Материалдар / Берекелі Алтын күз

Берекелі Алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
МД жас педагогтарға көмек
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған»» ертеңгілігі (ересек топ)

Тақырыбы: «Берекелі алтын күз»

Мақсаты:Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді тауып, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністер-ді ажырата білуге, оның сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтары мен ән билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.

Жүргізуші:  
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, және балалар! Табиғаттың әсем мезгілі «Берекелі алтын күз»мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше«Берекелі Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. «Аққу» тобының бүлдіршіндерін қарсы алыңыздар!

Би: «Вальс»
Жүргізуші:

Ал, балалар,балалар,
                    Енді бері қараңдар
                    Бізге қонақ келмекші
                    Сендерді бір көрмекші
                    Әуелі жұмбақ жасырам
                    Қулығымды асырам.
                    Таба алсаңдар шешімін
                    Қонақты  ортаға шақырам.


«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар?
(Күз)

(Желдің уілі естіліп, залға сазды әуенімен Күз ханшайымы келіп кіреді)

Күз ханшайымы :

Уа халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,

Алмақ болып бар халқымның алғысын

Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер мені таныдыңдар ма?Мен кіммін?

Дұрыс айтасыңдар балалар ....

Жүргізуші: Балалр ендеше біз күз ханшайымына арнап әнімізді айтып берейік

Ән: «Күз келді»

Алтын күз: -- Жарайсыңдар балалар. әндерің қандай тамаша, мен де сендерге құр келмедім өзіммен бірге сары жапырақтарымды ала келдім.Ендеше жапырақтарымды ортаға шақырайын.

Би: «Жапырақтар» (Алина, Амина, Аружан, Асылым, Аруна, Мунира)

Тақпақ: Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар аунайды.
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.

Ойын: Ата-анамен

«Фон саңырауқұлақ кіреді» үлкен персонаж

Саңырауқұлақ: Сәлеметсіңдерма балалар алтын күз мерекелерін құтты болсын! Жүргізуші: Сәлеметсіңбе саңырауқұлақ қош келдің. Біз балалармен күз мерекесін тойлап жатырмыз,сенде бізге қосыл.

Саңырауқұлақ: тМенің достарым осы мерекеге асығып келе жатыр еді.Әне өздеріде келеді.Сендермен бірге мерекені тойлауға болады ма?

Би: « Саңырауқұлақ» (Санжар, Ғизат, Даниял, Аслан, Керей, Жәнібек, Адил, Әбунәсір)

Тақпақ:Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық.
Шуылдайды тал, терек,
Жапырағын жұлғызып.
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды

Фон диқаншы

Диқан ата:Сәлеметсіңдерме балалар!!.Балалар сендер мені таныдыңдар ма? Мен ала жаздай бел жазбай дәнді дақылдардың түр - түрін жайқалттым. Ел қамбасын толтырып, астығын ұн етіп, тары, күріш, жүгерісі мен күнбағыстарын жинап қысқа дайындалып қойды, қарындары тоқ, қайғылары жоқ бұның барлығы менің арқам.Сендер білесіңдер ме біздің дастарханның сәні нанның бізге қалай келетінін білесіңдер ме?Ендеше бәріміз бірге диқаншылардың еңбегін тамашалайық....



Би: «Диқаншылар» (Ұлдар: Бекназ, Алихан, Хантөре, Расул, Әмір, Мұхаммедали

Қыздар: Аяна, Даяна, Амира, Адия, Фариза, Камила)

Тақпақ:

Қуандырып біздерді
Кел жемісті алтын күз,
Өлкемізге күз келді
Кемелденсін халқымыз.
Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

Сәбіз бен Алма: Сәлеметсіңдерма балалар,сендерде қандай мереке болып жатыр? Сәбізжан мына балабақшада жемістер мен көкеністен басқасының барлығы жүр ғой ,сендер неге бізді мерекеге шақырмадыңыздар?

Алма:Иә иә дұрыс айтасың сәбізжан ,біз сендерге өкпеледік,енді сендерге дәрумендерімізді бермейміз.....

Тәрбиеші: Алма,сәбіз сендер бізге өкпелемеңіздер,дәрумендер балалар үшін өте пайдалы. Келесі жолы міндетті түрде шақырамыз.

Ойын: Балалармен -Ия, барлықтарың өнерлі, білімді екенсіңдер, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр, бұл ойын - «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты: бес бала ортаға шығып, музыка әуеніне билейді. Музыка тоқтай қалғанда жерде жатқан бір жемісті жылдам ала қалуы керек, кімге жеміс жетпей қалды, сол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында билеп жүрген екі баланың қайсысы жемісті бірінші боп алса, сол бала жеңімпаз болады. Ендеше бастайық!( Ойын ойналады)

Сәбіз: Міне біз бүгін орталарыңа өзімнің байлығым көкеністерім мен жемістерімді ерте келдік.Жаз бойы күтіп баптап күздің келуін асыға күттіңдер.Көкеністерім мен жемістерімді қабыл алыңдар.

Би: «Көкеністер мен жемістер»

Тақпақ:

Айнала сары ала, Қырманға дән тола. Жемістер пісіпті, Қоймаға түсіпті.

Жүзім, алма жинаймыз, Алтын мақта тереміз. Үлкендерді сыйлаймыз, Көмектесе береміз.

Алтын күз: Өте жақсы,әдемі билейді екенсіңдер, рахмет сендерге қыздар. Қандай керемет! Қандай ақылды балаларсыңдар! 

Тәрбиеші:Енді әсем әнімізді қабыл алыңыз!

Хор: «Жаңбыр»

Алтын күз: -Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Менің қайтатын кезім болды. Аман есен болыңдар .Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Мынау менің сендерге әкелген сыйым, дәм татыңдар! Рахмет сендерге. Қош болыңдар! 
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).  Ал, келген қонақтарымызға сауболыңыздар –дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.

























ЖИ арқылы жасау
15 Қараша 2023
210
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі