекелі Алтын күз» ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі мерекеде жүздескенше сау болыңыздар!











Көкшетау қаласы әкімдігі жанындағы «Бота» шағын орталығы МКҚК











«Жұлдыздар» ортаңғы тобы



Shape1

(ертеңгілігі)










Тәрбиешілер: Шарипова Қ.Т.

Кулболдина Г.С.











Көкшетау 2020 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
494
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі